Қазіргі кезде орыспен ғана емес, өзге ұлт өкілдерімен отау құрып жатқан қаракөздер (қызы да, ұлы да) аз емес. Өзге ұлт өкілдерінің әсіресе қазақтың аруларын жар қылатын жағдайлары жиі кездеседі. Неге? Өйткені бізде менталитет басқа, қыздар (келіншектер) ер адамдарды сыйлап, отбасын құрғанда да оларды өздерінен жоғары қояды. Ал, олардың өздерінің әйелдері көп жағдайда ерлермен тең стауста өмір сүреді. Бізде ер адамдарға деген сыйластық өзгешелеу. Ал, қыздардың шетел азаматтарына неге қызығады десек, жасырын емес, материалдық жағдай секілді. Оларда әсіресе бізде жұмыс істейтіндері материалдық жағынан жақсы дамыған, жағдайлары жақсы. Бір кездері қазақтың қаракөздері шалға (бай болатын олар) бердің деп, өз өміріне қол жұмсап жатса, қазір жас жігітті таңдауға мүмкіндік бола тұра, шетелдік шалдың етегіне жармасқаны көңілге кірбің ұялатып тұр. Өз басым шетелдік азаматпен отау құруға қарсымын, шетелге шыққан соң қазақтың емес, сол елдің ұрпағын көбейтеміз, әсіресе қыздар үшін, сондықтан да қазақтың қыздары қазақтың жігіте тұрмысқа шығып, қазақтың оңбай жатқан демографиясын көтеру қажет! Ал, ол үшін қазақтың жігіттері де қазақтың арыстай азаматы деген атқа лайық болып, шетелдіктен артық екендерін көрсету қажет деп санаймын. Және қыздар да өмірде басты байлықтың ақша емес екіндігін түсіну қажет деп санаймын( бәріне емес әрине, шабуылдап кетпеңіздер)!!!