0 дауыс
717 көрілді
Биік өкшенің зияны бар ма?

2 жауап

0 дауыс
Бауырға салмақ түсіреді
+1 дауыс
Биік өкшелі аяқ киім киетін әйелдердің жасы ұлғайған сайын әртүрлі бүйрек, несеп ауруларына шалдығатынын дәлелдеді. Мұндай аяқ киім кигенде табанға түсетін салмақ артатындықтан, жамбас бөліміне түсетін қысым да екі-үш есеге артады. Сонымен бірге дененің алдыңғы бөлігі мен қуық түбіндегі бұлшық еттердің босауы тездейді. Бұл несеп жолы ауруларының ең басты себепкері.

Әйелдер қауымының ұзақ уақыт биік өкшелі аяқ киім киюі – аяқ сіңірлерінің созылу аралығын қалыпсыз күйге түсіреді. Ал мұндай аяқ киімдерді ұзақ уақыт кию – өзін нағыз қатерге душар еткенмен бірдей. Бұл қалыпсыздық ұзақ уақытқа жалғасса, 40-тан астам әйелдер ауруын тудырады екен.

Жас ұлғая келе аяқ буындарының сырқырап қақсауы, созылмалы сіңір ауруларына да душар етеді.

Ал   жасөспірімдер мен бүлдіршін қыздардың бұл аяқ киімді киюі – бойжету мезгіліндегі қалыпсыз аурулармен қоса, психологиялық ақау тудыратыны тағы бар. Ал Жапон ғалымдары «Балаға биік өкшелі аяқ киім кигізу нәтижесі денедегі зат алмасу мен қан айналысына ықпал етіп, тамаққа тәбеті тартпайтын болады. Сонымен қатар әйел мінезіндегі психологиялық ауруларға душар етеді» дейді.

http://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/9214/

P.S: Биік өкшені күнде-күнде,әрдайым  киіп жүру зиян. Дегенмен,жайпақ аяқ киімнің де өз зияны бар. Сол себепті,алмастырып киген дұрыс.  Бір қызығы,биік өкше кисен бойшаң, сымбатты көрінесің. Және биік өкшемен өзіңді біршама сенімді сезінесің.
...