0 дауыс
14.6k көрілді
Тұрмыс-салт жырларының тәрбиелік мәні шығарма керек еді өтініш жоспарымен

2 жауап

+1 дауыс
Жоспары Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні /// Қазақ этнопедагогикасының үлкен бір саясаты, қазақ халқының салт-дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-ғұрыпқа, әсерлі әдет-ғұрыптар салт-дәстүрлерге, халықтың өмірінде қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт- дәстүрлері рәсімдер мен жөн-жоралғылар, рәміздер, ырымдар меи тыйымдар, түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып, толысып, жаңарып отырады. Халықтың игі мәдени дәстүрлері; ізеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, қонақ жайлылық, имандылық, иманжүзділік — барлык мәдени үлгі-өнегелі іс- әрекеттердің көрінісі — деп деп аталады. Қазақ халқының осы игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты рухани тазалығы жағынан альт, қазақ халқын әдепті, яғни қайырымды, мейірімді халық деп атауға әбден болады. Бұл — ұлт мәдениетінің ең озық көріністері. Халықтың әдеп — ұрпақ тәрбиесінің өзекті арқауы. Игі әдеттердің өмір қолданысына айналуы — әдет-ғұрып, оның біржола өмір заңдылығына айналуы — салт-дәстүр деп аталады. Яғни дәстүр — қолданылмалы іс- әрекет. Ол қалыптасқан іс-әрекет ешкімнің "нұсқауынсыз" еркін мәжбүрлікпен орындалады. Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің толысып, не жаңарып отыруына себепші болады. Мысалы қыз ұзату, үйлену тойлары толысып, жаңарды да, ал "әменгерлік", "атастыру" салты бірте-бірте өмірге қолданылудан қалды. Этнопедагогикадағы салт-дәстурлердің ұлттык санага сіңіп, біржола заңдандырылуы — салт-сана деп аталынады. Ұлттык санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді Ұлттық сананың қозғаушы күші — ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сап өмірден өз көріністерін байқатады. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің салт- санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор.
рахмет тагыда болса жибересисиз ба 2-3 бет керек еди
0 дауыс
Тұрмыс-салт жырлары - қазақ халқының әдет- ғұрып, салт-жораларына байланысты туындаған өлең-жырлар. Тақырыбы жағынан, қандай мақсатта қолданылуына орай бірнеше топқа жіктеледі: тұрмыс-салт өлеңдері (төрт түлік туралы өлеңдер, наурыз өлеңдер), дінге байланысты салт өлеңдері ( жарапазан, арбау, жалбарыну, бақсы сарыны, бәдік), үйлену салт өлеңдері ( тойбастар, жар-жар, сыңсу, беташар), мұң-шер өлеңдері ( қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау), өтірік өлеңдер, т.б. Тұрмыс-салт жырларында көне эпостық шығармаларға негіз болған мұң-шер өлеңдері мен саят жырларынан бастап, халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты, қуаныш пен сүйініш-күйінішті көрсететін лирикалық ән-өлеңдер де, тарихи шағын жырлар да кездеседі. Соның ішінде наурыз жырлары, төрт түлік мал туралы өлеңдер ең көне түр болып саналады. Мұндай жырларда ежелгі адамдардың еңбекөлікәсібі, түрлі тотемдік түсініктері, табиғаттың жұмбақ сырына үңіліп, оған табынудан туындаған ұғым-түсініктері сипатталады. Мысалы, “Қамбар ата”, “Шопан ата”, “Зеңгі баба”, “Ойсыл қара”, “Шекшек ата”, т.б. Түркі халықтарының тұрмыс-салт жыры тақырып, мазмұн, түр, жанр жағынан ұқсас келеді. Мысалы, нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, дүниеден қайту, жаңа жыл салтанаты, еңбек мерекесі, т.б. дәстүрлі салттар түркі халықтарында өлең- жырсыз өтпейді. Қазақтың тұрмыс-салт жырлары жеке немесе топтасқан түрде белгілі бір әуенмен орындалады. Қазақ зерттеушілері тұрмыс- салт жырлары терминін түрліше қолданған: салт өлеңдері (Ә.Диваев, Б.Кенжебаев), сарындама ( Ахмет Байтұрсынұлы), сыншылдық салт өлеңдері ( М.Әуезов), салт өлең-жырлары ( С.Сейфуллин), тұрмыс- салтқа байланысты туған шығармалар ( М.Ғабдуллин), әдет- ғұрыппен байланысты өлеңдер ( Б.Уахатов), т.б. Уахатовтың “Қазақтың халық өлеңдері ” (1974) еңбегінде тұрмыс-салт жырларының көне түркілік дәуірден бергі үлгілері мен жиналу, зерттелу жайы жан- жақты қамтылып, өлеңдер жанрлық тұрғыдан 4 түрге жіктелген. Алайда халықтың тұрмысы мен салты үнемі өсу, жаңару үстінде болғандықтан жырларды жіктеу де өзгеріске ұшырап отырады. Ғылымдағы соны көзқарастар нәтижесінде тұрмыс-салт жырлары да жаңаша тұрғыдан саралана бастады.
...