+1 дауыс
344 көрілді

"Қазаққа дағдарыс келмейді. Тойын тойлап жүре береді?" деген теріс түсініктен қашуымыз керек. Тойды жасау және жасамау әркімнің жеке шаруасы дегенімізбен де тойды барынша беталды шығынсыз жасауға тырысу керек.Егер сіз бай-манап болмасаңыз мынабір ескертулерді оқи салыңыз. мүмкін пайдасы тиер. 
Азық-түлік, мейрамхана шығындарын былай қойғанда асаба, әнші дегендей шығындар бар. Тойға асаба, әнші, қырса 1-2 би номері ғана керек.

Қазіргі таңда тойыңызда көгаршын ұшырудың текке қажеті жоқ секілді.15-20 мыңыңызды қалтаңызға алып қалыңыз. Көгаршындардың бір күнде 3-4 тойға барып шаршайтынын, кейде беталды ұшып, дастархандағы тамақтарға қауырсындары мен мамықтарының түсіп жататынын көріп жүрміз. Мысалы, тауық қорада немесе кептерлердің арасында отырып тамақ жемейсіздер ғой.

Анабір көбік шашып, адамдарды жөтелтіп-шашалтатын түтін шығаратын нөмірдің де текке қажеті жоқ. Соларға беретін 20 мың теңгеңізге алда не ала алатыныңызды бір екшеп қойыңыз.

Театрланған қойылымдардан мүлдем бас тартқан жөн. Қызды ұзатқанда, келінді кіргізткенде жеңгелердің рөлін сомдау 2-3 шумақ өлең жолдарын жаттап алған адамдарға беретін 15-20 мыңыңызды да қалтаңыздан суырмай-ақ қойыңыз. Қызды жақын-жуық өз жеңгелері қолтықтап шығарып салуы тиіс. Актер шығарып салған қыз ертең ана жаққа барып актерлық өнерін көрсетіп жүрмесін. Ырымға жаман екен.
Қалыңдықты шырақпен (отаумен) кіргізтуге не үшін 25 мың теңге беруіңіз керек? Беталды, қажетсіз шығынның бірі осы. Баяғыда келіннің бетін жеңгелеріне екі жағынан орамал ұстатып қойып та аштыра беретін. Жігіт жолдас пен қыз жолдас ұстап тұратын тойларда болған. Ендеше бұны тойда шешуші рөл атқаратын дүние деп қабылдауды қою керек.

Көп әнші шақырып қажеті жоқ. 1 жігіт,1 қыз әншіңіз болса жеткілікті. Тіпті, бір әнш алсаңыз да болады. Тойға келген 150 мейманның ішінен кемінде 4-5 қонақ суырылып шығып ән айтады. Ендеше әрқайсына екі ән айтқызту үшін 5-6 әншіге шығындалудың қажеті жоқ.

Телебзірден көріп жүрген жұлдыз асабаны несие алып шақыруды тоқтатыңыз. Ауыл маңайында солардан артық жүргізбесе кем жүргізбейтін жігіттер жетеді. әрі елдің жағдайын біледі және көпшілікті таниды. Кімнің кім екенін жобалап отырады. Қанша жерден ауызын айға білеген асаба болса да қара басына 80-100 мың беру кейде ысырапшылыққа ұқсайды. Өзіндік ерекшелігі болса кәнеки? Әйтпесе анау ақынның бір өлеңін, мына жыраудың бір жырын жаттап алып, әркімнен қалған әзілдерін тықпалап отырса 100 мың төлеудің не керегі бар. 30-50 мың теңге аралығында тап-тамаша асабалар табуға болады.

Айсұлтан

1 жауап

0 дауыс
Несие алып той жасағандар нағыз ақымақтар. Олай той жасап кімді таң қалдырады, той жасағаны не теңі, жалтырайды бір жері. Той жасағысы келген адамдар  алдын ала  ертерек ақша жинап қамдану керек, міне сонда нағыз той жасасаң жасай бер. бәрі орынды болады.
...