Көп адам жалғызбасты ана мен толық емес отбасы екеуін шатастырады. Жалғызбасты ана - заңды некеге тұрмай, дүниеге сәби әкелген әйел. Оларға алимент төленбейді.
Күйеуімен ажырасқан, яки жолдасы қайтыс болған, балалары бар аналар толық емес отбасы санатына кіргізіледі.
Жалғызбасты аналарға тұрғын үй беріледі. Ол үшін кезекке тұру қажет. Оның мынадай шарттары бар:
Жалғызбасты аналарға және толық емес отбасына берілетін үйдің бөлмелер саны балалардың санына байланысты болады (бір балаға бір бөлмелі, екі балаға екі бөлмелі, т.б.)
Мен жалғыз басты анамын.екі балам бар.шығыс казаксан обл. Аягоз ауданында турамын. Өзім 5жыл бойы онко диспансерде учеттамын.уйдің кезегінде турмын.бірак кезек 3 жыл болды жылжымайды.казіргі танда жумыстада жокпын ойткені больницаға жиі жатып химия аламын.Осыған орай үкімет тарапынан кандай комек бар екен баспана мəселесі жөнінде.