+2 дауыс
950 көрілді
Жауаптарыңыздың байыпты болғанын құп көремін. "Маминькин сыночек",  яғни анасына жақын өскен балалар туралы не айта аласыздар және ұл баланың еркек мінезді болуына қандай әсері бар?

4 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
"Мамасының баласы" әдетте балалар анасына жақын келеді, анасына жақын өскен бала сол анасы сияқты ерекше қамқорлықты өне бойы аңсап, қалап тұратын болады. Кейбір аналар ұл баласын қасынан бір елі ұзатпай өсіреді, ол оны ерекше жақсы көргендігі болар, бірақ ол бала соған әбден машықтанып алады да, әйелжанды боп өседі. Егер ол анасынан айырылып қалған жағдайда өмірде қиналуы мүмкін, жолы болып анасындай әйелге жолықпаса.... Сол үшін анасы баласын әке қамқорлығынан шеттетпегені жөн, жалпы ер адамдармен жиі араласуына мүмкіндік жасағаны дұрыс. "Әке көрген оқ жонар..." ата-ана қателігі үшін балалардың зардап шегуі міндетті емес, бәрінен де балаларды толыққанда отбасында (яғни, әкесі де, шешесі де жанында) тәрбиелегенге не жетсін......
*Бала тәрбиелеудің бір жолы - даналық,  бір жолы - қаталдық, екеуінің басын қосып ұштастыру -  ҰЛЫЛЫҚ!*
+3 дауыс
Екеуіне де көнбеймін. Бала - бала болуы шарт.Ерте есейген бозбала, бойжеткендер - қиындықты көргендер...ол-түсінікті. Ал анасының алқымынан шықпайтын азаматтардың ертеңгі күні не болмақ???  Еркеліктің жөні де болар, өз шегінде. Жасыңа сай болу - XXI ғасырда аз кездеседі...өкініштісі.  Өзім [кешірім өтінемін] 17 -е қадам бастым, салмақтымын, балалығым да бар, өз орнымен сөйлеп, қимылдаймын.Сол дұрыс-ақ.
+3 дауыс
Көгілдірлер неден пайда болады? өйткені кішкентайынан анасының тәрбиесін көргендер,солай өсе келе қыз мінезді,майысқақ,әлсіз болып кетеді  ондайды болдырмау үшін әкесінің тәрбиесін көру керек.ИМХО
+1 дауыс
Отбасы құрылған соң толыққанды болғаны жөн. Қазіргі кезде бұл бір үлкен мәселелердің бірі. Некесіз сәбилер туылып жатқанда, әкесіз ұлдардың көбейіп жатқаны да таңсық емес. Анаға жақын ұл...негізінен қазақта ұлдың тәрбиесін атаға, қыздың тәрбиесін шешеге балаған. "Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер" немесе "әкесіне қарап ұлын, шешесіне қарап қызын таны" деген мақалдар соның бір дәйегі. Анасымен өскен ұл көп жағдайда психологиялық жағынан әлсіз болады. Басына түскен қайғыны өте ауыр көтереді. Тіпті өз өміріне балта шабуға баратындай жағдайға да түсуі мүмкін. Өйткені оны тәрбиелеген ер адам емес, әйел. Ал, әйел адамның жаны нәзік. Ер адамның тәрбиесін көрген адам қанша дегенмен қайраттылыққа үйренеді. Анадан мейірімділікті, әкеден қайраттылықты үйренген ұл болашақта өзі де өнегілі әке болары сөзсіз. Тағдырдың қатал сынымен (ажал болса) әкесіз қалған ұлдың санасына әкесінің қайраттылығын құйып отыру керек шығар құлағына. Атам қазақ, "Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ" деп бекер айтпаған. Сондықтан ансыз қыздарымыз, әкесіз ұлдарымыз өспесін.
...