+2 дауыс
2.2k көрілді
Сіз қазіргі уақыттың нағыз патриоты деп кімді айтар едіңіз және неге? Мысалы Ринат Заитов, себебі ол бетке басып шындықты айтады.
Ең алдымен тіл тазалығы жəне,

6 жауап

0 дауыс
Мен де Ринатты айта аламын. Мұхтар Шаханов, Бекболат Тілеуханов. Осы кісілер нағыз патриоттар. Жандарбек Бұлғақов та жататын шығар деп ойлаймын.
Бекболат Тілеуханов - патриот болуға әлсіз. Пікірі жоқ, жағымпаз қу. Ертеңгі күні Президентіміз өмірден өтіп, саяси жүйе ауысып жатар болса, нағыз тентіретіп жіберетін осы Тілеухан. Сатқын.
+3 дауыс
Патриот
Санақтайық патриотты əріптейік
Əлемге шын жанашыр халық дейік
Еліме мен сенемін дегенді емес.
Отан сүйем дейтінді дəріптейік
Ақиқаттың астарын айтып жүрген ағаларды
Мынау қазақ патриоты анық дейік
Егер ешкім елін шын сүймесінші
Онда нағыз алдымызда қауіп дейік
Қазақтықты көтерер қазақ ғана
Отырайық сондықтан жауып сейф


шіркін ай Ринаттайын ақын қайда
зар мұңын еліне айтып ақырмайма
шындықты айтып жатса жоғарыға
басын келіп біреулер тақырлайма
Биліктің төріндегі шенеуніктер
Халықты  көз көруге шақырмайма
көзбе көз халықта шын көреді ғой
Əлде билік байлықты тақымдайма
өздерінің шешетұғын ойларымен
Абылайдың азуындай ақыл қайда
бұлай шын жалғасатын болса егер
Ақыр заман аяқ басып жақындайма
Шіркін ау бұрындары биік тұрған
ҚАЗАҚ деген ҰЛЫ-ДАҢҚТЫ атың қайда
Керемет!
0 дауыс
Менің ойымша, Отанды сүю дегеніміз – өз еліңе, өз халқыңа, өз жеріңе деген зор құрмет! Егер де әрбір қазақстандық өз Отанын шынайы ниетімен қадірлеп, оның қуанышына сүйініп, кем- шілігіне күйінетін болса, жер бетіндегі басқа халықтардың да бізге деген құрметі, көзқарасы өзгереді. Менің ойымша, нағыз патриоттық осыдан басталуы керек сияқты. Ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ана тілімізді құрметтеу, мемлекеттік тілде өзіңнің ой-пікіріңді жасқанбай айта білу де – патриоттықтың бір белгісі. Отаншылдық пен ана тілімізге деген зор құрметті біріктіре білген әр азаматтың елсүйермендік сезімі жоғары болады деп ойлаймын. Мен Мұхтар Шаханов ағамызды нағыз патриот кiсi деп аита аламын.
0 дауыс
Осы елдің қазіргі кездегі патриоттары  Назарбаев, Мұхтар Шаханов, Бекболат Тілеухан, Тасмағамбетов. Патриоттар көп мысалға мен де патриотпын!
Мұхтар мен Тасмағанбетовке аздап Негізі  ""Zanim Оқушы" өмірден  тым алыс екенсің, басқа планетадан келген жоқсың ба?
0 дауыс
Мына адам патриот деп дөп басып айта алмаймын, ешкімнің ішіне кіріп шыққан жоқпыз, дегенмен әр адамға Отанын сүю парыз... қазаққа Құдай ол күнді туғызбасын, дегенмен кімнің нағыз патриот екені ел басына күн туғанда белгілі болады!
0 дауыс
Бекболат ағаны дұрыс танымайтындар, өздері жағымпаз. Адамның сыртынан əңгіме айтпас бұрын, өзі кім соны түсінсін. Халықпын деп, мысын басуға қақысы жоқ. Халықсыңба шындық айт, жағымпаз деп айтатындай қасында жүргендей. Біздің қазақтың əдеті, бір түнеп шыққандай адамға күйе жағады. Ол Кісіні дұрыстап іздеп көрсін не істеп жүргенін. Алашұлын көтеріп жүрген адамның бірі осы кіс
...