Өз сырын айтатын адамыңыз болса, ол жақсы ғой. Бірге талқылап, бір жағдайлардың бетін бірігіп ашуға болад.
Жалпы, адамға сыни көзқарас айтқан жақы. Себебі, адамдар өз қатесін байқай бермейді көп жағдайда. Бірақ, бөтелкедегі суды ішу керек екен деп, оның басын сындырып іше салуға болмайды ғой. Оның өз ережесі бар дегендей, ақырын ішу үшін, қақпағын жәймен ашып, ішкен соң қақпаған жауып қою сияқты. Сол сияқты, сынды да өз себебімен айту керек, кейін себепті міндетті түрде көрсету керек. Сіздің не оймен айтқаныңызды түсінбей адам өзінше басқаша түсініп ренжіп қалады. Себебі болса, себебін ренжітпейтін жолмен, тіпті қарапайым әзілмен жеткізе білсеңіз, ондай адамға рахмет дегеннен басқа айтар жоқ. Адамның нағыз сыншысы - оның досы. Себебі, досы оның қылықтарын көтереді және қуаныш пен қиыншылығында бірге жүреді. Досыңызбен қатынасыңыз сәнді болсын. :)