0 дауыс
626 көрілді
Болашақ педагог мамандардың мәдениетін қалыптастыру тақырыбында реферат керек?

1 жауап

0 дауыс

Мәдениет(арабша «маданият»- қала, қалалық )- белгілі бір халықтың  қол жеткізген табыстары мен шығармашылығының жиынтығы. Адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды.

Мәдениеттілік кең мағынасында, адамзат баласы өмір сүріп отырған жер шарында қоғаммен адам, табиғатпен адам, жаратылыспен адам арасындағы тепе-теңдікті, тұрақтылықты қамтамасыз ететін категория. Өйткені мәдениеттілік мәдениет атауының бір белгісі ретінде ғана емес, жалпы  өркениет  жолында қаланған кірпіш.

Мәдениеттіліктің қазіргі қоғамдағы сипаты  қандай деген сұраққа жауап іздейміз.Ғылыми еңбектерде мәдениеттілікті  екі  түрге бөліп қарастырады. Олар тұлғалық, қоғамдық. Тұлғалық- әрбір адамның қалыптасуындағы қасиеттер мен ерекшеліктер  болып табылады. Ал, қоғамдық- қоғам  мен адам арасындағы қарым-қатынас көрсеткіші.

Мәдениеттілік ең алдымен  белгілі бір қоғамды қалыптастырушы әрбір адамның мәдениетіне келіп саятын ұғым. Әрбір адам, соның ішіде жастар мәдениеті  қай кезде де, қай қоғамда да негізгі айрықша мәнге ие. Алдымен жастар дегеніміз кім соны анықтайық?

Жастар –толыққанды ақыл –ойы дамыған, кәмелет жасқа толған көкірегі ояу, көзі ашық, нағыз ұлттың баласы.Ертеңгі болашақтың іргетасы. Қазіргі заман ағымындағы жастар бойынан мыналар табылуы тиіс:

Синергетика - бірлесіп әрекеттесу, ынтымақтасу, өзін –өзі дамыту;

Тұлға – дербес әрекет ететін субъект, адамның қоғамдық өмірінің дара нысанасы;

Элиталық білім –дарындылықты кеңейтуде негіз болатын білім ордасында білім алу нысаны;

Адаптация – бейімделу;

Толеранттылық – төзімділік, шыдамдылық, төзе білу;

Интелектуалдылық –« Кемел адам»;

Яғни, осы криитерилер арқылы жастарға анықтаманы беріп алдық. Ендігі мәселе жастар мәдениетінің өзіне келіп тіреледі.Жастар мәдениетінің қоғамдық деңгейде 4 парадигмада қарастырсақ:

Ғылыммен айналысу
Білім алу
Спорт   

Өнер, осы парадигмалардың ықпалы  болашақ қоғам құрудағы өзекті  тақырыпқа айналары сөзсіз.Еліміз етек жиғалы, сан ғасыр тарихын бастан өткеріп, енді ғана тұсауын кескен баладай әлем нарығына, әлем аренасында өз күшін сынауда.

 Әрине бұл ғылыммен дамитыны анық.Ақпараттық технология өріс алып, ғылымға жаңа бетбұрыс жасалуда.Алдағы жоспардағы  EXPO-2017 көрмесі жаңа ғылымның, жаңа ғасырына айналмақ. Осы жолда жасалынып жатқан жобалардың авторы түгелімен жастар командасы.Ғылымға үлес қосу арқылы мәдениет ошағының отын жағасың, түтіні шығып төңіректі  уландырса ол сенің жетістігің.Жаңа технологияны меңгеру, әлем мәдениетімен сабақтасып жатыр.Сонымен қатар лингвистикалық тұрғыдан жасалынып жатқан жаңалықтардың өзі жастар жаршысында.Өзекті арнамызға айналып отырған білім алу парадигмасы жаһандану үдерісінің басты тақырыбы. Қазақстанда білім беру сапасы ауыз толтырып айтпасақта, елдің орта шеніне жеткен. Білім беру, білім алушыға сыйақы іспетті. Ол қалай, сыйақыны аласың керегіңе жаратасың , мұның ерекшелігі сенен әр кезде, әр секундта, әр мезетте есеп алып отырады.Біз бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосыламыз деген мақсат қойдық. Мақсат анық, қалай жетеміз? Міне, сұрақ!бұл жолға сапар шегуге сенің де, менің де міндеттемем бар.Демек, білім алу керектігі туындайды, бұл қажеттілік мәдениетке барып жүгінеді. Мәдениеттің қосар ақылы тұрақтылық. Білімге деген тұрақтылық, ғылымға деген тұрақтылық, отанға деген тұрақтылық. Ал, білім алуда мәдениет егіз ұғым, ұғымнан пайда болар түсінік жақсы жағдай жасау.Данышпан даналар мұрасын жалғастыруда, бабалар аманатын арқалауда  білім алу жетістігі игі қадам.             Келесі парадигма спорт жайында. Өрісі өріліп, тынысы кеңейген мына дәуренде алған жетістігіміз баршылық. Спорт мәдениеттің үнсіз, қимылды тілі.

          Еліміздің соңғы жетістіктері түгелімен жастардың еншісіне тиіп отыр. Негізгі бағыт  саламатты өмір салты болса, жетістікпен жылы тонды кию. Бүгінгі жетістігіміз қандай? Жетістікке жету бар, ал оны жетілдіру бір бөлек.Кеше ғана тұсауы кесіліп өткен Алматы қаласында ұйымдастырылып жатқан шаңғы ойын жарыстары түгелімен жастар игілігіне айналған. Ал, өнермен мәдениетті бөліп жару оңай шаруа емес. Өнерде де жастар, театрға баратында жастар, ән айтатында жастар. Қарап тұрсақ мәдениетті құраушы жастар ма деп қаласың. Халықтың тек материалдық жағынан байығанын көрмей, рухани бай ұлттық тәрбие, ұлттық мінез негізінде қалыптасады.  Су астында жатқан тас мөлдір, әсем болып көрінері анық, су бетіне шыққанда құрғап, сәні кетіп, табиғи сұлулықтан айрылғандай болып көрінеді. Уақыттың бедеріне үңілсек, біз бағындырар мәдениеттілік тасы су астында өрбуде. Демек, бізде мүмкіндік көп.

Адамның әлемге көзқарасы емес, әлемнің адамға көзқарасы болу керек.Осы тұрғыдан келгенде Қ.Сатпаев : «Менің халқым менен де биік» деген.Мәдениет деңгейін анықтайтын тылсым сырларды сараладық, нақты сұраққа көшсек. Жастар мәдениетті ме?

«Жер астында жүз жыл жатсада шірімес» даналар  өсиеті, тамырларын бойлай аққанда мәдениетсіздікке жол беру қолдан келе ме. Әрине ,қазірде жастардың бәрін мәдениетті деп айтпасақта, күнделікті өмірде оның форматтарының өзгергенінің куәсі болып жүрміз.Келер тоқтамымыз «Жастар – мемлекеттің қозғаушы күші. Мәселен, Қазақстан Республикасының  мемлекеттігін көрсететін рәміздері болса, мәдениетті танытатын қозғаушы күш жастар болып табылады.Дәлел келтірсек, Еуропа мемлекеттерінде болын, көршілес мемлекеттер болсын бәрінде дерлік қарт адамдар сан жағынан басым. Ал, керісінше жастардың үлес салмағы басым. Жаңа көлік жылдам жүре ме, ескі көлік жылдам жүреме...

Елімді жамандама шығар төрім,

Жерімді жамандама кірер көрің  деп Бәйкен Әшімов айтқандай, елдің негізгі статусы жастар болмақ, біз оларды мәдениетсіз деп қарасақ,  ертеңгі ұрпақ статусы қалай болмақ! Мәдениетті жастар қалай болмақ? Елбасымыз іргетасы қаланған елдің жастарына сеніммен, үмітпен қарау яғни

«Жастарымыз салт –дәстүрімізді  көздің қарашығындай бағып жүретін, көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттық озық ой көгінде ағып жүретін  дей болуы тиіс».

...