2015-2016 оқу жылына арналған тәрбиелеу жұмысының жоспары Бекітемін Мектеп директоры:__________С.Т.Хасанова Павлодар қаласы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 2015-2016 оқу жылына арналған тәрбиелеу жұмысының жоспары Мектептің тәрбиелеу жұмысының мақсаты: Алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерінде қолдана алатын, кең мағынасында шешімдер мен іс- әрекеттерді таңдай алатын, тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын, бәсекеге қабілетті білімді, тәрбиелі, ақпараттық мәдениетті (компьютерді және техникалық құрал- жабдықтарды еркін пайдалану) көптілді(үш тілде жазбаша және ауызша еркін қарым – қатынас жасай алатын полимәдениетті тұлға ), креативті (терең қазатын, айқын көретін, алысқа сүңгитін, күнді жарқыратып, келешекке құшақ жаятын, яғни өзін креативтілік тұрғысынан ұйымдастыра білетін), қоғамымыздың сұраныстарын қанағаттандыратын, көшбасшылық қасиеттері дамыған, еңбекқор, патриот түлек тұлғасын (элита) қалыптастыру. Мектептің 2015– 2016 оқу жылына арналған тәрбиелеу жоспарына түсінік хат Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің І – ХІ сынып оқушыларына арналған тәрбие бағдарламасы мен Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы ҚР Үкіметінің 2007 жылдың 21 желтоқсандағы №1260 бекітілген 2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасы, БҰҰ бала құқықтары туралы конвенция, ҚР «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы конвенция, Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы, Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізге алына отырып, мектептің Дамыту бағдарламасы негізінде құрастырылды. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама – қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу; Жоғарыда аталған мақсаттарды негізгі, басты деп алып, мектебіміздің тәрбие жұмысының мақсаты айқындалды:алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерінде қолдана алатын, кең мағынасында шешімдер мен іс- әрекеттерді таңдай алатын, тез өзгеретін әлемге бейімделе алатын, бәсекеге қабілетті білімді, тәрбиелі, ақпараттық мәдениетті (компьютерді және техникалық құрал- жабдықтарды еркін пайдалану) көптілді(үш тілде жазбаша және ауызша еркін қарым – қатынас жасай алатын полимәдениетті тұлға ), креативті (терең қазатын, айқын көретін, алысқа сүңгитін, күнді жарқыратып, келешекке құшақ жаятын, яғни өзін креативтілік тұрғысынан ұйымдастыра білетін), қоғамымыздың сұраныстарын қанағаттандыратын, көшбасшылық қасиеттері дамыған, еңбекқор, патриот түлек тұлғасын (элита) қалыптастыру. Мектеп кешенді тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру жолында, бағдарламада белгіленген тәрбие мақсаттары мен қойылған міндеттерді орындау мақсатында 12 бағытта жұмыс жасайды: 1.Азаматтық- патриоттық тәрбие – Отанымыздың тағдыры үшін, елді бейбіт және әскери жағдайда қорғауға жауапты Қазақстан азаматы мен патриотының тұлғасын тәрбиелеу. 2. Құқықтық тәрбие– тұлғаның құқықтық санасын, саяси белсенділігін, мінез – құлқын қалыптастыруға, заңға мойынұсынатын, заңды білетін ғана емес, сонымен қатар, оларды саналы түрде орындайтын азамат тәрбиелеу. 3. Ақыл – ой тәрбиесі (интеллектуалдық) – тұлғаның интеллектуалды әлеуетін дамыту, көптілді, функционалды және ақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу. 4.Рухани – адамгершілік тәрбие – адамгершілік және этикалық құндылықтар, адамгершілік сезімдер мен қасиеттер: ар, парыз, жолдастық, қайырым, ұят сынды қасиеттерді тәрбиелеу. 5. Ұлттық тәрбие (елжандылық) – өз ұлтының лайықты өкілі, өз тілін, тарихын тасымалдаушы, басқа ұлттардың мәдениетін білетін және құрметтейтін, басқа ұлт өкілдерімен диалог жүргізуге және өзара әрекет етуге даяр адамды, туған жеріне сүйіспеншілік рухында, үлкендерді сыйлауға, табиғатқа құндылық ретінде қарауға тәрбиелеу. 6. Отбасы тәрбиесі – отбасы қатынастары мәдениетін, ұлттық отбасы дәстүрлерін тәрбиелеп, ата – аналармен ынтымақтастық қарым – қатынас құру. 7. Экономикалық тәрбие – инновациялық экономика талаптарына жауап беретін экономикалық сана қалыптастыру, қаржы – құқықтық мәселелер бойынша хабардар адамды тәрбиелеу. 8. Еңбек және кәсіби тәрбие – еңбекке деген жауапкершілік қатынасты қалыптастырып, шығармашылық еңбекке деген қажеттілікті дамытып, еңбек мәдениетін тәрбиелеу. 9. Эстетикалық тәрбие – эстетикалық сана, талғам, сезім және көркем – эстетикалық қабілет тәрбиесі. 10. Экологиялық тәрбие – табиғатты қорғаудың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, табиғатпен араласуды, табиғатқа теңдессіз құндылық ретінде және туған ел табиғатына Отанға деген қатынасты тәрбиелеу. 11. Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – дене тәрбиесі және спортқа баулу негізінде қайраттылық және салуатты өмір салтын дамыту. 12. Діни экстремизм, терроризм, суицидтің алдын – алу – аталған бағыттардың алдын – алу бойынша сынып оқушыларымен, ата – аналарымен жан – жақты жұмыстар жүргізу. 2015 – 2016 оқу жылына арналған іс – шаралар жоспары алға қойылған мақсаттарды орындауға және тәрбиенің 12 бағытын іске асыру мүмкіндігін ескере отырып құрастырылды.шш