0 дауыс
581 көрілді
"Жастар саясаты туралы" заңға  кәсіби болмаса да сауатты  сипаттама керек еді....сонымен қатар   ЖАСТАР САЯСАТЫ тақырыбында  2 беттік ҚОРЫТЫНДЫ қажет болып тұр....мәлімет жетіспей тұрғаны.... Алғысым, Досым!!!!!!!!!!!!!!!

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Жастар саясаты: алар асулар мен биік белестер

Бүгінде әлемдік қоғамдастық қызығушылық танытып, ерекше мән беріп отырған түрлі құндылықтар ел ертеңінің еңселі болуында өзіндік үлес-салмағын байқатуда. Соның түпкілікті бір тармағы ретінде жастар саясатын атауға болар еді. Оның мемлекеттің саяси ауанын қалыптастырудағы рөліне қатысты түрлі сыни пікірлердің туындауы бірінші кезекте қоғам өмірінде қаншалықты орын алатындығын аңғартқандай. Десек те, жастар саясатының мемлекеттік шеңберден асып, халықаралық дәрежеге дейін талқылана бастауы, оның қауқарының қандайлығын тағы бір қырынан танытып берді. Сонымен, қазіргі таңда өзіміздің осы тарапта жасалған заң негізінде түрлі бағыттағы жұмыстар біртіндеп болса да қолға алынуда.
Егер әлемдік тәжірибеге назар аударар болсақ, мемлекеттік жас­тар саясатын нәтижелі түрде жү­зеге асыру үшін оның құқықтық негізін дұрыс қалыптастырып алуға алдымен көңіл бөлінетін­дігін бағамдар едік. Себебі, түрлі елдер қоғамдастықтары тарапы­нан бұл мәселеге аса мән беру­шілік өткен ғасырдың аяғында-ақ байқала бастаған. Сонау 80-ші жылдардың орта тұсында жастар­ға қатысты туындаған заң­дарға түрлі тарапта жақын келушілік айқын көрініс тапты. 1985 жыл­дың Халықаралық жастар жылы деп белгіленуінің өзі соның бір айғағы дер едік. Сол уақытта Бі­ріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассам­блеясының 40-шы сессиясының күн тәртібінде жастарға арналған заңдарды халықаралық талаптар мен нормаларға сай етіп жасау қажеттігі турасында мәселе кө­теріліп, соның негізінде арнайы құжаттар дайындалған болатын. Ал бұл өз кезегінде әлем елде­рі­нің осы тұрғыдағы байланы­сы­ның берік орнығуына негіз болды.
Ел ертеңі саналатын жастар­дың қоғам өмірінде алар орны бүгінде соншалықты маңызды­лыққа ие болып отыр. Тұғырлы биіктен көрінерлік талапты жас­тардың қоғам өміріне араласуы бір жағынан уақыттың өзі меже­леген белгісі секілді көрінеді. Жас сананың мемлекет негізінің дұрыс қалануында қаншалықты орны барын уақыттың өзі дәлел­деп берді. Сондықтан болар, жас­тар болашақтарының басқаның емес, өз қолдарында екендігін түйсікпен түсініп үлгергендей. Олар бірінші кезекте өз қалау­ларын дұрыс таңдауға мүмкіндік алды. Мемлекеттің олардан ендігі бар күтетіні — соларды жүйелі түрде жүзеге асыру.
Осыдан екі жыл бұрын “Қа­зақстан Республикасындағы мем­лекеттік  жастар саясаты туралы” Заң өмірге келген еді. Яғни, қыз-жігіттерге бұрын-соңды бағын­ды­рылмаған биік белестерді бағын­ды­руға, жаңа көкжиектерге кө­терілуге жағдай жасалды. Қолда тұрған заңды игілікті істерге ар­нау – мезгіл талабы болған­дық­тан оның белсенділері тыңнан жа­ңа жол тауып, берері мол бағ­дар­ламалардың жобасын осы Заң­­ға сүйеніп ретке келтіріп отырды.
Бұл Заң жастарға алдымен не үшін керек болды? Мемлекет өмі­рінде несімен маңызды? Құн­ды жағы қайсы? Міне, осы сауал­дар алғашында жаңа заңның мән-маңызын айқындауға негіз болған еді. Екі жыл ішінде Заң шеңбе­рінде бірқатар айрықша істер қолға алынып, тиісінше бірнеше бағыт-бағдар белгіленді. Жаңа заң тұрпатын жарыққа шығарудың мақсаты – басқаға емес, ең ал­ды­мен жастарға керекті түйткілді мәселелерді шешуге қозғау салу, сол арқылы мемлекет болаша­ғы­ның кемелденуіне жағдай туғызу. Белсенді, бастамашыл қыз-жігіт­терді бір арнаға тоғыстыру болды.
Ел егемендік алған жылдары “Мемлекеттік жастар саясаты тура­лы” Заң болған-тын. Ол ТМД мемлекеттері ішінде жастарды әлеу­меттік-экономикалық тұрғыда қолдап-демеудің бірнеше тетіктері іске қосылған құнды құжат ретінде танылып келген. Алайда уақыт өте келе аталған Заң өз маңыздылығын жойып, тетіктері жұмыс істеу қау­қа­рынан біртіндеп айырыла баста­ды. Басқаша айтсақ, мезгіл тала­бына сай болмай шықты. Жастар тарапынан жаңа заңның негізін қалау туралы ой-пікір осы кезден, яғни сонау 1996 жылдан бастап туындай бастады. Сонымен, көпші­ліктің қолдауы арқасында 2004 жылы “Қазақстан Республикасын­дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы” мүлдем жаңа қағидалар мен жаңа тетіктерге сүйеніп жасал­ған Заң өмірге келді. Әрине, он­дағы тетіктердің орындалуы тұрғы­сынан келсек, барлығы бірдей жүйе­лі түрде рет-ретімен келе жа­тыр деп айтуға тағы болмас.
Ыстық, бұл мәліметіңе рахмет...алайда тоймай тұрғаным, қорытындыны жазып, ұялы телефон нөміріңді жеке хат ретінде жібере бер.
ештеңе керек емес, кішкене болсада көмегім тигеніне разымын....
Тапшы" кезеңде  осындай көмегін аямай, пейілділігін танытқан Саған ерекше АЛҒЫСЫМ!!!!!!!!!!!!!!!!!!  Алла риза болсын, Ыстық. [ ШЫн есімің кім? ]

Ұқсас сұрақтар

...