+2 дауыс
720 көрілді

Google көкем орысша жауап қатты, оқығанмен, түсінбедім. Сиырларды мысалға келтіріп жазсаңыз да өз еркіңіз. Бастысы, қарапайым қазақ тілімен мен бәтшағарға Вертикалды интегралдандыру (Вертикальная интеграция) сөз тіркесінің мәнісін жеткізіп берсеңіз, алғысымды білдірер едім :)

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Вертикальная интеграция қазақша Вертикалды интегралдандыру болып аударылмайды. Қазақша сатылас біріктіру болып аударылады. Сатылас біріктіру сөзінің мағынасын түсіну үшін мына жақалықты оқысаң болады:

2019 жылдың 1 шілдесіне дейін Еуразиялық экономикалық одақ аясында ортақ электр энергетикасы нарығын құру туралы халықаралық келісімге қол қойылады. Бұл туралы Bnews.kz тілшісіне берген сұхбатында Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта Кеден одағы мен БЭК аясында ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша, оның ішінде электр энергетикасы саласында да ықпалдасу үдерістері жүргізіліп жатыр», - дейді Б.Жақсалиев.

Оның айтуынша, үш елдің электр энергетикасы саласы тарихи тұрғыдан алғанда ықпалдасқан. Дегенмен, қазіргі уақытта ортақ электр энергетикасы туралы сөз қозғау әлі ертелеу. Оған себеп – электр энергетикасы нарықтары модельдерінің әр түрлі болуында.

«Қазақстанда ырықтандырылған электр нарығы болса, Беларусьте мемлекеттік сатылас біріктірілген компания, ал Ресейде электр энергиясы мен қуаттар нарығы торапты бағаны белгілейді. Бір жылдың ішінде сарапшылар электр энергетикасы саласындағы мәселелерді қарастырды. Қатарлас жұмыс істейтін электр энергетикасы жүйелерінің негізінде одақтың ортақ электр энергетикасы нарығын кезең-кезеңмен құру бойынша қол жеткізілген келісімдер, ұстанымдардың барлығы келісілді», - дейді Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі.

Эталондық стратегиялар ұйымның төрт түрлі тәсілдерімен өсіп келе жатқандағын білдіреді.

1. Эталондық стратегияның бірінші тобын шоғырландырылған  өсу стратегиялары құрайды. Бұл стратегияларды сала ерекшелігін, қызмет аясы мен өндірлетін өнімді өзгертпей-ақ жалпы көрсеткіштерді арттыру үшін қолданылады. Осы топтың нақты стратегиялары мынадай:

- нарықтағы позициясын күшейту. Мұнда кәсіпорын берілген нарықты белгілі бір өніммен жаулап алу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды;

- нарықты дамыту стратегиясы. Мұнда өндірілген өнімге жаңа нарық іздестіріледі;

- өнімді дамыту стратегиясы. Мұнда берілген нарыққа жаңа өнімді енгізу және оны өткізу көзделінеді.

2. Бизнесті дамытудың эталондық стратегиясының екінші тобын әртараптандырылған өсу стратегиялар кәсіпорын берілген нарықта бұрынғы өнімімен ары қарай дами алмайтындай жағдай туғанда қолданылады.

Мұндай стратегиялардың негізгі түрлері мынадай:

- өндірісте жаңа өнім түрін өндіруге жаңа мүмкіндіктерді пайдалану негізінде орталықтандырылған әр-тараптандыру (диверсификация). Бұл жерде жұмыс істеп тұрған өндіріс бизнестің ортасында қалып қояды да, жаңа өндіріс игеріледі нарықтағы мүмкіндіктерге орай немесе компания іс-әрекетіндегі басқадай күшті жақтарда пайда болады;

- көлденен әртараптандыру, нарықта жаңа техналогия мен өндірілген, қолданыстағы тауарға  ұқсамайтын ерекше тауар көмегімен өсу мүмкіндігін қарастырады. Мұнда компания ең алдымен дара өнім өндіруге құзіретілігіне бағалау жүргізгені жөн;

- конгломеративті әртараптандыру стратегиясының мәні компанияның қолданыстағы тауарға  техналогия жағынан байланысы жоқ жаңа өнім өндіруінде жатыр. Бұл жүзеге асыру жағынан ең қиын стратегия болып есептелінеді, себебі ол ойдағыдай жүзеге асырылуы көптеген факторларға, атап айтқанда, персоналдың құзіреттілігінен бастап, менеджердің өзіне тән ерекшелігі, нарық өмірінің маусымдылығы және қажетті нақты мүмкіндіктерге ие болса, көп шығынға ұшырайды немесе дағдарысқа ұшырайды.

3. Эталондық стратегияның үшінші тобы жаңа құрылымдарды қосу есебінен кәсіпорынды кеңейтуге байланысты біріктірілген өсу деп аталатын стратегияларды өз қатарына алады. Бұл топқа мыналарды жатқызуға болады.

сатылап біріктіретін кері стратегиясы, жабдықтаушылардың үстенен қатаң қадағалау және жабдықтаушының еншілес компания құруы есебінен өсуге бағытталған. Стратегияның бұл түрін қолдау кәсіпорынның жабдықтаушылардың бағасы мен жабдықтар бағасының өзгеруіне тәуелді болмайтын жағдайын жасайды;
алға ұмтылатын сатылас біріктіру стратегиясының мәні - компания мен түпкі тұтынушы арасындағы құрылым, яғни сату және бөлу жүйесінің үстінен қатаң бақылау жүргізуге немесе жаңа құрылымдар құру есебінен кәсіпорындарды кеңейтуден тұрады.

4. Эталондық стратегияның төртінші түрі қысқарту стратегиясы деп аталады. Кейбір жағдайларда бизнесті жаңартудың бұл стратегиясы ең соңғы мүмкіндік болуы мүмкін, өйткені жаңару және жаппай тездету көбіне кәсіпкерлікті дамыту жолындағы бір-біріне қайшы процестер. Бизнесті мақсатты қысқарту стратегиясының төрт түрін бөліп көрсетуге болады.

       - кәсіпорын бизнесін ары қарай жүргізе алмайтын жағдайда қолданылатын жою стратегиясы. Кәсіпорын өзінің қызмет ету аясына ұзақ мерзімді өзгеріс енгізу үшін бизнесінің немесе бөлімшелерінің бірін сату немесе жабу арқылы қысқарту стратегиясы. Әдетте кәсіпорын мұндай стратегияны өндірістің өсуі басқалармен сәйкес келмегенде немесе кәсіпорын мақсатына орай қолданады;

- өндірістік шығындардың көлемін азайту бойынша іс-шаралар жүргізуге бағытталған  стратегия. Бұл стратегияны жүзеге асыру шығындарды азайту, өнімділікті арттыру, персоналды қысқарту және тіпті жұмыстан шығару, пайдалы тауардың өндірісін тоқтатумен байланысты. Іс жүзінде ұйым бірнеше стратегияларды бірге қолдануы (әсіресе көп салалы компаниялар) және оларды белгілі бір жүйе бойынша жүзеге асыру мүмкін. Бұл жағдайларда құрамдастырылған стратегия ұғымын қолданамыз. Кәсіпорынның ерекше стратегияларын іске асыратын бірнеше амалдардың өз тәртіптері бар. Олардың ішінен мыналарды атап өтуге болады;

- стратегиялық жоспарлау жалпы бағадарлау мен белгілі шектеулермен сипатталады. Оның негізгі параметірлері қатаң сақталу керек, өйткені олардын көмегімен ықтимал өзгерістерді бағалауға болады.

- жоспарлауда сценарийлерді қолдану. Оптимистік тұрғыдан келешектегі оқиғаларды ең оңтайлы, ал пессемистік тұрғыдан ең қолайсыз даму барысын анықтау. Мұндай әдістеме барлық ықтимал нәтижелерді қамтуды талап етеді. Әдетте жоспарлау шеңберінің базасы ретінде аталған екі нұсқаның бірігуін ғана әзірлейді. Мұнда алдын-ала ескерту жүйесін әзірлеу өте манызды. Бірақ, бұл түзету енгізу процесі нақты жағдай мен шығындарды талдауды қажет етеді. 

 

Копипаст, дегенмен, рақмет, Айдос
+1 дауыс
Вертикаль- тік деген сөз, ал горизонталь- көлденең деген сөз. Сондықтан вертикаль сөзін қазақшаға аударудың қажеті жоқ, өйткені ол геометриялық термин сөз. "Вертикалды үйлестіру" десе де болады.
Рақмет, Таңатар
...