0 дауыс
245 көрілді
Біз импортпен айналысамыз, сондықтан Ресей Федерациясына жиі хат жолдап тұрамыз. Корреспонденциялар жиналып, оны жіберу қажет болғанда, бізге шақырту бойынша пошташы келеді. Кезекті келу кезінде пошташы бізге жіберілгені туралы түбіртек беріп, хаттардың Ресейге егер мекен-жай ағылшын әріптерімен көрсетілсе ғана жіберілетінін ескертті. Егжей-тегжейін нақтыламады. Енді мекен-жайды қалай дұрыс жазу керек деп басымызды қатырып отырмыз: ағылшын транскрипциясымен бе, әлде ағылшын тіліне толықтай аудармасын жазу керек пе? Оның үстіне біз атауы мен мекен-жайын дұрыс аудару үшін өте күрделі импортер ресейлік фирмалармен және зейнетақы қорларымен жұмыс істейміз. Біздің хатымыз алушыға жете ме, шатыстыру орын алмай ма?

1 жауап

0 дауыс

Ресей Федерациясына хат жолдау кезінде мекен-жайды конвертке ағылшын әріптерімен жазу міндетті емес. Ал халықаралық пошталық жіберілімдерде мекен-жай латын әріптерімен және араб цифрымен немесе мемлекеттік немесе орыс тілінде жолданатын ел атауын міндетті түрде қайталаумен жолданатын елдің тілінде жазылады.

Бүгінгі күні «Қазпошта» АҚ-да EDI форматында электронды мәліметтер алмастыру жобасы жүзеге асырылды. Яғни, біз пошталық жіберілімдерді қабылдаған кезде олар туралы бүкіл мәліметтер Дүниежүзілік пошта одағының бірыңғай жүйесіне енгізіледі. Бұл тек Қазақстан аумағындағы ғана емес, жер жүзіндегі хаттар мен сәлемдемелерді бақылауға мүмкіндік береді. Егер алыс шетелге жолдауға арналған пошта туралы айтсақ, онда жіберуші мен алушының мекен-жайы үнемі латын тілінде толтырылатын. Енді мәселе ТМД елдеріне де қатысты. Қазір жаңа форматта жұмыс істейтін IPS бағдарлама-трекинг реттелуде. Лингвистикалық аудармамен айналысудың қажеті жоқ: мысалы, «город» сөзі «city» емес, «gorod» деп жазылады. Бұл ереже штрихты пошталық идентификаторы бар тіркелетін пошталық жіберілімдерге, яғни, тапсырыс хаттарына, тапсырыс бандерольдарына, тапсырыс сәлемдемелеріне қолданылады. Таяу шетелге жолданатын қарапайым хаттар мен сәлемдемелерге бұл жатпайды.

...