Бұл реттегі неке қиюдан бас тарту заңды болып есептеледі. Қазақстан Республикасында неке қию тәртібі тек Неке және отбасы туралы заңымен реттіліп қоймай, 1999 жылы 22 мамырда бекітілген №620 «ҚР азаматтық ахуалдағы актілерді тіркеу тәртібі туралы Ережелер» атты ҚР Үкіметі қаулысымен де реттеледі. Арызды бірге беру мүмкіндігі болмаған жағдайда некеге тұратын адаммен өтніш беру мүмкіндігі жоғарыда аталып кеткен Ереженің 73 пунктімен қарастырылған. Негізінен, бұл пунктте «Егер белгілі бір себеп бойынша Азаматтық ахуалдағы актілерді жазу бөліміне арыз берген кезде некеге тұру үшін ниет білдірген екеуі де келе алмаған жағдайда (бір-бірінен алшақ тұрғанда, қатты науқаста, әскери қызметтен өту кезінде және т.б.) екі тұлғамен қол қойылған арыз некеге тұратын тұлғалардың біреуімен берілуі мүмкін». Бұл ретте бірлесіп жазылған арыздағы келе алмаған тұлғаның қолы нотариалды түрде куәландырылу қажет.
Сонымен қатар қойылған қол Азаматтық ахуалдағы актілерді жазу (АХАЖ) органының бастығымен, немесе тіркеумен айналысатын ауыл әкімшілігінің лауазымды тұлғасымен куәландырылуы мүмкін; сондай-ақ шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының қолын – ҚР консулдық мекемесінің лауазымды тұлғасымен; әскери қызметкерлерінің қолын – әскери бөлімінің командирімен; ҚР туы астында жүзіп жүрген теңіз кемелері немесе ішкі жүзудегі кемелеріндегі ҚР азаматтарының қолын – осы кемелердің капитандарымен; барлау, арктикалық және өзге де осындай экспедициялардағы ҚР азаматтарының қолын – осы экспедициялардың бастықтары, стационарлық емдеу-профилактикалық мекемелерінде емделіп жатқан азаматтардың қолын – осы мекемелердің әкімшілігімен куәландырылады.
Демек, сіздің жағдайыңыз аталған осы нормалармен реттеледі. Өкінішке қарай, берілген арызыңыз дұрыс ресімделмеген, өйткені сіздің жағдайыңызда некеге тұратын күйеу жігіттің қолын нотариуста куәландыру керек еді. Күйеу жігітіңіз жұмыс істейтін ұйым басшысының қолы бұл ретте жеткілікті болмағандықтан, нотариалдық куәландырудың орнын ауыстыра алмайды.