Тас керең болып қалғанға дейін оның есту қабілеті соншалық нәзік еді. Бұл дерттің себебін ешкім білмейді, біреулері безгектен болды дейді, біреулері ми шайқалуының зардабы дегенді айтады, үшінші біреулері есту жүйесінің склерозға айналуы деп те жүрген. Отыз жасында ол ауруын жасырып-ақ бағады. Бірақ күрт асқынып кеткен кереңдік, ел көзіне байқалмай қала алмады... Ешбір дәрі-дәрмектің пайдасы болмады, ал сәтсіз қолданылған вибротерапиясы ақыры тас керең етіп шығарды. Бастапқы кезде достарымен арнаулы түтік арқылы сөйлесіп жүрді, кейіннен кереңдерге арналған дәптерді пайдаланды. Бірақ не десек те, сол сұмдық дертті өзі данышпан шабытына бөгет бола алған жоқ. Күннен күнге шығармашылығы үдей түсіп отырды.
Өзінің Тоғызыншы симфониясының премьерасында дирижер пультінде тұрғанымен оркестірді басқарған оның сол жағын ала екі адым жерде тұрған басқа капельмейстер болатын. Автор өз музыкасын да, зал ішін жаңғыртқан ұзақ қол шапалақтауды да естіген жоқ.
Ол содан кейін екі жыл өмір сүріп, наурыз айында бұрын Венада болып көрмеген дауыл кезінде қайтыс болды. Өлер алдында: «Мен ғайыптан еститін болам әлі», – деп сыбырлап жатыпты.
Оның кереңдігі талантын ашқандай көрінеді. Жасы отызға жақындағанда, алғашқы белгілері байқала бастаған екен. Елуде мүлде естімей қалады. Енді мынаған қараңыз: Бетховеннің ұлы шығармалары тас керең болып қалған кезде дүниеге келген. «Элиза», «Ай сонатасы».