0 дауыс
13.5k көрілді
Ешқандай тарихи фактлер керегi жоқ, ой толғау ретiнде. "Махамбет өр рухты ақын" тақырыбындағы шығарма?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Махамбет – өр рухты ақын

Махамбет Өтемісұлы 1803-1846 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысы Орда ауданында, Нарындағы Бекетай құмында дүниеге келген. Оның әкесі Өтемісте он ұл болған. Тұңғышы Бекмағанбет, екіншісі Махамбет болған. Махамбет Өтемісұлы жастайынан хан ордасында болған. Сонда ол арабша, орысша, қазақша сауат ашқан. Махамбеттің хан ордасында болуының екі себебі болған: біріншісі Махамбеттің ағасы Бекмағанбет Жәңгір ханның он екі биінің бірі болған. Екіншісі, ол кезде хандар қолында ескі дәстүр бойынша қарамағында оларды мақтайтын үлкен дәрежеге жеткізіп өлең айтатын ақындарды ұстаған. Міне осыдан біз Махамбеттің жастайынан ақын болғанын көреміз.

Жасынан-ақ Махамбет халқының болашақ жалынды ақыны болып, өмірдің шындығын айтуға бет түзеді. Орда айналасындағы әр алуан әділетсіздікті, жауыздықты өз көзімен көргеннен кейін ол жалпы ел басындағы ауыр халді де ұғына бастады. Осы уақытта ақынның өлеңдері халық үшін ұран болды. Махамбеттің шыншыл ақын болғанын, біз мына өлең жолынан көреміз. Мысалы:

Хан емессің, қасқырсың,

Қас албасты басқырсың.

Достарың келіп табалап

Дұшпаның сені басқа ұрсын...

Махамбеттің бұл көтеріліске жазған өлең-жырлары халқы үшін көтеріліс, күрес үстінде туған.
...