Төртбұрыштың периметрі 80см. Оның бірінші қабырғасы екінші қабырғасы

0 дауыс
3.8k қаралым
төртбұрыштың периметрі 80см. оның бірінші қабырғасы екінші қабырғасынан 10 см ұзын, үшінші қабырғасынан 10 см қысқа, ал төртінші қабырғасы екінші қабырғадан екі есе ұзын. төртбұрыштың қабырғаларын есептеңдер
Геометрия

1 жауап

0 дауыс
Екінші қабырғасын х см. десек,

Бірінші қабырғасы  х+10 см.

Үшінші қабырғасы  х+20 см. себебі бірінші қабырғасы үшінші қабырғасынан 10 см. қысқа, демек үшінші қабырғасы бірінші қабырғасынан 10 см. ұзын.

Төртінші қабырғасы 2х см.

Р=80

(x+10)+х+(х+20)+2х=80

5х+30=80

5х=80-30

5х=50

х=50:5

х=10

Бірінші қабырғасы х+10=10+10=20

Үшінші қабырғасы х+20=10+20=30

Төртінші қабырғасы 2х=2*10=20

 Жауабы:   20 см, 10 см, 30см, 20 см.
127,728 сұрақ
322,342 жауап
153,210 пікір
72,716 қолданушы