0 дауыс
1.4k көрілді
Интернет-банкинг - банк қызметін қашықтан көрсету (ұсыну) жүйесі, шоттарыңызды басқаруды, сондай-ақ төлемдер мен аударымдарды Интернет желісі арқылы жүргізуге мүмкіндік береді делінген. Жалпы Интернет-банкинг деген не және оған қалай қосылу керек?  «Интернет - банкинг» жүйесіне қосылу үшін не қажет болады?

1 жауап

0 дауыс
Қосылу үшін алдымен сіз қай банктен несие аласыз сол банктің ережесі бойынша жүзеге асырылады.

Мысалы халық банкін алайық! Қосылу ережесі:

1.Халық банкте шотыңыз болу керек, болмаған жағдайда оның ашылуы туралы шарт жасауыңыз керек!

2.Қажет нәрселер: Дербес компьютеріңіз, модем,телефон желісі,интернет желісіне қол жеткізудің кез-келген нұсқасы.

3.Банк менеджерімен "Интернет - банкинг" желісінің қызметін пайдалану жүйесі бойынша шарт жасасу.

 

Интернет-банкинг несие ұйымының интернет арқылы алыстан банк қызметін көрсетуі. Интернет желісіндегі банк сайты арқылы клиент нақты уақыт режиміндеәлемнің кез келген нүктесінен банк қызметкері қатыспай-ақ (соның ішінде ұялы телефон арқылы да) өз шоттарының жай-күйі туралы ағымдағы ақпаратты ала алады, қаражаттың шот бойынша қозғалысын қуаттайтын төлем құжаттарының деректемесін қарай алады, мәміле бойынша әріптестер көрсеткен төлемдеректемелерінің дұрыстығын тексереді, пластикалық карталармен операциялар жасай алады, тағы басқа. Банкіде қалың көпшілікке олардың орналасқан жеріне қарамастан, қосымша бөлімшелер құрмай-ақ қызмет көрсету және дәстүрлі банкоперацияларынан қосымша табыс алу мүмкіндігі пайда болады. Интернет-банкинг сондай-ақ клиенттерге бағалы қағаздар қоржынын басқару қызметін көрсетуге (интернет-трейдинг) де мүмкіндік береді. Электрондық сандық қол қою және кодтау жүйесі қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Интернетте электрондық әдіспен ақша аудару технологиясы Quіcken (Quіck Іntuіt), Money (Mіcrosoft), Managіng Your Money (Mega Software), Securіty Fіrst Network Bank (Cardіnal Bank Shares) жүйелері арқылы іске асырылады.
...