Әлеуметтік менеджменттің мәні, басқарумен айналысатын адамдардың жұмысының мәнін ашады. Бұл саладағы жұмыс басқаруды білдіреді. Басқа жұмыстармен салыстырғанда, ол жұмыстың сипатын білдіреді, сонымен қатар мазмұны және қолданылатын шараларын білдіреді. Олардың жұмыс құралдары – ақпарат оларды қорыта отырып, басқарылып отырған объектісінің жағдайын өзгертетін шешімге алып келеді. Сонымен, әлеуметтік менеджмент жұмыс жасайтын адамдардың жұмыс құралы ақпаратты қорытатын шаралар. Жұмыс қорытындысы олардың қойылған мақсатқа жеткенде ғана беріледі.
Іс-әрекет жиынтығы, функциялар және мазмұны басқару процесінде қолданылатын әлеуметтік жұмыстың көлеміне байланысты және қызмет саласына, басқарма иерархиясына, ішкі функциялары және тағы да басқа факторлар.
Күрделі және жауапты жұмыс атқару үшін менеджерлер арнайы білімі болуы керек және оны күнделікті жұмыста қолдана білу керек. Олардың профессионалдық білімділігін шартты түрде екі топқа бөледі.
Бірінші топқа жататыңдар:
а) белгісіз және жоғарғы динамикалық жағдайдан өз шешімін дәлелдей білу;
б) осы саладағы жағдайда жоғарғы ақпаратқа ие болу. (ақпарат – білім) ;
в) басқа саладағы менеджментпен қарым-қатынас ұстау;
г) ресурстарды басқара білу, жоспарлау және жобалау, басқаруды жоғарылату жолдарын жетік білу. Жаңа ақпаратық технологияларды қолдана білу, коммуникация және байланыстарды жақсы қолдану.
Екінші топқа жататын факторлар оның адамдармен жұмыс жасай білу және өзін басқара білу. Олар:
а) адам ресурстарын басқаруды жетік меңгеру ;
б) сыртқы байланыстарды жақсарта білу;
в) өзін-өзі бағалауды білу, дұрыс қорытындыға келе білу және өзінің квалификациясын жоғары жетілдіру.
Сонымен қатар, әлеуметтік менеджмент жұмысының жоғарылатуының тағы бір маңызды факторы – менеджердің жұмысын білу, яғни басқарма жұмысының нақты бір функцияларын анықтау.
Менеджменттің аса маңызды міндеттерінің бірі - өзінің қарамағындағы адам ресурстарын тиімді пайдалану.
Қызметкерлерді ынталандыру тақырыбы өзекті тақырып болып табылады. Себебі, персонал – бұл ұйымның болашағын анықтайтын стратегиялық фактор. Тек адамдар ғана жұмысты ойдағыдай орындайды, идеяларды ұсынады және кәсіпорынның әрі қарай дамуына мүмкіндік береді. Персонал ұйымды құраушы тұлға болып табылады.
Біреудің тапсырмасымен адамдардың қандай жағдайда жұмыс істеп жатқандығын басшы әрқашанда біліп отыру керек. Кезінде адамдарды қорқытып үркітіп құл ретінде жұмсаған болса, келе келе оларға бас бостандығы берілген, ерікті түрде бағынатын, жұмысты өз қалауынша істейтін жұмысшылар қатарына қосылды. Адамдар неғұрлым ерікті болған сайын, жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызған сайын, оларды басқару күрделене түсті.
Мотивация үшін таңдаулы деген бір ғана әдіс болмайды, адамдардың біреуіне мотивацияның бір түрі тиімді болғанмен, екіншісіне түкке жарамауы мүмкін. Сонымен қоса ұйымның өзі де жеке бір адамға бейімделген мотивация теориясын іс жүзіне асыруды күрделендіре түседі. Жұмыстың өзара тәуелділігі, жекелеген адамдардың жұмыс нәтижсі туралы мәліметтердің жеткіліксіздігі, технологияның жетілдірілуінен қызмет міндеттерінің жиі өзгеруі – осының барлығы мотивацияны күрделендіре түсіреді.
Бұл жұмыс «Қарызгерлер жұмыс жөніндегі бюросы» ЖШС-нің Орал қаласындағы филиалының персоналы туралы толық мәлімет береді.
Бұл жұмыстың басты мақсаты – филиалдағы персоналдардың іс-қызметіне талдау жасау, оларды ынталандыру шараларын зерттеу және оны жетілдіру жолдарын ұсыну. Осы мақсаттан туындайтын міндеттер: персоналды басқаруға, кәсіпорынға жалпы сипаттама беру ; көрсетілетін қызметтің көлемін және сұранысқа қаншалықты ие екендігін анықтау ; қаржылық есептерге салыстыру негізінде талдау жасау; кәсіпорын жұмысшыларының санын, жалақының мөлшерін және жалақы қорын анықтау негізінде оған талдау жасау; кәсіпорынның басқару және ұйымдық құрылымын қарастыру; персоналмен жұмыс істеуді зерттеу, персоналға қатысты барлық кемшіліктерді жою және оны жетілдіру жолдарын дамыту.
Бұл жұмысты жазу барысында «Қарызгер жұмыс жөніндегі бюросы» ЖШС-нің Орал қаласындағы филиалының жарғысы, филиал туралы ереже, жылдық есептері, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер, лауазымдық нұсқаулар пайдаланылды. Сонымен қатар отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері қолданылды.
Филиал Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, Жарғысы негізінде қызмет етеді.
Филиал заңды тұлға болып табылмайды, орталықтың оқшау бөлімшесі болып есептеледі. Филиал Орталықтың атынан Кеңес Директорлар шешімімен бекітілген және де Әділет Департаментінде тіркелген Ереже негізінде әрекет етеді. Филиал Директоры Орталықтың атынан берілген сенімхат арқылы жұмыс жасайды. Филиалдың жеке балансы жоқ. Өз жұмысын атқару үшін Филиал белгіленген заңды түрде банкілерде есеп шот ашады.
Орталықтың негізгі міндеттемелері:
- салық берешегінің есебіне салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін сату бойынша аукциондар өткізу;
- жекелеген негіздер бойынша мемлекеттің меншігіне келіп түскен мүлікті, соның ішінде тәркіленген және иесіз мүлікті сату бойынша аукциондар өткізу;
- таратылған заңды тұлғаларды конкурстық массасын, сондай-ақ дебиторлық берешек есебіндегі мүлік пен өзге де мүлік түрлерін сату бойынша аукциондар өткізу;
- бюджеттік несиелер мен мемлекетпен кепілдірілген қарыздар бойынша республикалық бюджет алдындағы берешекті өтеу есебіне қарыз алушылардан алынған және өндіріп алынған мүлікті, сондай-ақ жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне түскен мүліктерді бағалау, есепке алу, сақтау мен сату;
Ұйымның басты міндеттерінің бірі- сапаны жетілдіру және сәйкессіздіктердің алдын алу мен оны түзету бойынша дер кезінде шара ұйымдастыру. Күнделікті жақсарту процесі СМЖ нәтижелілігін жақсартуды қамтамасыз ету үшін арналған. Бұл процесті іске асыру сапа облысындағы мақсаттар мен саясатты пайдалану, аудит нәтижесін, ескертуші және түзетуші әрекеттердің мәліметтерін талдау және басшылар тарапынан талдау негізінде жүзеге асырылады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында келесідей әдістер қолданылды:
- статистикалық;
- монографиялық;
- есептік-конструктивтік.