0 дауыс
1.9k көрілді
Мен патент негізіндегі арнаулы салық режимінде дара кәсіпкер ретінде кызмет етемін. Менің екі үйім бар. Бір үйімді кәсіпкерлік қызметінде пайдаланамын, екінші үйімде өзім тұрамын. Осыған орай, мүлік салығы қалай есептеледі?

1 жауап

0 дауыс

10.12.2008 жылы Қазақстан Республикасы Салық ко­дексіне сәйкес тұрғын үй-жайлар (кәсіпкерлік қызме­тінде пайдаланатын үй) бойын­ша мүлік және жер салық­тарының міндеттемесі ҚР СК 57 тарауында көрсетілген тәр­тіппен орындалады.

Салық салу объектілерін сатып алу құны патент негі­зінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсiпкер­лердің салық салу объектiлерi бойынша салық базасы болып табылады. Осындай құн болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші арасындағы шарт бойынша өткізілген бағалау деректері бойынша нарықтық құн салық базасы болып табы­лады. Салық салу объектi­ле­рiнiң орташа жылдық құнының 0,5 пайыз ставкасы бойынша есептеледi. Салық кезеңі ішін­де декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешік­тірмей төленеді. Декларация есептi жылдан кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрілмей табыс етiледi.

Тұрғын емес үй-жайлар (кәсіпкерлік қызметінде пай­даланылмайтын үй) бойынша салық міндеттемесі ҚР СК 58 тарауында көрсе­тілген тәр­тіппен орындалады, яғни мүлік салығы салық органдарымен есеп­телген салық сомасы ту­ралы хабарламада көрсе­тілген салық кезеңiнiң 1 қа­занынан кешiктiрiлмей төленеді. 

...