Алматының әсем көрікті жерлері
1.Көктөбе – Қазақстанның ең көрікті әрі таңғажайып орындарының бірі. Қаланың ең биік нүктесі – Көктөбе теңіз деңгейінен 1100 метр жоғары. Аспалы жолмен әуе трамвайы арқылы көтеріліп, Сіздер таулардың көрінісінен ләззат алу мүмкіндігіне ие боласыз. Биіктіктен таулар мен қаланың керемет көрінісі алақандағыдай көрінеді.
2.ҚР тұңғыш Президенті атындағы саябақ Алматы қаласы Бостандық ауданының Навои және әл-Фараби көшелер қиылысында орналасқан. Дендропактің жалпы аумағы 73 га құрайды. Оның құрылысы басталған 2001 жылдан бастап жоспарланған элементтер - аллея, бульварлар мен дендрарлық учаскелерінің құрылысы және дендрарлық жоспар бойынша жасыл желек отырғызу жұмысы жүргізілді. Саябақ аумағында 2001 жылы ҚР Бірінші Президенті Н.Назарбаевтың өз қолымен отырғызған емен ағашы өсіп тұр.
3.ҚР тұңғыш Президенті атындағы саябақ Алматы қаласы Бостандық ауданының Навои және әл-Фараби көшелер қиылысында орналасқан. Дендропактің жалпы аумағы 73 га құрайды. Оның құрылысы басталған 2001 жылдан бастап жоспарланған элементтер - аллея, бульварлар мен дендрарлық учаскелерінің құрылысы және дендрарлық жоспар бойынша жасыл желек отырғызу жұмысы жүргізілді. Саябақ аумағында 2001 жылы ҚР Бірінші Президенті Н.Назарбаевтың өз қолымен отырғызған емен ағашы өсіп тұр.
4. Цирк өнері асқан ептілік пен күштілікке негізделген пантомималық ойын-сауықтар мен клоунның күлкілі әзіл-әжуаларын (клоунада, акробатика, гимнастика, шабандоздық және жонглерлік өнер, эквилибристика, муз. эксцентрика, иллюзионизм, т.б.) қамтиды. Әдетте Цирк ойын-сауығы алуан түрлі трюктер мен эксцентрикаға негізделген нөмірлерден тұрады. Қаламыздағы Цирк құрылып, өз жұмысын бастаған.
5. Қалалық жерлердегі көпшіліктің жұмыстан бос уақытта таза ауада тынығып, демалуына және көңіл көтеруіне арналған бақтар. Олар әдетте, қаланың көлді, бөгенді, көк майса көркем жерлерінде ұйымдастырылады. Солардың бірі Орталық демалыс саябағы Келущілер саны күн санап артуда. Саябақ ішінде кафе, асхана, кинотеатр, ашық сахна, спорт алаңы, балалар алаңы, түрлі аттракциондар, компьютерленген қызықты ойын автоматтарының павильондары, би алаңдары, ашық эстрадалар, лекторийлер, т.б. мәдени-көпшілік орындар жұмыс істейді.
6. Тағы бір тарихымыз Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуді ерлікпен қорғаған қазақстандық жауынгерлер. 1941 ж. 15 қарашада Германия әскерлері 51 дивизиямен Мәскеуге екінші "негізгі шешуші шабуылды" бастаған "Жиырма сегіз гвардияшы Панфиловшылар" паркі қонақтарын зор ықыласпен қарсы алады.