А, бәсе Амеркандықтар, европалықтар өз туыстарымен мүлдем араласпайды дейді. Сонда олар біздің қазіргі жағдайды бұдан 300 жыл бұрын өткізіп қойыпты. Германияда туған ағаңның үйіне бара алмайсың, ол үшін 1 апта бұрын ұрықсат сұрап, баратыныңды ескертіп, қолыңа азық-түлігіңді көтеріп барасың, сосын 3-4 сағаттан соң қоштасып кетеді екенсің.
Ал біз 80-90 шы жылдар арасында сұрамай, топырлап кіріп баратынбыз, олар қуанып, қойын сойып, ет асып, қымыз ішіп 2-3 күн шүйіркелесіп жатып, демалып қайтушы едік, қайтарда тағы сөмкелерге еттен аямай салып жіберіп. Ал соңғы кезде ол да қалып бара жатқан сияқты, жағдайлары шамалы қонақ күтуге. Қазіргі қоғам кәпір европаға еліктеп жатыр, ол қазақ ұлтына не керегі бар, біздің өзіміздің ұлттық дәстүрлерімізді не үшін жойуымыз керек түсінбей отырмын осы мәселені?
Жалпы, біз азғындалған европаға не үшін ұқсауымыз керек?