Мұхарам айы – мұсылмандардың ай санауындағы бiрiншi ай. Мұхарам айы туралы қасиеттi Құранда және Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисiнде де айтылып кеткен.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мына бiр хадисiнде «Рамазаннан соң ең қасиеттi ораза Аллаһ Тағала айы болған Мұхарамда тұтынған ораза, парыз намаздан соң ең қасиеттi намаз ол – түнгi (тахажуд) намаз.
Осы Мұхарам айында қасиеттi бiр күн бар, ол – Ашура күнi.
Мұхарам айының оныншы күнi – ашура күнi деп аталады. Сахабалардың бiрi Пайғамбарымыздан:
– Я, Расуллуллаһ! Аллаһ Тағала ашура күннiң басқа күндерден қасиеттiлiгi неде? – деп сұрағанда. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– «Ашура күнi басқа күндерден де қасиеттi. Аллаһ Тағала көктi (жер жүзiн) ашура күнi жаратты. Тауларды, теңiздердi, әлемдi және Адам (ғ.с.) осы күнi жаратты. Адам (ғ.с.) ашура күнi жаннатқа кiргiзiлдi. Ибрахим (ғ.с.) осы күнi туылды және осы күнi оттан құтқарылды. Аюб (ғ.с.) осы күнi ауруынан жазылды. Адам (ғ.с.) тәубесiн осы күнi қабыл еттi. Иса (ғ.с.) осы күнi дүниеге келдi. Қиямет күнi – осы күнi болады» деген екен.
Яғни, бұл күнi қасиеттi болып саналғаны үшiн көп зiкiр және дұғада болған өте жақсы. Және де дұғасы қабыл болатын қасиеттi күндердiң бiрi.
Бұған «Er Ruru^lFaik» кiтабындағы мына бiр оқиға мысал бола алады.
«Басрада бiр бай адам әр жыл сайын ашура күнi мүмин бауырларын үйiне жинап таңертеңге дейiн Құран оқып, пақыр, кедейге, қүң және жетiмдерге көмектеседi. Яғни ихрам етедi. Сол үйде аяғынан жүре алмайтын қыз бала бар едi.
Қызы әкесiнен:
– Әкешiм, бұл қандай күн? Көршiлердi жинап Құран және көп зiкiр етесiздер? – дедi.
– Әкесi:
– Жаным, бұл күн ашура күнi Аллаһ Тағала жанындағы ең құрметтi күн дедi. Кейiн ұйқыға барған қыз, төсегiне жатып еш ұйықтай алмады. Жүрегi бiр түрлi болып, Құран және зiкiрдi тыңдайды. Құран-хатым дұғасын қылғанда қыз да қолын жайып Аллаһқа дұға еттi:
– Я, Аллаһым, менi бұл халден құтқар, жүрегiмдi тазарт деп дұғасын аяқтайды. Қыз осылайша ұйқыға кетедi. Таңертең тұрса қыз аяғынан тiк басып тұрды.
Бұны көрген әкесi:
– Қызым, бұл қалай болды? – дегенде.
– Әкешiм, бұл күнi Аллаһқа тәубе еттiм. Аллаһым менi осы күнге жеткiздi – деген екен.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бiр хадисiнде:
«Арафа күнi ораза тұту бiр жолғы ұсақ күнәсiне кәффарат болар. Ал ашура күнi ораза тұтса бiр жылға үлкен және жаңылыс iстеген күнәсiне кәффарат болар».
Бұл күнi зiкiрлер және дұға жасалынады.
Мұхарам айының 9-10 күнi немесе 10-11 күнi ораза тұтылады.
Нұһ а.с. кемесi ашура күнi тоқтаған. Яғни топан Ережеп айының бiрiнде басталып мұхарам айының оныншы күнi Жудди тауына тоқтаған Хз Нұһ (а.с.) және мүминдер осы күнi шүкiр етiп ораза ұстады. Қалған ризықтан ашура пiсiрдi. Яғни қалған барлық тамақ түрiн қосып пiсiрген. Ол – ашура деп аталған ерекше тамақ. Ашура күнi садақа беру, бiреуге сый ұсыну, ораза ұстау – сүннет болып табылған.
Гұсыл алынады. (Дененi толық жуу).
«Ашура күнi кiмде-кiм ғұсыл етсе өлiм ауруынан басқасының бәрiне ем болады» – деп Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан.
Бiр мүмин ауыз ашар жасаса, бүтiн мүминге ауыз ашар жасағанымен тең болады.
Бiр ауруды зиярат ету.
«Ашура күнi бiр ауруды зиярат етсе, бүкiл адамды зиярат еткенмен бiрдей болады.
Кiмде-кiм 10 мүминге сәлем берер болса, бүкiл мүминге сәлем бергенмен тең болады.
Ишрақ уақытында (таң атқан соң бiр сағат уақыты) 4 ракат намаз оқылады.
Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мына бiр хадисiнде:
«Кiмде-кiм Ашура күнi 4 ракат намаз оқыса, әр ракатта 1 фатиха 51 рет ыхлас оқыса Аллаһ Тағала ол кiсiнiң өткен және келер жылғы күнәларын кешiредi.
Омар бин Хаттаб.
Мiнеки, мұсылман бауырларым, мұхарам айының iшiндегi ашура күнiнiң қасиетi осындай екен. Мұхарам айында көп дұға, зiкiрмен өткiзейiк.
Күллi әлемнiң жаратушысы болған Аллаһ бiздiң қылған дұға тiлегiмiздi қабыл етсiн! Әмин.
Ашура түнінде оқылатын дұға
Хадис шәрифте былай делінген: «Кімде-кім мухаррам айының алғашқы күнінде төмендегі дұғаны 3 рет оқыса, Аллаһу Та’ала ол адамды келесі мухаррам айына дейін барлық бәле-жаладан сақтайды:
Әлхамдулилләһи Раббил-аләмин. Уассалату уәссәламу ала сәйидина Мухаммадин уә ала алиһи уә сахбиһи әжмаин. Аллаһумма әнтәл-әбадиул-қадим, әл-хайул карим, әл-ханнан, әл-мәннан. Һазиһи сәнәтун жәдидәтун. Әсәлука фиһәл-исмәтә минәшшайтанирражим, уәл аунә ала һазиһиннәфсил-әммарати биссуи уәл-иштиғалә бимә юқаррибуни иләйкә, йа зәл-жәлали уәл-икрам, бирахматикә йа әрхамаррахимин. Уә саллаллаһу уә сәлләмә ала сәйидина уә нәбиинә Мухаммедин уә ала алиһи уә сахбиһи уә әһли бәйтиһи әжмаин».
Шахабиддин Сухраварди былай дейді: «Кім бұл дұғаны ашура күні (мухаррам айының 10-күні) 3 рет оқыса, өлімнен де қорғайды. Өйткені, сол жылы өлетін адамға қандай да бір себеппен бұл дұғаны оқу нәсіп болмайды».
Ашура күні мен түні
Бүгін мухаррам айының тоғызыншы күні. Мухаррамның оныншы күні ашура күні, тоғызыншы күні мен оныншы күні арасындағы түн «ашура түні» деп аталады. Мухаррам айы – Құран Кәрімде құрметтелген төрт айдың бірі. Ашура түні – осы айдың ең қадірлі түні. Аллаһу Та’ала кейбір дұғаларды ашура күнінде қабылдайтынын айтты. Бүгін кез-келген дәмді тағам пісіру, кедейлерге садақа беру сүннет, ғибадат болады. Бұл күндері ораза тұту өте сауапты іс. Тек оныншы күні емес, бір күн бұрынғы немесе бір күн кейінгі күнмен бірге тұтылады. Исламда аза тұту деген нәрсе жоқ.
Хадис шәрифтерде былай бұйырылды: «Аллаһу тағала ашура күнін жоғары қойған. Аллаһу тағала көктерді, жерді, тауларды, теңіздерді, жұлдыздарды, аршты, періштелерді, Адам пайғамбарды ашура күні жаратты. Ибраһим пайғамбардың дүниеге келуі және Нәмрудтың отынан құтылуы ашура күні болды. Ибраһим пайғамбарға баласының орнына сою үшін үлкен қошқар осы күні түсірілді».
«Ашура күні кішкене садақа берген адамға Аллаһу тағала Ухуд тауындай сауап береді».
«Ашура күнінің оразасы бір жылдық өткен күнәлардың өтеуі болып табылады».