0 дауыс
4.7k көрілді
Интроверт деген қандай адам?

1 жауап

+1 дауыс
Интроверт:

жалғыздықты сүйетін;
өз-өзімен сөйлескенді ұнататын;
ішкі әлемінде өмір сүретін жан.

Экстраверт:

адамдармен тез араласуға бейім тұратын;
публика алдында сөз сөйлегеннен қысылмайтын;
кез келген әрекетін сыртқы ортамен бөлісетін адам.

Адам бір іспен шұғылданғанда, тіпті сөйлегенде күш жұмсайды. Әдетте адам энергияны тыныс алу, тамақтану және ұйықтау арқылы алады. Ұйқымыз қанғанда, жаңа күш пайда болғандай әсерде болатынымыз сондықтан. Психологтардың айтуынша, экстраверт адамдар үшін бұл энергия жеткілікті көрінбейді. Сондықтан, олар энергияны қарым-қатынас арқылы басқа адамдардан алады. Экстравертердің үнемі жұрттың назарында болғысы келетіні осы себептен болса керек. Экстравертер алға ұмтылғыш, ашық-жарқын болып келеді. Араласатын адамдары да айтарлықтай көп болады. Себебі, ол кез келген ортаны баурап, адамдардың есінде қала алады. Дегенмен, бұл жүз достың бәрі сенімді деген сөз емес...

Ал интровертер керісінше. Олар көпшілік ортада ұзақ қалғысы келмейді, үнемі жалғыздықты жаны қалап тұрады. Адамдармен араласып-құраласып кету олар үшін оңай емес. Интровертер сезімдерін сыртқа шығара бермейтін салмақты, жабық, тұйық адамдар. Бұл эгоистік емес. Олар үшін қоршаған ортадан өз ішкі әлемі маңызды. Оның бір немесе екі досы болуы мүмкін. Көбіне олардың осы бір не екі досымен өмір-бойы сырласып өтуі ғажап емес. Психологтар сондай-ақ, шығармашылықпен айналысатын адамдардың көбі интроверт болып келеді дейді.
...