0 дауыс
309 көрілді
Неге кейбір кинолар имансыз?

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Себебі азғындаған фильмді көретін тобырды басқару әлдеқайда оңай болады. ("Большое Американское шоу" деректі фильмін көруді ұсынамын )
+1 дауыс
Иманды дегенде озин қандай киноны тусинесин ?!!
адамгершілік кинолары
+2 дауыс
Қазіргі таңда телеарналардағы кинолар, шоулар, клиптер жартылай жалаңаш қыздарды түсуруде, арсыздықты жарнамалауда жарысып жатқандай дәрежеде. Бұрындары жаман жүрістілердің көрінісі ретінде білінетін кейіп осы жарнамалар арқылы жалпылық үлгіге айналып жатқаны кездейсоқ емес шығар. Көрсетілімдердің де жаман әдет, ерсі қылықтарды дәріптейтіндері көп. Шетел киноларында басты рөлдегі кейіпкерлер көбінесе тәкаппар болып келеді. Дөрекі сөйлеу, ешкімді тыңдамау, ешкімді менсінбеу, өз бетінше әрекет ету, өр-көкірек болу, арақ ішу абырой ретінде көрсетілуде. Жыныстық үлгідегі ұятсыздыққа, зорлық- зомбылыққа әуестендіретін көрсетілімдер қалыпты нәрседей боп қалған. Әдептілік, ұят, ар- намыстылық аяққа тапталуда. Мұның бәрі әсер етпей қоймас әрине. Әдепке жат қылықтар, ұятсыздықтар, ұрлық, зорлық-зомбылық, маскүнемдікпен нашақорлық артуда. Халықтың жаппай көретін телесериалдардың жағдайы жан түршігерлік десе артық етпес. Ата-анаға қарсы шығу, айтқан тілді алмау, үлкендерді құрметтемеу, сіңлісінің күйеуіне әпкесі қырындап тартып алу, көзге шөп салу деген секілді арсыз қылықтарды қалыпты нәрседей көрсету секілді мысалдар бұлардың бір ғана бөлігі. Тағы бір мәселе шетел киноларының көпшілігінде шоқыну әрекеттері, шіркеуге бару, попқа барып күнәларын тазарту жағдайлары ең кемі бір рет көрініс табады. Бір кісі айтады Балам бір күні христиандықта не істесең де, қандай күнә істесең де соңында попқа барсаң күнадан босатады екен, онда неге христиан болмаймыз? деп сұрады. Оны қайдан естідің дегенімде кинолардан көрдім деді. Сосын христиандықтың қате екендігін және мұсылмандық жайлы ұзақ отырып түсіндірдім дейді.
...