+1 дауыс
44.8k көрілді
Тіл бұрарлық 20 жақты жаңылтпаш тауып берсеңіздер?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Қырда қылау.
Қызыл ала бұзау.
Жатыр жалмаң құлағы,
Қиқу қыздардың қызыл ала тырнағы.
Қызыл тырнағы қылтылдақ,
Сүйір тырнағы жылтылдақ.

Тауда татақ тарғылша,
Матақ суда сотақ,
Солқылдайды қу бұтақ.

Отырар таудың басынан
Отау тікпек ойнайық.
Ор киіктің (ор қоянның )  терісін
Сыпыра (отыра) сілікпек ойнайық:
Олай сілікпе, бұлай сілік,
Жан-жағыңа қарай сілік,
Отарбайдың үйін сілік,
Үйі толған қызын сілік,
Семіз қызын серпей сілік,
Арық қызын аяй сілік.

Мынау         кімнің қотаны,
Қайын атамның қотаны.
Қотаныңда қос терек,
Жайылып шыққан  (айналасы) жас терек.
Қайын атамның қотаны,
Маған тік тұрды,
Мен қайын атамның
Қотанына тік тұрдым.

Жүк  үстінде төрт бөрік,
Төртеуі де көк бөрік,
Кел, қыздар, сол бөрікті тігіселік, сөгіселік!
Кел, қыздар, тігіселік, сөгіселік,
Кел, қыздар, тігіселік, сөгіселік!

Дарияның   ортасында сең келеді,
Сеңменен сексен серке тең келеді.
Сексен серке біреуін ұстап алып,
Сақалын суға салып-малып,
Сілкіп, сығып, сақалын суға  малып-малып,
Сілкіп, сығып, сақалын суға малып-малып,
Сілкіп, сығып!

Жаңбыр жауып келеді, қар аралас,
Насыбайдың ішінде күл аралас.
Бір топ қатын келеді қыз аралас,
Ойпаң жерге шөп шығар көде аралас. Омартаға балалар барар,
Балаларды аралар талар.

Алашаларды
Таба алса, алар.
Үміт түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті.

Қыста құлағым ісіп кетті,
Үсіп, ісіп кетті.

Топ бала, топ бала,
Ойнап жүр топтала.
Көп бала топ бала,
Қуып жүр допты ала.

Киген тоны –
Онды тон,
Өнді тон.
Асан бақша жақтан

Ақ сабақ асқабақ әкелді,
Басқа жақтан
Басқарақ асқабақ әкелді.

Ала-ала алашалар,
Тамаша олар,
Оған кім таласа алар.
 
Көлбай көлдей орамалмен сүртінді,
Көлбай көлдей орамалмен өткізді бір түнді.
 
Таудан түсіп келеді тау ұлдары,
Тау ұлдары сүйеді қауымдарын.
Тау ұлдары сүйеді ауылдарын,
Тамашалап жүреді тауын, бағын.

"Жер асты үңгірлері..."
 Деп досым міңгірледі,
 Ол міңгірлегенде
 Үңгірлер де күңгірледі.
 
Әмір мен Әділдің әбігеріндей
Әркімнің әбігерлігі бар.

Әнуар - өнер түлегі.
Әдемі етіп тігеді.

– Кім сызғышсыз?
– Біз сызғышсызбыз.
– Сызғышсыздарға
Сызғышсыз сызғыз.

Қырық құлып,
Қырық құрық.
Құлып та қырық,
Құрық та қырық.
 
Жағажай,
Жағажайда - Қамажай
Жағажайды жағалай,
Жүгіреді Қамажай.
 
Қырсық қисықты.
Қисық қырсықты
Қырсық құр қырсықты.
 
Жамал Жаңылды,
Жалындырмақшы болды,
Жаңыл Жамалды,
Жаңылдырмақшы болды.
Жаңылдырғаны дұрыс па?
Жаңылдырмағаны дұрыс па?

Қырық құлып,
Қырық құрық.
Құлып та қырық,
Құрық та қырық.

Қырсық қисық-ты,
Қисық қырсықты.
Қырсық құр қырсықты.
0 дауыс
Денсаулык туралы жанылтпаш керек еди
0 дауыс
Денің сау ма?

Сау
Сау ға сау

Деніңсау болсын десең

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...