0 дауыс
3.1k көрілді
Жүктілік – әйел өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Бұл кезде өзіңмен бірге болашақ сәбиіңнің өмірі үшін де алаңдап, ойланасың. Материалдық әл-ауқат мәселесі де бірінші кезекке шығады. Осы бір ерекше жағдайда мемлекет қалай көмектеседі? Мемлекет қандай төлемдер төлейді? Жүктілік және бала күтімі бойынша еңбек демалысы қандай мерзімге ұсынылады? Жүктілік және бала күтімі бойынша жұмыс демалысы қандай мерзімге ұсынылады?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Жүктілік және бала күтімі бойынша еңбек демалысы

Еңбек Кодексінің 113-бабына сәйкес Жүкті әйелдерге, баланы (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар:

Жүктілікке және босануға байланысты демалыс.
Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс.
Бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беріледі.

Кодекстің 193-бабына сәйкес жүктілікке және босануға байланысты демалыс ұзақтығы босанғанға дейін 70 күнтізбелік күн және босанғаннан кейін 56 күнтізбелік күнді  құрайды (қиналып босанған жағдайда немесе екі немесе екі немесе одан да көп бала туған жағдайда - 70). Демалыс күндерінің саны жұмыс ұзақтығына байланысты емес, сол себепті жұмыс берушіде сіздің қанша уақыт жұмыс істегеніңіз маңызды емес.

Жүктілік және босану бойынша демалыстан басқа баланың 3 жасқа дейінгі күтімі бойынша еңбекақы сақталмайтын демалыс ұсынылуы мүмкін. Кодекстің 195-бабына сәйкес осындай демалысты баланың әкесі немесе анасы, ал егер бала ата-анасының қамқорлығынсыз қалса, онда баланың тәрбиесімен нақты айналысатын жақын туыстары ала алады.

Бала күтімі бойынша  демалыс уақытында жұмыстан айрылып қаламын деп уайымдамауыңызға болады. ҚР Кодексінің 59-бабына сәйкес  жұмыс беруші сізді жүктілік және босану бойынша демалысқа байланысты жұмыстан шығара алмайды. Бұдан басқа 104-бапқа сәйкес, бала күтіміне байланысты демалыста болған уақыт еңбек өтілі ретінде есептеледі және кезекті төленетін демалыс ретінде есептеуге мүмкіндік береді.

Егер сіз декреттік демалыстан бір жыл толмай шығу туралы шешім қабылдасаңыз төлем үшін қауіптену керек емес, жұмыстан шығу төлемдерді тоқтату себебі болып табылмайды.

Баланың тууына байланысты төлемдер және жәрдемақылар

Жәрдемақының төлемнен ерекшелігі жәрдемақы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатындар және қатыспайтын адамдарға бюджеттен төленеді, төлемдер болса әлеуметтік сақтандыру қорының қаржысынан жүзеге асырылады және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын адамдарға ғана төленеді.

Жүктілік және босануына байланысты әлеуметтік төлемдер бір рет, ал бала бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша әлеуметтік төлем – ай сайын төленеді. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес  Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік төлемлерді тағайындауға қажетті құжаттарды қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде оларды әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын уәкілетті органға (Халықты әлеуметтік қорғау және бақылау бойынша аумақтық департаментке) береді.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындайтын уәкілетті орган 10 жұмыс күні ішінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды. Әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тартқан жағдайда ол өтініш берушіні жазбаша хабардар етуге және ұсынылған құжаттарды өтініш берушіге қайтаруға міндетті. Сондай-ақ ол сараптамаға ұсынылған құжаттарды жіберуге және оларды берудің негізі болған құжаттардың болуын тексере алады.  Бұл ретте әлеуметтік төлемдер тағайындау және шешімді қабылдауды ұзарту мерзімдері туралы шешімді қабылдаудағы орын алған кешігу туралы өтініш беруші жазбаша түрде кем дегенде бір ай бұрын хабардар болуы тиіс.

Әлеуметтік төлемдер алушыларға әлеуметтік төлемді тағайындау туралы шешім қабылданғаннан кейін әр айдың 20 жұлдызына дейін төленеді. 

Жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақы тағайындауға құжаттарды бала туғаннан бастап 12 айдан кешіктірмей беру керек.

Сонымен бала туғанда келесі жәрдемақылар мен төлемдер ұсынылады:

Баланың тууына байланысты мемлекеттік бір рет төленетін жәрдемақы (жұмыс істейтіндер үшін де, жұмыс істемейтіндер үшін де) – бекітілген жәрдемақы.
Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақы (жұмыс істемейтін әйелдер үшін).
Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша ай сайынғы әлеуметтік төлем (жұмыс істейтін әйелдер үшін).
Табысының жоғалуына байланысты жүктілік және босануы бойынша бір рет төленетін әлеуметтік төлем (жұмыс істейтіндер үшін).

Егер декреттік демалыста болған уақыт ішінде екінші балаңызға жүкті болсаңыз, онда төлемдердің 4 түрін тек баланың тууына байланысты жәрдемақыны ғана және баланың күтіміне байланысты ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақыны ғана ала аласыз. Екінші бала туғанда жұмыс берушіге еңбекақының сақталуынсыз декреттік демалысты ұзарту туралы өтінішпен жұмыс берушіге жүгіну қажет.  

...