+2 дауыс
434 көрілді
осы сіздер компьютер шаңын немен сүртесіздер? мен мистер пропер қосылған суға шүперекті сулап,сығып сүртсем де шаңы дұрыс кетпейді не істесем болады

5 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Сіз компьютер дегенде мониторды айтып жатырған жоқсыз ба, мониторды тазалау үшін арнайы тазалайтын ылғалды салфеткалар болады, өте жақсы зат, 100 данасы 600-700 теңге, компьютер жабдықтары сататын кез-келген дүкендерден табуға болды (мынандай ыдыста болады)
![Мынандай құтыда болады][1]


  [1]:
0 дауыс
Кәдімгі шуберекті алып сулап сығып! сүртіп шығам!
0 дауыс
шаң басқаны соншалық, тіпті бастапқы түсі көрінбейтін дәрежеге жетпесе болғаны...   
=]
0 дауыс
Компьютерді тазаламас бұрын, олардың бөліктерін ток розеткасынан алып тастаған дұрыс, себебі дымқыл матадан ток ұруы мүмкін. Кейін, мониторды әйнек сүртетін арнайы нашатырьлармен сүртемін, бірақ кейде көңілімнен шықпай қалады. Сондықтан, арнайы мониторға арналған средстволар бар, комп дүкендеріне бір рет барып қайтыңыз)) Қалған пернетақта, тышқанда пластик қой, оларды сабыны бар сумен ысқылап жібергенде жылтырап шыға келеді.

//Сис. блоктың ішін сүртер кезде, ұқыплылықпен қатты суламай, жәй шаңын алу мақсатында ғана сүрткен лазым.
0 дауыс
қадімгі дымқыл шүберекпен сүртем, ал клавиатураны тыкырлатып, тез-тез бір жүгіртіп өтем, 5 жылдан асты барлық кнопкалары істейді...
...