1.
Автоматты телефон станциясы (АТС) (Автоматическая телефонная станция (АТС)) - бір телефон аппаратындағы шақырыс сигналын басқа аппаратқа автоматты түрде жіберетін құрылғы. АТС-ке алғашқы патент (US Patent No. 447918 10/6/1891) 1889 жылы американ өнертапқышы Элмон Строуджерге берілді. АТС жұмыс істеу принципі мынадай: құралдардың жұмыс істеуіабоненттің бақылауымен, АТС-тің басқару құралдарымен қашықтан бақылау арқылы жүзеге асады, ал олардың дәйектілігі алдын ала анықталып, автоматты түрде орындалады. АТС-тегі әрбір шақыруға қызмет көрсету кезіндегі барлық іс-әрекеттер, тығыз байланысқан процестердің күрделі жиынынан тұрады. АТС құрылғысы жалғаушы құралдардан, сигнал беруші құралдардан,басқарушы құралдардан тұрады. АТС құрылғысының негізгі жалғаушы құралдарына іздегіштер мен жалғағыштар жатады.
АТС-тің түрлері
АТС-тің түрлері төмендегілер жатады:
-машиналық;
-электромеханикалық (декадты-қадамды және координатты, квазиэлектронды);
-электронды;
-цифрлық (дәстүрлі және IP).
3.
Кабель (голл. kabel – канат, сым арқан), электрлік– сырты қорғағыш қаптамамен қапталған, бір не бірнеше оқшауланған өткізгіштерден (ток өткізетін талсымдардан) тұратын өткізгіш. Кабель электр энергиясын және сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады. Кабель арналу мақсатына орай күш кабелі (электр энергиясын тасымалдайтын), байланыс кабелі (сигналдарды тасымалдайтын), радиожиіліктік кабель (жоғары жиіліктік) болып бөлінеді. кабельдің құралымы оны тарту (су және жер астында, ауада, зиянды ортада, т.б.) және пайдалану ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып жасалады. Мысалы, Атлант мұхиты арқылыЕуропа мен Солтүстік Америка арасындағы алғашқы кабельді байланыс – күшейткіштері бар монтаждалған герметикалық коаксилді кабель жәрдемімен жүзеге асырылды (ұызндығы 4000 км). Күш кабелі талсымдарының көлденең қимасы тасымалданатын электр қуатының шамасына сәйкес 10 – 150 мм2 болады. Кез келген кабельге тән ортақ элементтер: ток өткізетін талсымдар, оқшаулама және сыртын қаптайтын қаптама. Ток өткізетін талсымдар алюминийден немесе мыстан жасалады. Пайдалану мақсатына орай кабель бір сымды немесе көп сымды болады. Кабель оқшауламасы диэлектрик материалдардан жасалады, олар ток өткізетін талсымдарды бір-бірінен және қаптамадан бөліп тұрады. Көп талсымды кабельге жұмыр пішін беру үшін арнаулы құрсаулық оқшауламамен (1-суретте) қапталады. кабельдің цилиндр формалы қаптамасы оқшауланған ток өткізетін талсымдарды ылғал мен химиялық заттар әсерінен қорғайды. Әдетте, қорғасын не алюминийден жасалынған қаптама қолданылады. Пластмасса оқшауламасы бар кабельдердің қаптамасы әр түрлі поливинилхлоридтерден, ал резина оқшауламасы бар кабельде – резинадан жасалады. Қаптаманы мех. зақымнан, тоттанудан қорғау үшін қорғауыш жамылғымен (бронмен) орайды. Бронды қабат ретінде қалыңд. 0,3 – 0,8 мм болат лента пайдаланылады. Кабель керу күшінің әсеріне шыдау үшін сыртына диам. 1,4 – 6 мм мырышталған болат сым оралады. Жоғары кернеулі күш кабелі тармағының ортасы қуыс болады, ол арнайы минералдық маймен толтырылады (2-сурет). Жоғары қысымды Кабельдің оқшауланған тармақтары 15 – 20 ат. қысымдағы маймен толтырылған болат құбырға орналастырылады. Қазақстанда кабель өнімдерін жасаумен “Қазэнергокабель” акционерлік қоғамы шұғылданады (1999). Оның өндірістік қуаты жылына АВВГ, ВВГ күштік кабельін өндіру – 850 км; АКВВГ, КВВГ балқымалық кабельін өндіру – 600 км; АПВ, АППВ қондырғылау кабельін өндіру – 2800 км; А, АС жалаңаш сым өндіру – 500 тн; МФ, МТ-2 троллей сымын өндіру – 200 тн.
Түрлері
1)Коаксиалды кабель (коаксиальный кабель; coaxial cable) — 1) орталық өткізгіштен және металдан өрілген (торланған) сыртқы экраннан тұратын электр кабелінің бір түрі. Өткізгіш пен экранның арасы айырғыш материалмен толтырылған. Орталық өткізгіш пен экран осьтерінің дөл келуі коаксиалды атаудың шығуына түсінік береді. Мәліметтер жеткізу жылдамдығы 5-10 мбит/с шамасында; 2) теледидар кабеліне ұқсас,сырты экранды қабықшамен қоршалып, диэлектрикпен қапталған бір өткізгішті өзегі бар кабель. Олар жоғары жылдамдықты терминалдарда және басқа да компьютер кұрылғыларында пайдаланылады