0 дауыс
4.7k көрілді

Атеисттер туралы не айта аласыз?, ойларыңыз!

9 жауап

–1 дауыс
Шайтан азғарған адамдар. Жалпы түсінігі өзгеріп рухани құлдырап, шатасып кеткен адамдар.
–1 дауыс
Әлемнің жаратуышысы бар екенін ақылдарына сыйғыза алмай, бірақ осының бәрі кездейсоқ бола қалды дегенге қатты сенетін адамдар. Яғни олардың ойынша жер(планета) бостан босқа, әйтеуір өзімен өзі айналып тұр, ал күн болса соған өзінің жылуын, жарығын түсіре алатындай қашықтықта келіп орналаса салған, т.б. қысқасы адам баласы осындай дап-дайын ортаға келіп кездейсоқ түсе қалған. Мұны енді құдайға сенбейді дейміз бе, әлде сенгісі келмейді деген дұрыс па білмедім.
Құранды оқысаңыз түсінесіз!
Касым 98, Мен Құранды екі-үш қайтара оқып шықтым, жәй көркем әдеби кітап ретінде құндылығы болар, бірақ мен одан ешқандай өзіме сенім ұялатар сөз таба алмадым, сол сияқты інжілді де, Тауратты да оқып шықтым (бәрі бір-біріне ұқсас кітаптар)
wwwww Інжіл,Таурат,Құран барлығы Аллахтың  пайғамбарларға түсірген кітаптары.Сондықтан ұқсастықтары болуы мүмкін.Бірақ христиандар мен иудейлер киелі кітаптарға өз қалауынша түзетулер мен өзертулер енгізген.Тек Құран ғана сол қалпында сақтаулы.
Қайсы олардың дәлелі? "Әлемді құдай жаратқан жоқ, әлем материядан пайда болды" деген сөз дәлел ме?
Bake91.11 Ол кітаптарда баяндалатын сөздер көне Шумерлердің, Мысырлықтардың, Римдіктердің аңыздарында (мифиологиясында) кездеседі, сондықтан олардың пайда болуын, ешқандай мистикаға теңеп керек емес
Жарайды.Шумер,Мысыр,Римдік мифологияда кездесетін сол сөздерден мысал келтіре кетсеңіз
vvvwww Құранды дәретсіз оқығансыз 3 рет оқыдым деп қоясыз демек құранның астарлы мағынасын түсінбегенсіз сосын Таурат забур інжіл кітаптары бұзылған екені дәлелденген саған дәлелдеп берин саған дәлелде десең.
0 дауыс
Адамды маймылдан жаралды деп есептейтиндер бар,оларды Дарвинизм деп атайды. Ондай адамдар к=б3несе коммунист заманынын адамдары,ягни кеңес үкіметі кезінде Кудай жок деп катал тартип койганнан да болуы мумкин деп ойлаймын!
+1 дауыс
Нақты бар екеніні дәлелденген затқа ғана сенетін адамдар (яғни жоққа сенбейтіндер), оған коммунизмнің еш қатысы жоқ
Сананның бар екенін дәлелдеп бершi ?
Сананың бар екенін дәлелдеп бере алам, 1+1=2 яғни бірді бірге қосқанда екі болатынына келісесіз бе, яғни келіспсеңіз сіздің санаңыз жоқ, келіссіңіз санаңыз бар (сананың бар екені осылай дәлелденеді) (мен көрмеген, дәлелденбеген затқа сенетін адамдарды түсінбеймін)
Жақсы дәлелдедін, менин ниетім әйтеуір кететін кезде коркпай кететін деңгейге жет, естуимше сондай деңгейге жеткен адамдар бар екен ким екенин билмейснбе ?!
Жоқ, керісінше мен жұмақтың бар екенін елестетуге қорқам, жаның мәңгілік рахатта болады дейді, құрысын ондай мәңгілік, ішім пысып кетеді ғой тіпті ))), осы өмірдің өзіне шыдап жүргенімізге, (тек бір арманым жаным қиналмай кетсем болды)
Мүмкін жұмақ деп жатқандары осы өмір шығар, саналы түрде қалағаның бола аласың,
 киналмай кету жағы ғылыми шешилген жапон ғалымы Нобел алған сол үшін !!!
Жұмақта Ішім пысып кетеді деймісіз тозақта азапталып сасық іріңмен өте ащы тікенекті тамақ жегің келеме сонда?
0 дауыс
Сонда қалай құдайдан да тілек тілемеймекен.
Құдайдан емес, одан да Санта Клаус немесе Аяз атадан тілек тілегенім оңай, әйтеуір аңыз болса да тұратын жерін білем ғой
санта клаус пен аяз шал қайда тұрады екен?
Адамның сенімі сан түрлі.Жоқ екенін біле тұра өздері ойлап тапқан нәрсеге сенеді де,жаратушысына сенбейді))))
0 дауыс
Мен жалпы атеисттер де қадімгі біздерден айырмашылығы жоқ жай құдайға сене алмайтындар деп ойлаймын. Бірақ көзқарасы біз ойлағаннан да мүлдем басқа əлемдікіедей атеисттер болад. Мен бір рет атеисттер жайлы өз пікірімді қалдыру үшін бір сайтқа тіркеліп едім. Орыстардікі христианға қарсы атеистердің сайты екен, түрі қорқынышты қан свет сайт екен. Бір атеист жазыпты мен туылған кезімде ақ ата анам мені шоқындырайн дегенде мен шыңғырып жылап қарсыласып мұрша бермей қойыппын демек сол кезде ақ сезіппін дұрыс емес екенін бірақ мені сонда да шоқындырыпты. Енді осы мені еркімнен тыс күштеп шоқындырса да мен христиан боп саналамын ба сонда біздің құдай менің құрбандарымды қабылдамайтыныма деп сұрақ қояд. Сосын жауап беріп отыратын адам айтады жоқ қысылма ол сенің емес сенің ата анаң ның кінəсі. Сені өзіміз шығарып аламыз біздің құдай мейірімді ол сенің құрбан саныңа байланысты нешеуін істедің дид. Сосын былайғы тек 1ак девченка дегенде онсыз да нені айтып жатыр бұлар деп түсінбей отқан мен қолым қалтырағаннан орнымнан ұшып тұрғанымды білмей қалдым. Қандай сайтқа тіркеліп жүрм жеп шошып кеттім. Атеист деген мен ойлағаннан да басқа, басқаша бір əлемде жүред аудим деп ойлап қалдым сосын
Аа түсіндім рахмет)
Ak.g, Сіз былай түсініңіз, мен Сіздің сенімізге еш тиісіп жатырған жоқпын ғой (сеніміңіздлі сыйлаймын), Сол сияқты атеизм менің сенімім деп түсініңіз, яғни сіз де менің сеніміме мүлдем тиіспеңіз
А сен де атеистпедің. Жоқ а менің оларға ниетім түзу
Ешкім ештеңе сендіре алмаса сенің кінəң емес əрине. Сен қалай сенуге болад десең, біз де қалай күмəн келтіруге болад деп ойлаймыз. Кто не любит, тот не познал Бога, потому что Бог есть любовь. Мүмкін сенікі де уақытша шығар
Ия, дұрыс айтасыз, уақытша екен, маған да сенім орнап пастафариянство дініне өтіп кетіппін )))
Ана паст... дегеніңді түсібедім бірақ оны ана менің айтып бергеніме қатысты айтып отқан ол сондай атеист түрлеріне ғана қатысты
Отқан болсаң
+1 дауыс
Жалпы осындай сұрақтарды қоймас бұрын ем болмағанда Уикипедияға бір қараңыз. Негізінде мынадай үрдіс бар, қай елдің экономикасы нашар болса, яғни ел неғұрлым кедей болса, соғұрлым халқы діншіл келеді. Ал бай елдер, әсіресе ғылымы дамыған елдерде жай қалыптасқан үрдіс бойынша мен христианмын немесе мен синтоистпін деуі мүмкін немесе мүлдем құдайдың барына сенбейді. Жалпы дінге сенгіш адамдармен әңгіме дүкен құра қалсаңыз байқайтыныңыз, қоғамды жікке бөлу, өз ұлтынан гөрі арабшылдықдың басым болуы, ғылыми фактілерге көз жұма салып барлығын белгілі бір ертігідей ойға, түйінге сыйдыра салады. Мысалы мынадай бір әңгіме бар емес пе: ағаш қалай өсіп,қайдан пайда болғанын және болатынын тауып беріңдер деп екі адамға тапсырма берсе, бірі ізденіп, оның молекулалық құрылысын,оның құрамын анықтап әлектенсе, екіншісі құдай жаратты деп қойып қалуы мүмкін... Бір сөзбен айтқанда дін қай заманда да ғылымның өсуін тежелеп келеді. Қай ел дінге бет бұрса мейлі байлыққа қол жеткізер, бірақ ғылым мен ілімнен алыс болатыны анық.
Сөзің негізсіз. Жалпы адам бір нәрсе туралы дұрыс түсініп білмей жатып немесе оның одан хабары аз бола тұра оған жөнсіз килікпегені дұрыс деп ойлаймын. Ислам дінінің тарихын оқыған болсаң бұлай айтпас едің. Әйтпесе ғылымды, білімді, тәжірибені, еңбектенуді бұйырған осы дін. Kерек болса Еуропалықтар жаратылыстану ғылымдарының көпшілігін және барлығының негізін Ислам кітаптарынан алды. Eуропалықтар жерді тeгіс, айналасы дуалмен қоршалған деп ойлап жүргенде мұсылмандар жердің домалақ екенін және өз шеңберінде айналатынын білетін еді. Ал Иб Сина, Әл Фарабилерді қайда қоясың? Аурулардың микроптан туындайтынын aлғаш тaпқан Ислам мәдениеті жетілдірген Ибн Сина болып табылады.  Қысқасы, Еуропалықтар, яғни христиандар ғылымды мен білімді мұсылмандардан үйренген.  Шамамен екі ғасыр ғана бұрын батыстықтар ауруларға қарсы мүлдем шарасыз еді. Тек кейіннен ғана мұсылмандардан үйреніп, тәжірибелер жасап бүгінгі медицина ғылымын үйренді. Алысқа бармай-ақ өзіміздің Абай, Шәкәрім сияқты қазақ жұртын қараңғылақтан шығуға, білімге, ғылымға шақырған, ұмтылдырған кісілерді неге айтпайсың. Әлде оларды дінсіз дегің келе ме?  Ал ағаш жайында айтқан мысалыңның құдайдың жоқ екеніне немесе діндар адамдардың білімсіз келетініне қандай қатысы бар? Біp сөзбен айтқанда Ислам діні – білімнің нағыз өзі. Құран кәрімнің көптеген жерінде Ислам білім алуды әмір етуде, ғалымдарды мадақтауда.
Менің жай ғана пікірге толықсыз жаза салған пікірімді, бар ақыл-паарасатымның жеткен жерідеп түсінгенсіз-ау шамасы. Жарайды... Объективті көзқараспын қарап көрелік. Мен өз басым Құранды және Библияны бірнеше рет оқып шыққанмын. Сондай-ақ, Риядус-Салихин хадистер жинағын т.б өте көп діни (ислами) кітаптарды да оқып шықтым. Және Араб халифатының және Ислам дінінің тарихын бағанағы айтқан объективті көзбен оқып шықтым және біраз білетініме де шүбәм жоқ. Егер Халифаттың тарихын оқысаңыз екі түрлі тарауға тірелуге болады. Бірі, сонау Еуропа және түрік тарихшылары мен ғалымдары және БҰҰ тарихы бөліміне ұсынылған тарихқа, екіншісі АРАБ ЛИГАСЫ ЕЛДЕРІНІҢ екеуара жазған тарихына. Екеуі екі бөлек, мен бірінші Араб халифатының тарихын арабшадан орысша аударған кітаптардан оқығанмын...

Сонымен Ислам дінінің өркендеуі Батыс зерттеулерімен де, араб зерттеуімен де алып қарасақ, тікелей Араб халифатының құрылып, өркендеп, Таяу Шығыста белең алып, саяси аренаға шығуымен тікелей байланысты. Есіңізге сала кетейін, Халифат қаһарына мінбес бұрын қазіргі Мысыр, Алжир, Ливия, Тунис  (Солтүстік Африка) секілді елдердің араб мәдениетіне қатысы мүлдем болмаған. Олар біздің заманымыздан бұрын финикилердің, капсилердің ығырында болып, артынша Көне Гректер мен Рим империясының ықпалында болды. Алайда бұлардың барлығы Ислам немесе Араб халифатының пайда болуына дейін болып қойған.

Сонымен  тарихты доғарайын. Әйтпесе, бәрін әспеттеуге уақыт жетпес. Қызығына бір тоқталайық. Ислам пайда болғанда, Арабтар өз тарихын, сонау семиттерден бөлініп шыққанын да дінге жаңа кіріп, араб мәдениетімен танысқандарға басқаша жеткізіп отырған. Арабтар жаулап алған территориялардың қайсысында болмасын көне өркениеттің барлығы дерлік жойылып отырды. Ешқандай ғылыми прогресс болмағаны да көзге айқын. Егер со заманда гүлдеп тұрса, осы заманда олардың бір түйірі мен экономикасының жемісі қалатын да еді. Қазіргі Еуропа елдеріндей...

Сонымен, исламның ықпалы Таяу Шығыстан Солтүстік Африкаға, Орта Азия мен Шығыс Азияға кеңінен жайыла бастағанда, жаулап алған территорияларын сонау Гректердей немесе римдіктер секілді әскери ауқымымен сабасында қалдырмай, өздері шығарған Исламды насихаттай бастады. Неге? Өйткені Исламның жолына түсіп, тереңіне үңілген кез-келген халық арабтардан алысқа ұзамайтыны көзге анық көрінетін тұғын. Бұған кез-келген Құрандағы аяттар мен Найсабури, Майяниджи хадис іліміне арналған кітаптары дәлел.

Ғылымға келсек, ислам дінінің фундаментализмі саяси аренаға толық енбей тұрып, яғни, Дін саясиланбай тұрып Ислам мемлекеттерінде ғылым болды. Оны кез-келген американдық немесе Еуропалық, жапондық тарихшылардың өздері жоққа шығармайды. Алайда, қалай ислам толық саясиландырылды солай ғылым тамырымен жойылды деп айтуға толық негіз бар. Әйтпесе, Барлық Ислам мемлекеттері тапалып, таяқ жеп, жартысы французша, қалғаны ағылшынша үйреніп француздардың немесе британдықтардың қанатының астында жатпасы анық еді. Гүрілдеп тұрған ғылым болса, бұған жол берілмеген болар еді. Ал Ислам болса, өз тарихында барлық дінге жатшыларды Кәпірлер деп айыптап, қазір біз қазақ мындай болған, құдыретті болған деп айтатынымыздай, арабтардың құдыреттілігі соншалық, барлық Еурпалықтарға өркениет үйреткен еді деп жазады. Бір қызығы халифаттың өркендеп, Оңтүстік Еуропа жерлеріне дейін жетуі тікелей арабтардың еншісінде. Алайда қазақтар мен түркілердің (орта азиялық түркілердің) бұған еш қатысы жоқ.

Осы замандағы заманауи технологияның көбісі сонау Көне Грек "елдері" мен Рим империяларынан бастау алады. Үй салу, жол салу мен адам жүретін жолақтар, фонтандар, көпірлер, жол жүру ережелері халыққа арналған, тіпті, қазірге БАҚ (СМИ) құрылуы сонау Ежелгі римдіктерден бастау алады, адам құқығы да... Бір сөзбен айтқанда ғылымның жаппай дамуы тікелей Рим империясы мен Көне Гректерге тиесілі екенін есіңізге салайын. Бұның бәрі ислам түгілі, араб мемлекеттеріне дейін болып қойған дүние. Сондай-ақ, көп жазу, сызу ережелерінің бастау алуы Шығыс Азиялықтардың еншісіне жіберсек... Түсінген боларсыз.  Демек арабтар Еуропа кіргенде, еуропалықтар адам жеп, тұрып шаптыра алмайтын халде болды дегені тек қана арабтардың ғылымы жоғары, еуропалықтардан биік қою үшін айтылған сөз екені айтпаса да түсінікті. Оның үстіне арабтар тек о бастан өркендеп тұрған қалалар мен елді-мекендерді күшпен басып алған. Әрине, онысында жартысын Дінге енгізіп, жартысын халифаттың тарихына жазып, мүлдем басқалай (өте жұмсақ) жеткізеді. Алайда саясаттың аты, қай жерде болмасын саясат. Араб халифаты ғаламда пайда болғанда, әлемде өркениетті Еуропа елдері Франколықтар, ағылшындардың дәуірі өркендеп тұрғанын қалай жасырайын. Тіпті, сол арабтар да Еуропаға басгөктеп кіргенде жеңілгендері сол франколықтардан емес пе?

Ал егер сіз Кезінде Египеттегі (Мысыр), Птолемей, Имхотем, Манефондарды мұсылман ғалымдары десеңіз толық қателесіз. Өйткені олар ешқандай араб та, мұсылман да болмаған. Бар мәдениетте қалыптасқан құдайларды, мұсылмандыққа діндегідей сығызатын болсаңыз, тағы қателесесіз. Өйткені, Исламның ұтып тұрған жері - басқа діндерден кейін пайда болғандығында ғана. Әйтпесе, ол да сол Грек дәуіріне дейін болған сенімшілікпен, Грек дәуіріндегі қаптаған құайшылықтың, Еуропадағы христианизмнің бір жалғысы ғана. Егер әрі қарай сөйлесем десеңіз ВКонтакте де сөйлессек болады. Бір сөзден, екіншісіне лезде секіріп отырдыңыз деп айыптамағын, қысқаша мағлұматы осы.
Бұны талай естіп жүрміз. Бұлардың бәрі Исламға жабылған жала. Білсеңіз Исламның дұшпандары өте көп. Олар бұрыннан Мұхаммед (с.ғ.с) пайғампардың кезінен бар, әлі де бар. Бар ойы мұсылмандарды әлсіретуді көздейтін христиан миссионерлердің ісі, солар тарапынан бұрмаланған ақпараттар. Осы христиан миссионерлер мен коммунистер бір жағынан, масондар мен уахаббилер бір жағынан Ислам дінін әлсіретуге тырысуда. Ол үшін Ислам діні туралы ақпараттарды,оның тарихын бұрмалайды немесе жояды. Олай демесеңіз бұларды қайдан оқығаныңызды көрсетіңіз. Тағы да айтамын еуропалықтар Ислам діні келген кезде надан болатын. Сөзіме дәлел ретінде Джон В. Дрейпер есімді тарихшының «Еуропаның рухани даму тарихы» (History of the intellectual development of Europe) деген еңбегінен мысал келтіремін. Онда былай дейді:
«Ол кездегі еуропалықтар толығымен жабайы болатын. Христиандық оларды жабайылықтан құтқара алмады. Оларға жабайы деп қарау керек еді, өте лас өмір сүретін. Саналары қате сенімдерге толы еді. Дұрыс, тура ойлануды да білмейтін еді. Лашықтарда тұратын. Егер лашықтарында жерінде немесе қабырғасында бір төсеніш бар болса, бұл байлықтың белгісі болып саналатын. Жейтін азықтары – жабайы үрме бұршақ, сәбіз сияқты көкөністер, кейбір шөптер, тіпті ағаштың қабықтары еді. Киім ретінде, ұзақ уақытқа төзімді болғандықтан, аңның иленбеген терісін қолданатын еді және осы себепті сасық болатын.
Мұсылмандар оларға ең алдымен тазалықты үйретті. Мұсылмандар күніне бес рет жуынатын еді. Олардың да күніне ең болмағанда бір рет жуынуын іске асырды. Кейін олардың үстінен сасып, биттеп кеткен жарым-жарты аң терілерін шешіп, оларға әдемі маталардан тігілген, түрлі түсті жіптерден өріліп жасалған өз киімдерін берді. Оларға тамақ пісіруді, жеуді үйретті. Испанияда үйлер, жатақтар, ғимараттар соқты. Мектептер, ауруханалар салды. Университеттер ашты. Бұл университеттер бүкіл әлемге нұр қайнарына айналды. Барлық жерде бау-бақшалар өсірді. Мемлекет гүлденді. Жабайы еуропалықтар бұлардың бәріне таңырқап, таңданып, ауыздары ашылып бақылап жүрді және ақырындап мәдениетті бола бастады.»
Бұл жерде Испания туралы айтылған болатын. Жалпы арабтарда Ислам келгенге дейін надан болатын. Ислам діні келіп өмірлері гүлденген болатын.
Мен өз айтқанымды қайталамай-ақ қояйын. Ол кездегі еуропалықтар толығымен жабайы болатын деген жеріңізге жауапты жоғарғыдағы сөзімді нақ жауап беріп кеткем. Біріншіден Еуропалықтардың мәдениеті, ғылымға деген көзқарасы мен құрылыс өнері исламға дейін пайда болған. Осыдан біршама жылдар бұрын, мысалы Екінші дүниежүзілік соғыстың маңында-ақ араб елдерінің жағдайы мүлдем мүшкіл болды. Арабтардағы ең дамыған ел БАӘ оысдан 40-50 жылғы суретін қарап мүмкін жағаңызды ұстарсыз! Оған кезіндегі суреттердің өзі дәлел. Сондай-ақ, Еуропа елдеріне барып, мәдениетімен танысып, сонау Ислам дініне дейін пайда болған өнерлер мен құрылыстармен танысуға кеңес беремін. Біреудің жазғанына еш сенбеңіз, ол жоғарыда айтқан өз дәрежесін көрсету мақсатында ғана айтылған нәрсе. Араб халифатының тарихын тікелей Исламды қолдана отырып, Исламнан қашып құтыла алмайтын адам арабтар туралы қалай жаман ойласын деген мысалға сүйене отырып жасалынған. Кез-келген қала салу мен техниканың барлығы делік, ел-жерді аралап ашу, ол жерге адам апарып өркениет тарату Еуропалықтардың ісі, мұсылмандардың емес... Сенбесеңіз объективті, ғылыми, шындыққа жанасатын, шет елге бара алмасаңыз, ем болмағанда Википедия оқыңыз (орысша немесе ағылшынша оқуға кеңес берер ем)!

Ал халифаттықтардың Еуропаның жартысына дейін жаулап алғаны рас. Ол жай ғана күш болатын тұғын, бірақ арабтар ол жерге өркениет таратқан жоқ. Қазіргі Моңғолдарға қарап кезінде құдыретті болды деп айта алармысыз? Жоқ, оларда күш болды, алайда өркениет болмаған-ды.Бұл жерде араб екеуінің кебіні бір!

Біздің түркілердің күш-қуаты мен мәдениетінің төмендігін растайды, араб мәдениетін қабылдауымыз. Ал еуропалықтардың талай жыл өз ықпалына бағындыра алмай, керісінше көп араб еуропаланып кеткеннен немесе қытайдың оңтүстігіне шүйіліккен арабтардың қытайланып кеткеннен  кейін де арабтардың мысы бұл аймақта толық басылғанын Еуропаның, Американың, Қытайдың кез-келген тарихынан оқуға болады.
Біреудің жазғанына ешқашан сенбе, бірақ Википедияны оқы дейсіз бе? Жәрайды, түсіндім...
ВИКИПЕДИЯ - ны бір ғана адам жасағанымен қандай ғылыми ұйымдар мен фондттар бақылайтынын білесің бе өзің!? Сен енді тек сөз қатесін іздеуге кірістің бе, әлсіздік пе, немене!? Википедия ол ФАКТ! Ғылыми факт! Әйтеуір, аспаннан бірдеңе ұшып түсті, бірдеңе бүйтпей қалыпты дегендей нәрселерді тілге тиек етпейді!
Онда мынаны оқыңыз: https://ru.wikipedia.org/wiki/Золотой_век_ислама
Мен бұны бұрын оқығам. Мен бәрін түсіндіріп жазып беріп отырсам, сен маған айтқанымды қайталай отырсың. Білемін, үйреншікті нәрседен айырылу қиын. Алайда мен қанша атеист болсам дағы қазақ мәдениетін оқыр да, тәңіршілдік пен исламның да тарихын қоса оқимын. Ол рас, ЗОЛОТОЙ ВЕК!!! Алайда мәдениеті Еуропаның арабтардан да жоғары болған деймін... Оған дәлел мұхиттай! Ал арабтардың біз кереметпіз дейтіні, тұнып тұрған пропаганда! Өйткені арабтардың Еуропаны жаулағаны КҮШ! Мәдениет емес, ол жердегі арабтар еуропаланып кеткен. НЕГЕ? Өйткені мәдениеттері төмен...!!! Ал мәдениет деген сөзді толық түсінуге кітап өте көп!
Мойындадыңыз ғой. Ол да ерлік.
Жеңілген адам сөзге тіреледі деген бар... Мен мұсылман емеспін, болмаймын да. Санын көбейту мақсатында бүтіндей ұлтты, адамның өмір сүру санасына, келбеті мен ісіне қарамай бір ғана діннің аясына тығып кеп жіберетін діннің ісі. Сіз мәдениет дегенді түсінбейтіндігіңізді, тарих пен қарапайым ғана ғылымнан хабарыңыз жоқ екенін білдіріп қойдыңыз. Осыдан соң Қазақстан сізден қандай үміт күтпек!?? Мәдениет дегенде көшеде түкірмеу, шемішке шақпау дегенді ғана түсінсеңіз мен сізді интелекті адам деп айта алмаймын. Ал менің исламды қазақ мәдениетімен танысу үшін ғана оқыдым дегенім, ғылыми факторларды да қанша жерден құдайға сеніп тұрсаңыз да оқыңыз дегенім. Өйткені қарапайым ғана молекуларлық құбылыстардан, спецификалық құрылыстар мен тіпті, су айналыс жүйесінен хабарыңыз жоқ!
Дінді жақтаған адамның бәріне осылай дейсің бе? Мен негізі википедия туралы айта бастағаныңда-ақ мұны қоя салған болатынмын. Бірақ ақыры википедия деп тұрғасын сол сайтың өзінен менің айтқанымды растайтын сілтмеме тастағанмын. Содан ислам әлемінде алтын ғасырдың болғанын мойындадың, оны мойындайды екенсің неге онда сөзіңді дінге тиісумен бастайсың? Неге діннің дәрежесін түсіруге тырысасың? Сұрақ атеисттер туралы болды, неге тек өзің туралы айтып кетіп қалмадың? Діннен кемшілік іздеуді қашан қоясыңдар?
Мен негізі википедия туралы айта бастағаныңда-ақ мұны қоя салған болатынмын..... Осы жеріңнен-ақ сенің басқа айтар дәлелім жоқ дегенді түсінуге болатын еді негізі. Жарайды, мен айтпағым, егер кереметің жетсе, Австрия, Ұлыбритания, АҚШ елдеріндегі мұражайларда орналасқан қазбалар мен кітапханалардан дәлелдер ді оқырсың. Оқысаң бәлкім жағаңды ұстарсың, себебі кез-келген хадис, аяттарыңа әр сөз қарсы шығып отырады. Бара алмайтын болсағ кішкене көзің ашылу мақсатында Википедиядан мен тек ғылым жүзінде білім алуды ұсындым. Сен жалпылама тек қана сайт туралы айтып отырсың маған. Википедияға бір ғана адам жазбайды.  Мақтауын асырып, арабтарды әлемдегі ең керемет адам қылып (қыз зорлау, ұрлау, ұрып өлтіру дегендердің бәрі араб елдерінде көптеп кездессе де) арабтардың өздері-аөқ жазып береді. Егер тек мұсылман екенмін деп дінмен ғана шектеліп қалсаң көзің ешқашан ашылмайды көкешім, сондықтан жеке адамдардың, немесе араб мемлекеттерінің ғана жазғанын емес, ғылыми орталықтардың жазғанын көбірек оқы! Рахмет, менің жоғары да жазғандарымды қайта оқып шық! Сосын кішкентай баланың әңгімесін айтпағын, менің кез-келген сөзімнің тек беткі қаймағын ғана түсініп отырсың! Босқа кеткен құр уақытым-ай...
0 дауыс

Алланы жоқ дейтін адамдар атейстер дейді олар шындықты өтірік санап өтірікті шын санайтын адамдар.

 Атейсттерге сұрақ осы канал шыншыл канал сол шыншыл каналдың видеосын өтірікке санайсыздарма?

62 САҒАТ СУ АСТЫНДА БОЛЫП ТІРІ ҚАЛҒАН АДАМ - YouTube

0 дауыс
Атейистер деген Құранда жазылғандай  ақырзаман жақындаған кезде  дінсіздер көбейет деген атейстер деген  тек ғылым дәлелдеген  нәрсеге сенетін  адардар.
...