неге жастар...

+1 дауыс
274 қаралым
неге жастар тезірек есеюге асығады?
Тұлға, Адам

5 жауап

+4 дауыс
Мен асықпаймын. Әр нәрсенің өз уақыты бар.
+2 дауыс
Сулу, ол жастар емес адамға тән қасиет.

...келмей жатып кетуге асығамыз, таныса сап, дайынбыз қоштасуға... деген сияқты, үлкендер де бұрынғы асығатын жастар, тек олар қайда асығатындарына әлі күнге дейін жауап білмейді.
+3 дауыс

Бәзбіреулерше "ойна да, күлдің" буымен жүргенше ес жиярлық кезге ерте жеткеніміз де жөн ғой.

+3 дауыс
Қатардан қалмау үшін шығар,тезірек оқу бітіріп,жұмысқа шығып,еңбекақы алып,отбасын құрып,орнықты тіршілікке жетуге асығатын болар.
+4 дауыс

Өйткені, біз кішкентай кезімізде үлкендерді көріп, олар өздері шешім қабылдайды, не істесе де өз еріктерінде, ешқандай уайым-қайғы жоқ сияқты көрінеді.

Ол кезде біз баламыз, өмірдің ащы-тұщысын көрмегенбіз, айналадағының бәрі жақсы (идеально) көрінеді. Кішкентай кезіңді үлкендер мынаны істе, мынаны істеме дегендерін түсінбейтін едік, неге олай айта береді деп... өзіміздікі дұрыс сияқты көрінетін еді..

Бірақ есейе келе біз қалай өсіп қалғанымызды байқамай, өзіміздің жеке проблемаларымыз, өзің шешім қабылдау керек кездер болғанда есейгеніңді бірақ түсінесің...Балалық шаққа қол бұлғап, "үлкендерше"  өмірге кете береміз... 

 

 

 

127,680 сұрақ
322,222 жауап
153,247 пікір
72,704 қолданушы