0 дауыс
1.1k көрілді
Пленка туралы біз бұрын фотоаппаратқа түсіріп оны арнайы орынға апарып пленкандағы суретті шығарып алатын едік, суретті солаи шығарып беретін, енді сол пленкалар бар еді ескі қазіргі заман дамыған енді өзім үйден шығарайыншы деп едім қандай құрал керек.....

1 жауап

0 дауыс

1.Фотоаппарат

2.Пленканы орайтын арнайы құты

3.Түсірілген пленканы айқындау үшін арнайы бачок

4.Айқындағыш/проявитель/ пленкаға

5.Бекіткіш/закрепитель/ пленкаға 

6.Түрлі-түсті пленка болса +отбеливатель

7.Пленканы кептіру үшін қыстырғыштар

8.Сурет шығаратын арнайы жарық сезгіш қағаздар

9.Увеличитель

10.Айқындағыш,шаятын су,бекіткіш құятын 3-4 арнайы ванналар

11.Қызыл жарықты фонарь,түрлі-түсті фото болса тас қараңғыда

12.Қағазды өлшемі бойынша ұстап тұратын рамка

13.Уақыт релесі/реле времени/

14.Қағаз кептіргіш/глянцеватель/Оргстекло да жарайды

15.Түрлі-түсті фотоға арнайы сүзгіш фильтрлер,онсыз сурет батпақ сияқты шығады

Пленканың маркасына байланысты сурет шығаратын препараттар соған сәйкес болуы керек.

Мұнан басқа бөлмені қараңғылайтын жапқыштар,пленканы қараңғыда орайтын арнайы маталар,

қағаз қырыққыш/резак/ және Үлкен төзім мен ізденіс керек.

 

...