0 дауыс
518 көрілді
Менің інім 2011 жылы пәтер сатып алды. Ал 2012 жылы үйленді. Ал 2014 жылы пәтерді әйеліне сый­лады. Сыйға тарту кезінен бастап бұл пәтер бірлескен ортақ меншік болып табыла ма?

1 жауап

0 дауыс

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекстің 35-ба­бына сәйкес, ерлі-зайып­тылардың әрқайсысының мен­шігі болып:

1) некеге отыруға (ерлі-зайып­ты болуға) дейiн ерлi-зайыптылардың әрқайсысына тиесiлi болған мүлiк;
2) ерлi-зайыптылардың не­кеде тұрған (ерлі-зайыпты бол­ған) кезеңiнде мұрагерлiк тәртi­бiмен не­месе өзге де өтеусіз мә­мiлелер бойын­ша сыйға алған мүлкi;
3) некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңінде ерлi-зайыпты­лардың ортақ қаражаты есебiнен сатып алынса да, қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын қоспағанда, жеке пай­даланатын заттары (киiм-кешек, аяқкиiм және басқалар) ерлi-зайып­тылардың әрқайсысының меншiгi болып саналады.

Сондықтан 2014 жылға дейін бұл пәтер күйеуінің меншігі бо­лып саналады және бөлуге жат­пайды. Бірақ 2014 жылдан пәтер сыйға тарту шарты негізінде әйелінің мен­шігіне ауысты және біріккен меншік болып саналмайды.

...