Микрогофракартонға арналған тілгіш станок туралы ақпарат керек?

0 дауыс
215 қаралым
Микрогофракартонға арналған тілгіш станок туралы ақпарат керек?
• Санаты: Физика

1 жауап

0 дауыс
Ықшам жартылай автоматтандырылған ұзыншақ тілгіш қысқыш. Іс жүзінде тигельді қысқыштың эволюцтялық жалғасы болып табылады. Аппарат жедел баспаханалық жұмыстарда азғантай және орташа тиражды жұмыстарды орындауға арналған. Штанцы түріне қарай қорапшалардың бүкпелері, көлемді күнтізбелер (кішігірім пирамидалар, кубиктер, рктаэдрлар), пазлдар, фирмалық тілкемшелер, төсемелер (стакан астына қоғыштар) және т.б.-ларға тілік жасалады.
Тілгіш станоктағы тілу операцияларының принципі тигельді қысқыштарда қолданылатын түрлерінен ерекшеленеді – штанц қалып барлық жерде бірден тілік жасамайды, өзін басып тұрған қысқыш валдын арасымен жүріп отырады, осылайша қажетті тілік штанцтың вал арқылы өтіп тұрған жерінен түседі.
Тілінетін материал – қалыңдығы 1,5 мм-лік қағаз немесе картон. Қысқыштың валы арасындағы саңылауды 20-дан 72 мм-ге дейін өзгертіп отыруға болады. Бұл әр түрлі биіктіктегі штанц қалыптарды қолдануға, сондай-ақ, жұмыс кезінде түрлі түзетулер жасауға мүмкіндік береді. Төменгі вал қозғалмастай етіп бекітілген, ал үстінгі вал екі жерінен реттеледі. Реттегіш бұрандалардың контрқатырғыш саптары болады. Беткі панельде валдардың арасындағы саңылаудың кеңдігін көрсететін шкалалар орнатылған.
Машинаны іске қосу үш позициялы қосқыш арқылы жүзеге асырылады. Олар ажырап тұрғанын, үнемі қосылып тұрғанын және машинаның аяқ басқыш арқылы іске қосылатынын көрсетеді. Қысқыш 220В кернеулі екі фазалық желі арқылы жұмыс істейді. Тұтыну қуаты – 1кВт.
Максималды жұмыс ені 440 мм
Клишенің максималды биіктігі 72 мм
Қағаздың (картонның) максималды қалыңдығы 1.5 мм
Ұзындығы 720 мм
Ені 510 мм
Биіктігі 320 мм
Салмағы 53 кг Тілгіш станокқа екі жылдан кем емес уақытқа кепілдік беріледі.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
29.01.2017 • Санаты: Физика Белгісіз сұрақ қойды
127,776 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,814 қолданушы