–1 дауыс
424 көрілді
Жанның тынышталуы үшін, өзге әлемге саяхат жасау үшін не істеу керек? Меніңше, ән тыңдау керек. Құлақтың құрышын қандыратын, демалдыратын әсем әуен... Маған теңіздің жағасында серуендеееп, самал желдің әсерінен шашым ұшыып жүрген күйді кеңседе отырып сезіндіре беретін бір ән бар, ол - "ғажайып күй". Бұл әннің авторы туындыны дүниеге әкелгенде небәрі 18 жаста болыпты. Талант жас таңдамайды ғой, төбесіне барып қона салған)) Қазір ойланып отырмын, менің жасым 23-те, көрінетін, бір марқайып мақтанатын түк істемеппін.

1 жауап

+2 дауыс
Тыныштық күйде жатып көзімді жұмып, өзімнің армандарымды жарқын болашағымды ой елегінен өткізгенді жақсы көремін.

Автобустың соңына отырып алып құлаққаппен өлең тыңдап айналаны бір шолып өткен ұнайды. Рахат алатының соншалық автобустан түскін келмейді.

Сурет салу. Мультфильмнің суретін балаларға салып бергенді жақсы көремін. Олардың таңқалысы суретке деген шабытты алып келеді.

Кішкентай балалардың үй алаңында ойнауы. Кіршіксіз таза оймен нағыз бақытты шақты еске аласың. Менің жанымды осылар тыныштандырады.

Табиғатқа шығу, биіктен қала көрінісін бақылау да жанды тыныштандырады. Бірақ мен де ондай мүмкіндік жоқ. Сондықтан қолдана алмаймын.
...