0 дауыс
449 көрілді
Халыққа,ел экономикасына пайдасы жоқ азиада,универсиада,адам түсініп болмайтын саммиттер мен мәнсіз жиналыстар өткізудің қажеттілігі барма?Әлде жағдайымыз келісіп,көкейкесті мәселелердің барлығы шешіліп,тек сол ғана қалдыма?Оданда мұнай өңдейтін завод салса қайтеді тәйірі(((

6 жауап

0 дауыс
Жиналыстың түр - түрі болады; достармен,жұмыс бабымен,отбасылық немесе ресми сапармен. Егер сіз мемлекеттік қызметкер болсаңыз,онда жиналыс сіздің жұмысыңызға қатысты болуы мүмкін. Ал отбасылық немесе достарымен жиналу ол өз еркіңізде.
0 дауыс

92-130 дейді, бұл қай қалада, бізде 106 ғой

Азияда, Универсиада бұл- спорттық жарыстар

Саммит деген маңызды жиналыс

Мұнай өңдейтін зауыт салу қазір қайдам, 10-20 жылдан соң салынбаса

Мына сілтемеден қарап көріңіз http://finance.nur.kz/879367-kak-izmenilis-ceny-na-benzin-v-region.html
0 дауыс
Iстеуге қарағанда сөйлеу оңайда, сiз сияқты оларда соны жақсы бiледi !!!
Мен олардың орнында болсам былай етер едім,мынаны істер едім десем артықтау болар.Бірақ маған қарағанда ол ағаларымыздың қолында құр сөз сөйлеуден басқа қаражатта,билікте,мүмкіндікте баршылық
Онда сұрағын неге керек,  Оларда мүмкіндіктері бар адамдар менен санасады !!!
Қарапайым халық қайтпек сонда?Өз ойымды білдіріп,сұрақ қоюға болатын шығар енді
0 дауыс
Сіз көкейкесті мәселе дейсіз?! Демек,әлемде, елімізде шешілмей жатқан мәселелер бар. Ол мәселерді шешу керек келісемін, бірақ қалай? Егер билік басындағылар жиналып, ойларын ортаға салып, сол мәселелерді қалай жоюға болатынын ойластырмаса, ол өздігінен шешіле ма? Мысалға, бір ғана отбасында қандай да бір проблема болса, отбасы мүшелері жиналып, ақылдасады. Тіпті ондай жиналыстар күнде, әр кеште дастархан басында өтеді. Достармен де, әріптестермен де солай. Ал бұл жағдайда бүтіндей бір әлем, бүтіндей бір ел мәселесі. Миллиардтаған, миллиондаған халықтың жағдайы, болашағы. Өзіңіз келтірген завод мәселесі...ол заводты "әй" деп жалғыз біреу сала салмайды ғой...ол белгілі бір процесс...уақыт, ақша , кім, қалай, қайда салатын шешу керек. Саммит, әлемдік діндер бас қосулары өтті. Онда елдердің күрмеуі күрделі мәселелері, әлемдік діндердердің, әлем мұсылмандарының жағдайлары қарастырылып, түрлі шешу жолдары ұсынылды. Әр нәрсенің өз мәні бар, жауапкершілігі жоғары жиналыстарды "мағынасыз" деп кесіп айту ағаттық. Қаншама елдің басшылары ақымақ емес шығар, "мағынасыз" жиналыстарға қаражат жұмсап өткізетін. Бәрі бірден болмайды, "ақырын жүріп , анық бас"-, деген. Сол себепті, үкіметке ашу шақырудың қажеті аз. Бізге жазу, айту оңай. Ал ол мәселемен, бетпе-бет келіп, 17 миллион жанға жауапты адамдарға оңай емес.
Біріншіден отбасы арасында жиналып кеңесуді алыс-жақынды шет елден ат арытып келетін ел басшыларының кездесуін салыстыру қисынсыз секілді.Ондай лауазымды тұлғалар суточный квартира жалдап,тамақтарын өздері дайындап ішпейтіні анық.Қонақжайлып танытып,барлық жағдайын жасау керек.Маңызды мәселе қозғалып,шешімін тауып жатса құптарлық іс.Ал жиналыстың барлығы бірдей осындай ма?Мысалға дүниежүзілік діндер мен әр түрлі конфессия өкілдерін Астанаға жинап,шара өткізді.Қателеспесем бір емес бірнеше рет.Не шешілді ауыз толтырып айтарлықтай,бос былапыттан басқа.Қазіргі дін арасындағы алауыздық пен келіспеушілікті керек десеңіз үш діннің діңгегі болған Иерусалим секілді қасиетті қаладада шешу қиын.
Мұнай өңдейтін заводты бір адам салмайтыны анық және бір адам салады демеймінде.Завод салу бір-екі ай шамасында біте салатын оңай шаруа емес екенін түсініп отырмын.Өзіңіз айтпақшы уақыт,қаражатты т.б талап ететін процесс.Бірақ солай екен деп жүре беруде дұрыс па сонда?Жанармайдың халыққа керексіз іс-шаралардан қажеттірек екенін түсінуге болатын шығар
0 дауыс
Ал Азияда , универсиада - спорттық жарыстар. Азияда өткелі 4 жыл, сол кезде салынған спорттық ғимараттар бүгінде халық игілігінде. Алтыннан алқа тағып, 1 қатарға табан тіредік. Ол дегеніміз, Қазақстанға үлкен + . Спорттың, туризмнің дамуына пайдалы және ҚАЗАҚ ЕЛІ үшін үлкен бір жарнама. Алматы қысқы олимпиада өткізу құқығына ие болмай қалғанда, бөркімізді көкке лақтырып қуандық... Бірақ, қарап тұрсақ , билік басындағылар шығынға батырар, пайдасыз іске бел бумас еді ғой...
Азиада,универсиада - спорттық жарыс келісем.Сонымен қатар көп шығынды талап ететін ауқымды шара.Кеткен шығынның орнын толтырса жақсы әрине.Бірақ біздегі Азиада мысалы кеткен шығынды қайтара алды ма мысалы.Күмәным бар.Спорттық нысандар олимпиададан кейін толығымен пайдаланылса игі.Оларды пайдаланбаған күннің өзінде жәй ғана сол қалпында сақтап тұрудың өзі көп қаражатты қажет етеді.
мына олимпиададан кейінгі қараусыз қаңырап қалған Афинадағы спорттық кешен.Осылай гректердің кебін киіп қалмасқа кім кепіл болар еді 2022 жылғы қысқы ойындарды жеңіп алғанда.Алматының алмағанына қайта қуанған дұрыс секілді қазіргі дағдарыс кезеңінде.Әйтпесе анық пайдадан қағылатындай Мюнхен,Осло,Стокгольм секілді халқы Алматыдан әлдеқайда жақсы тұратын қалалар ақымақ емес шығар.Тегіннен-тегін бас тартпайды ғой.
Шүкір,Азияда өтті гректердің кебін кимедік. "Алау" мұзайдыны, "Сарыарқа" велотрегы, "Астана-арена" стадионы бүгінде халық игілігінде ма ? Әрине. Жөндеуден өтіп , жақсартылған "Медеу", "Шымбұлаққа" бүгінде түкпірден туристер ағылып келуде ма ? Әрине. Осындай игіліктерді неге елемейміз? Тек шығынды ғана көреміз. Ең бастысы , осылардың арқасында спорт дамиды ғой, мұны неге ескермейміз?Жақында ғана дзюдодан әлем чемпионаты өтті. Қайда? "Алау" сарайында. Қандай мақсатта пайдаланылғандарын, бүгінде жұмыс қалпында екенін түгендей берсем, шыға береді. Шығын шықпады,бәрінің орны толтырылды  деуден аулақпын әрине. Дегенмен, шығын шықпай, кіріс кірмейді. Соны ұмытпайық.
Дзюдодан әлем чемпионаты 2011 жылғы Азиададан бері "Алауда" өтіп тұрған ең бір маңызды  спорттық шара екен.ТМД бойынша ең үздік,2012 жылғы Әлемдік рейтинг бойынша 6-шы орында иеленген "Алау" мұзайдынында төрт жыл бойына жарыс өткізілмеген бе?
Түгендей берсем, шыға береді дедім ғой... "Алау" сарайында 3 рет әлем кубогі өткен, 2015 ж ақпан айында әлем чемпионаты өтті, сонымен қатар, 900 бала 5 түрлі секцияға тегін қатысады. Болашақ спортшыларды дайындауға, дені сау ұлт тәрбиелеуге пайдалы ма? Әрине.
Дені сау ұрпақ тәрбиелеуге үлесі бар әрине.Бірақ Азиададан кейін әлемдік,құрылықтық деңгейде жарыстар өтті ме?Дегенмен тек балалар мұзайдыны емес қой
0 дауыс
Жоғарыдағы адамдардың бәрі бірігу керек ол үшін.
...