Абайды білмей өсіп келе жатқан жастарды тәрбиелеу үшін, ең алдымен ұстаздарды оқыту қажет деп ойлаймын. Мен білетін мектеп ұстаздары Абайдың табиғат лирикасынан аса алмайды.
*Мысалы:*
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге....
*немесе*
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі...
*немесе*
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың жаны терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп...
*немесе*
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды
Үсті басы ақ қырау түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды
Әрине бұл өлеңдердің барлығы Абай атамыздың теңдесі жоқ шығармалары.