Картоп түйнегі маңызды биологиялық қасиеті-тыныштық күйі кезеңімен сипатталады, мұның өзі тұқымдық материалды келесі өніміне зиян келтірмей күзгі-қысқа кезеңде сақтауға мүмкіндік береді. Тыныштық күйінің ұзақтығы картоптың сорты мен сақтау жағдайларына байланысты. Қысқы сақтау режимін дұрыс қолданғанда картоп түйнегі 6-7 ай бойы өспей жақсы сақталады
Картоп түйнегі адам организмінің қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы витаминдер (С, В, А, Р, К) мен минералдық тұздардың маңызды көзі. Картоп, әсіресе сауын малы, шошқа және құстар үшін малазықтық дақыл ретінде жоғары бағаланады. 100 кг картоп түйнегінде 31 азықтық өлшем және 1,6 кг қорытылатын (сіңімді) протеин бар. Картоп көптеген ауыл шаруашылық дақылдарына жақсы алға дақыл, тыңайтқыш пен мелиорацияға қайтарымы мол. Жоғары агротехника жағдайында бір орынға қайта отырғызуға, тіпті дара дақыл ретінде өсіруге болады. Сонымен қатар, картоп-бір өлшем жерде жоғары өнімді құрайтын потенциалды мүмкіндігі бар өнімді далалық дақылдардың бірі. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстанның алты облысы мен Қарғанды облысында республикадағы картоп егістігінің ( 212 га) 60%-тен астамы шоғырланған. Аталған облыстардың картоптан, әсіресе суармалы жерелерде, жақсы өнім алуға мүмкіндік береді.