0 дауыс
704 көрілді

Сәлеметсіздер ме? Құрметті сайт қолданушылары! Сіздерге қояр сұрағым, жалпы өмір жайында жиі ойланасыздар ма? 

8 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Әрине оиланып тұру керек! Адамдар, негізінен, бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білген адам өмірдің шын рахатын сезінеді. Өмірдегі түрлі оқиғаларда саған сүйеу болатын, сүрінгенде демейтін досың болғаны дұрыс. Жақсы досы бар адам түзу жолдан таймайды. Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды, Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,- деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Соңғысы, әрине, өкінішті - ақ. Өмір деген менің түсінігім бойынша алланың бізге берген сынағы. Қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - өзіміз. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, спирттік ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын ұстанайық, достарым! Дені сау, жан - жақты дамыған, жаны сұлу адам ғана мәнді де салауатты ғұмыр кешеді.
Иә, барлығымен толықтай келісемін. Жауап үшін рақмет!
0 дауыс
Әрине, үнемі сондай ойлар үстінде боламын.
0 дауыс
Өмір туралы ойланғанда, өмір деген шахмат, карта, покер сияқты ойын. Әр сәтке сай қолыңызда карта болады, соған сай ойнайсыз. Ойын шарты тұрғысынан ойланғанды жөн санаймын және нәтижесімен толыққанды қанағатпын.
Бірде басым түсесіің, ал енді бірде басылып қаласың. Жалпы жақсы теңеу. рақмет
0 дауыс
oilanyp kaitesn filosof bolyp sonsha kyzyktardyñ arasynda zhalgyzsyrap. tek kuanyshty satterde esiñe alyp tursañ da zheted
0 дауыс
Үнемі ойлаймын.
Ойланған сайын өмірдің қай жағын көбірнек танисыз? Жақсы ма әлде жаман ба?
0 дауыс

Суға түскен кездегі уақыттың 90%-ы ойланумен, қалған 10%-ы шомылумен өтеді.cheeky

Сонымен, Мирас мырза
0 дауыс
Өмірде ойлану керек, бірақ сапалы ойлану керек. Ең бастысы əрекет қылу!
0 дауыс

Өмірдің мәнін іздеме, жай ғана өмір сүр.

Бәлішті құр сөзбен сипаттағанша,

жеп көрген әлдеқайда жақсы емес пе?!

 

Өмір жайлы көп ойланатыным сонша, өмір сүруге уақытым жетпей қалады))

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
+1 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
11 жауап
...