0 дауыс
1.0k көрілді
Халықаралық бағалы қағаздар нарығы деген пәннен лекция немесе әдебиеттер тізімі болса беріңіздерші, өтініш. Рахмет

1 жауап

0 дауыс
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар құқығы Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы туралы заңдылығы Қазақстанның Конституциясына негізделген және ҚР Азаматтық кодексінен, 2- шілде 2003 жылғы Құнды қағаздар нарығы туралы» ҚР заңынан және басқа ҚР нормативтік құқықтық актілерден тұрады. Егер де Қазақстан Республикасы қол қойған келісім- шарттарда заңда қарастырылғаннан басқа ережелер бекітілген болса, онда халықаралық келісім- шарт ережелері қолданылады.[1] Бағалы қағаздардың түсінігі және түрлері Азаматтық құқықтың объектілерінің бірі бағалы қағаздар болып табылады. Азаматтық кодекстің 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады. Осындай анықтамадан бағалы қағаздың ерекше сипаты шығады, ол атап айтқанда: бағалы қағаз — түрі және мазмұнымен заң талаптарына қатаң бағынатын құжат. Мәселен, бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлері, бағалы қағаздардың міндетті реквизиттері, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажетгі талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша бейнеленеді. Ал, міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады; бағалы қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады; бағалы қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде ғана құқық іске асырылады. Айталық бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға — индоссантқа немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді). Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкілі ретінде әрекет жасайды (АК-тің 132- бабы).[2] Азаматтық кодекс бағалы қағазды құжаттаумен бірге оны зат деп те көрсетеді. Өйткені, кез келген құжаттың түп-төркіні материалдық дүниеге қатысты келеді. Сондықтан да онда көрсетілген әріп таңбалары мен сандары, тасқа басылып не қолмен жазылған жазбалары осы құжат туралы тиісті ақпарат береді. Сонымен бірге кез келген құжаттың бағалы қағаз бола алмайтыны тағы бар, тек заңмен белгіленген шарттық белгілері сақталғаны бағалы қағаз құқығын алады. Бағалы қағаздың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық құжаттарында көрсетілген (оның атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субъектінің қағаз бойынша керсетілген міндеті, нормалдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау (пайыздар), қағаз бойынша орындалу орны және басқа шарттар) талаптар болып табылады. Мұндай талаптар түгелдей сақталмаса, яғни бағалы қағаздың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшін белгіленген нысанға сәйкес келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады (АК- тің 131-бабының 2- тармағы). Бағалы қағаздар зат ретінде бірнеше түрге бөлінеді, әрі иеленушісінің талап- мүддесіне сәйкес бланк, қағаз парақшасы түрінде кездеседі. Бағалы қағаздың құны тиісті материалдық игіліктің құнына негізделеді. Азаматтық кодекстің 130-бабы мүліктік құқықтар куәландыратын мазмұнына қарап бағалы қағаздарды облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда бекітілген тәртіппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар деп негізгі түрлерге бөледі. Кодекстің 130-бабының 2-тармағына сәйкес, бағалы қағаздар іштей ұсынбалы, атаулы және ордерлік болып жіктеледі. Ұсынбалы бағалы қағаздар құжаттың тұпнұсқасы болады, ал тұпнұсқаны ұсынушы келесітұлғаға көрсеткен сәтте өзінің өкілеттілігін жүзеге асырады. Демек ұсынбалы бағапы қағаздар онда көрсетілген мерзімде нақты құнымен басқа мүліктік балама алуға құқық береді. Бағалы қағаздың мәтінінде оны ұсынушы үшін нақты тұлғаның есімі көрсетілмейді, тек бұл құжаттың бағалы қағаз екендігі ғана айқындалады (мысалы, облигация). Ордерлік бағалы қағаз да құжат болып табылады, ол бойынша міндетті субъект құжат мәтінінде көрсетілген тұлғаға міндеттенген нәрсені орындауды ұсынады, немесе өзі де белгіленген ереже бойынша құжат мәтінінде көрсетіледі. Ордерлік бағалы қағаз құқықтың субъектісі болып табылатын белгілі бір тұлғаға беріледі.
рахмет ізденгеніңізге
...