+1 дауыс
1.6k көрілді

Ағылшын тілі ұстаздары, қазіргі кезде елімізде ағылшын тілін оқуға көп көңіл бөлініп жатқаны белгілі. Адамдар арасындағы қарым-қатынас нәтижесі олардың мәдениетаралық коммуникативтік компетенциясына байланысты. Коммуникативтік компетенция - қарым-қатынас жасай алу қабілеті, оның келесідей субкомпитециялардан:
1.Тіл компитенциясы: грамматика, лексика және фонетика білімдерін қамтиды;
2.Сөйлеу компитенциясы: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым;
3.Әлеуметтік-мәдени компитенциясы: адамдар өзінің және өзі оқып отырған, яғни ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің адамдарымен дұрыс қарым-қатынас этикасын сақтау үшін әлеуметтік және мәденитінен хабар болуы керек;
4.Стратегиялық компитенциясы: әр түрлі оқу процесін жеңілдететін әдіс-тәсілдері;
5.Дискурс компитенциясы: вербалды және вербалды емес құралдар көмегімен қарым-қатынас жасай алу қабілетті.

Ендігі мәселе, қазіргі кездегі когнитивті-лингвомәдени әдістеменің мақсаты жоғарыда айтылған мәдениетаралық коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру үшін қандай оқулықтар қолданса болады?

Өмір қарама-қайшылықтарға (парадокс) толы, оқу стандартты бойынша 2017 жылдан бастап химия, физика, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде терминдер енгізіле оқытылса, 2020 жылдан бастап толық ағылшын тілінде оқытылатын болады екен. Бұл жоспар әрине түбегейлі өзгерістерді талап етеді. Әрине, ағылшын тілінде материалдар көп интернетте, тілді білсе дамыған елдердің мамандары мен тәжірибе алмасуғада көп мүмкіндіктер болар, қазіргі жаһандану кезінде. Бірақ қаладан алыс, қалашық, ауылдық мекендерде тұратын адамдар ағылшын тілін тұрмақ, орыс тілін әрен үйреніп жатқан адамдарға, яғни тілдік ортасы жоқ, тіпті болмаса қай оқулықпен оқытса, жасанды түрде болсада қамтуға болатын оқулықтар мәселесі. Оқушыларды айтпағанда, оқытушылардың өздеріне қиын мәселе болып тұр оқулық таңдау мәселесі.

Сұрақ: Ағылшын тілін химия, физика, биолгия және информатиканы оқытуға емес, жас мамандарға, қазір мектептерде оқып жүрген 8-11 сыннып оқушыларын қарапайым pre-intermediate деңгейіне жеткізу үшін, оқылым, тыңдалым, сөйлеу, жазылым қамтылған қандай оқулық ұсынар едіңіздер?

1 жауап

0 дауыс

Мектеп оқушылары, студенттер үшін, сондай-ақ, басқа да ағылшын тілін деңгей бойынша үйренемін деушілер Oxford баспасы шығарған NEW ENGLISH FILE және HEADWAY оқулықтарымен оқығаны жөн. 

Олардың жалпы 6 деңгейі бар:

1) Beginner 
2) Elementary
3) Pre-Intermediate 
4) Intermediate 
5) Upper-Intermediate 
6) Advanced

...