+3 дауыс
12.8k көрілді

Жалпы «Адамдар не үшін үйленеді?» деген сұраққа: «өмірді бөлісу үшін үйленеді» деп жауап беруге болады. Өмір деген әркез теп-тегіс, жап-жақсы бақытты, шаттықты күндерден ғана тұрмайды. Бақытты жанұя дегенміз – бірін-бірі түсіне алатын, үнсіз сыйласа білетін жұптар. Түсінісу деген –тұрмыста кездеспей қоймайтын қайшылықтарды ушықтырмай, ұрыс-керіссіз шешу. Және бір түрден, келесі бір ортақ пайдалы түрді шығару білу. Әрине, адамдар бір-біріне ұқсамайды.Сөйте тұра, бір-біріне ұқсамайтын екі адамның ортақ жанұя құрып, өмір сүруі де оңай шаруа емес.

Бақытты жанұяны құру үшін не істеу керек?

Жанұя қоғамның ең маңызды құрылымы екені баршамызға белгілі. Қоғамда қалай бақытты жанұя болуға болады?

Бақытты жанұя

11 жауап

0 дауыс
Адамның тұлғалық қасиетінің жақсы немесе жаман болып қалыптасуына әсер етуші фактор − жанұя. Бала кішкентай кезінде көрген-түйген дүниелерін кейін өзі бөлек отау құрғанда жаңа отанына алып барады. Және өзі көрген, ұққан дүниелерін өзінің бала-шағасына береді. Сол себепті, жанұя тәртібі, отбасылық тәрбие, былай қарағанда, мәнсіздеу дүние көрінгенімен, оның әулет, ұрпақ, ағайын, мемлекет, отан алдындағы маңызы өте терең. Қазақта: «Отан отбасынан басталады», — деген дана сөз бар. Шынында да, адам баласы үшін Отаннан кейінгі қасиетті ұғым - отбасы болса керек. Отбасы – Отаннның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, қатарға қосатын маңызды мекеме. Данышпанның да, ғалымның да ең алғашқы тәлімі мен тәрбиесі осы мекемеде қаланған. Мемлекеттің мықты болмағы оның дана басшысына байланысты болғаны сияқты, отбасының берекесі – ері мен әйеліне байланысты екені даусыз. «Үйлену оңай, үй болу қиын» десек те, отбасын құрған әрбір жан үйленерде бақытты болам деп емес, жарымды бақытты қылам деген мақсатпен үйленсе, көп қиындықтың басы шешілер еді. Қазіргі қоғамымыздағы ажырасу дерегінің күн санап өсіп келе жатқандығы көңіл алаңдатады. Отанымыздың тұғыры мықты болуы үшін Отанды құрайтын отбасы мықты болуы керек.
0 дауыс
Бақытты жанұя құру үшін үйлену керек қой.
+2 дауыс
"Отбасын құру үшін сүю жеткілікті. Ал оны сақтап қалу үшін шыдам мен кешірім керек"-дегенді оқып едім ғаламтордан.
Жоқ, отбасын құру үшін сүю ғана жеткіліксіз, оны сақтап қалу үшін ми керек...Тек махаббат қана отбасын сақтап қала алмайды
Отбасын құру үшін сүю ғана жеткіліксіз, оны сақтап қалу үшін ми керек....
Иә, шыдам мен кешірім де даналықты талап етеді.
0 дауыс
Бақытты жанұя құру ұшын жақсы өмір жолдас таңдау керек. Бақытты жанұя құру ұшын бірін бірі қолдау керек, ыстыққа бірге жылынып суыққа бірге тоңыу керек. Тағыда аитарым сенім керек. Отбасында еркек адам шыдамды болу керек себебі көбіне ауыртпалық еркек адамның мойнына туседі, бір жұмысы келіспеи қалып мұңаиып отырған ер адамға жат нәрсе
0 дауыс
Бақытты жанұя болу үшін адал махаббат және төзім
0 дауыс
Шыдам мен сабырлық. Шыдам мен сабырлық
0 дауыс
Жаксылап iстеу керек!
0 дауыс
От басы бақыты , бірге балдарымен бос уақытта демалғаны, достарымен қызықты кеш өтуі т.б. Жалғыз басты адамға уақыт өткен сайын қиын. Құдай жалғыздық бермесін дұшпанға да.
0 дауыс

Адам баласы - сүйіспеншілік, таң қалу, өкпелеу, қуаныш-қайғы, мейірім-шапағат т.б. әр түрлі сезімдердің жетегінде жүреді. Осы сезімдерді шегінен асырмай тізгіндеп, оларды тұрақтылық пен тепе-теңдік жағдайында ұстай білген адам өкінішке ұрынбайды. Осы сезім құбылыстарын тізгіндей білген адам бақытты жанұя құра алады. Ішкі сезімдері құбылмалы жандар құрған шаңырақ ғұмырлы болуы қиын. Сондай-ақ өзімшіл, тәкаппар адамдар да жанұя бақытын толық түсіне алмайды.

Адам баласының өмірін тулап-толқып, буырқанып жатқан теңізге теңесек, сол бір асау бұйра жал толқындардың ығырынан шаршаған пенде бір сәт жайлы ыстық құм төселген жып-жылы жағажайға барып демалғысы келеді ғой. Ендеше, жанұя дегеніміз – сол бір ыстық жағажай. Адам арпалысып жатқан тірліктен шаршағанда барып жан тыныштығын табатын орын – өз шаңырағы. Өйткені, осы шаңырақ астында сыртқа шықпайтын қайғы-мұң, қуаныш-реніштер бөлісетін жүректі табады.

Жалпы «Адамдар не үшін үйленеді?» деген сұраққа: «Өмірді бөлісу үшін» деп жауап беруге болады. Бақытты отбасында ерлі-зайыптылар өздеріне тән жақсы қабілеттерін тұмшаламай, бірін-бірі бағалап, санасып отырады. Мәселен, ері әйелінің өзгермелі кездеріндегі сезім ауытқушылығына жылы шырай танытып, көңілін аулайды. Әйелі де күйеуінің жұмыстан арқалап келген бар ауыртпашылығын ұмыттырып, жұбата біледі. Жанұядағы талас-тартыс есікті жапқан кезде сыртта қалуы керек. Ішке кірген бүлік отбасын бүлдіреді.

0 дауыс
Бақытты отбасын құрұ үшін әуелі бір бірін сүю керек сосын бір-бірін тсүнү қолдаукрек адам сабырлы болуы керек деп ойлаймын
0 дауыс
Отбасы-бірлесіп күн көретін,туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы.
...