Шымкентте желтоқсан айына дейін 5 мың гектар жасыл белдеуге ағаштар отырғызылады...

0 дауыс
479 қаралым
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент жасыл қалаға айналмақ. «Жасыл аймақ» бағдарламасы аясында көшет егу жұмыстары қаланың төрт бөлігінде жүргізілуде. Олар 1700 га алқапты алып жатқан «Айкөл», 385 га «Ақтас», 300-ге жуық га «Бөржар» мен 100 га «Қайнарбұлақ» учаскелері. Бүгінде осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында құрылған «Жасыл аймақ» мекемесінің мамандары қаланың батыс бөлігіндегі 2500 гектар алқапқа ағаш көшетін егу жұмыстарын бастады. Жасыл белдеуге желтоқсан айына дейін 3 млн. түп қарағаш егіледі. Бұл жұмыстарға 23 техника мен 120 жұмысшы жұмылдырылған. Нәтижесінде Шымкент қаласындағы жасыл желек 5 мың гектар алқапқа ұлғайып отыр. Егіліп жатқан көшеттің бәрі облыстағы тәлімбақтардан алынып отыр. Бұдан бөлек қаламызда аумағы 200 гектарды құрайтын қоғамдық бақ та құрылады. Бақта алма, шабдалы алмұрт секілді жеміс ағаштары өсіріледі. Бұл Қазақстанның өзге қалаларында әзірге баламасы жоқ бақ болмақ. Сонымен шырайлы Шымқала алдағы уақытта жасыл желекке оранып, бұрынғысынан да көркем бола түспек. Түрлі жеміс-жидекке толы бақтың өнімдері Шымкентте бұрынғы көшеттерден өзгерек болады. Елімізде мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отырған «Жасыл аймақ» бағдарламасы оңтүстік өңірде қарқынмен жүзеге асырылуда. Сіз не дейсіз? Ойыңыз қандай?
Жалпы сұрақ

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Үшке үшті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы