Адам кішкентай кезінен бастап ауаға, тамақ жеуге тәуелді болатыны сияқты бір-бірімен қарым-қатынасқа да мұқтаж болады. Әлеуметтік желілер кейбір адамдардың осындай қажеттіліктерін өтейді.
Мысалы адам өмірде тұйық, онша көп сөйлемейтін болса, ал әлеуметтік желіде керісінше тым белсенді болуы мүмкін. Суреттер салып, неше түрлі статустар қоюы мүмкін. Және оған лайктар басылған сайын өзінің эгосы қанағаттанады.
Әлеуметтік желіні мүлдем қажет емес деуге де болмайды, бірақ орынды, саналы түрде пайдалансаңыз пайдасы бар.
Көп уақытыңыз әлеуметтік желіге кететінін сезсеңіз, онда әлеуметтік желіден жойылу (удалить аккаунт) қызметі барлық әл. желіде бар. Сол арқылы жоя аласыз. Не болмаса өзім пайдаланатын бір әдіс бар. Бір уорд құжат ашып ағылшынша өтірік пароль құрам да оны сол өшіргім келетін әлеум. желінің пароліне ауыстырамын. Және содан кейін байланған телефон нөміріңізді де сындырып лақтырып тастасаңыз болады. Содан кейін "удалить" етесіз.
Бірақ әл, желіден кетерде ойланыңыз, мүмкін шынында да сіз керекті нәрсеге пайдаланып жүрген шығарсыз?