+1 дауыс
14.3k көрілді
Юріст мамандыгы қандай? Олар не істейді? Болашағы барма бул мамандықтын? Қай жерлерде жұмыс жасайды?

4 жауап

0 дауыс
Заңның айналасындағы мамандық. Сот, прокурор, адвокат дегендей.
0 дауыс
Адамдар арасындағы қатнастарды тәртіпке салады заң жүзінде, адам бар екен бұл мамандық ға сұраныс өлмейтдi !!!
0 дауыс
Юрист заңгер, адвокат емес. Юристтердің адвокат болу үшін арнайы лицензиялары болуы керек.Юрист гражданские дела мен айналысады, ал адвокат гражданские и уголовное екуімен де айналысады.
0 дауыс
Заңгер (Juristтiң немiсi, Jurist ағылшынша) (jus латынша - құқық) - құқықтануға, заң ғылымдары бойынша маман; құқықтың төңiрегiдегiн жаттығу қайраткерi. Демек, заңгерлерге жатқызуға болады: заң бiлiм алған адамдар; құқық зерттеушiлер, ғалымдар, үйрететiн құқықтар; қолданатын мамандардың құқықтың төңiректерiндегi. Талапкер назарына: "Заңгер" мамандығы туралы Халық арасында танымал, көпшілік таңдайтын бірнеше мамандық бар. Олар әр қоғамда, қандай жағдай немесе тәртіпте болмасын сұранысқа ие болады. Сол мамандықтардың ішінде заңгерлік те бар. Бұл мамандық иелері мемлекеттік мекемелерде, заң органдарында, түрлі ұйымдарда, шағын фирмаларда, кәсіпорындарда, коммерциялық және қоғамдық құрылымдарда ауадай қажет. Заңгер мамандығының сұранысқа ие болуы неліктен? Әрине, көп адамдардың заңгер болуға деген құштарлығы бекер емес. Заңгер мамандығы пайда болған қиындықты шешуге бағытталады. Заңгер әділетсіздіктің құрбаны болған тұлғаға, қылмыстан зардап шеккен жәбірленушінің өз құқықтарын қалпына келтіруге, оларды қорғауға, заңсыз жұмыстан шығарылған адамның қайта жұмысына тұруына, даулы мүліктік және тұрғын үй сұрақтарын шешуге көмек береді. Тергеуші, судья болып жұмыс істейтін заңгер қылмыскерге әділ жазасын беру үшін қызмет етсе, прокурор болып қызмет атқаратын заңгер заң бұзған шенеунікті жауапкершілікке тартады. Заңгер жұмысы – құқық үшін күрес, ол күрес заңгерлерге үлкен рухани ләззат сыйлайды. Заңгер мамандығының тағы бір жақсы жері – алынған білімді мемлекеттік басқарудың әр саласында: ғылымда, экономикада, мәдениетте, спортта және журналистикада пайдалануға болады. Жоғары білікті заңгер – кәсіби қызметте әруақыт қажет. Заңгер мамандығын тәмамдаған шынайы білікті мамандар жоғары интеллектуалды әрі ұйымдастырушылық қабілетке ие болады. Заңгердің кәсіби мүмкіндіктері Қазақстанда заңгер қызмет жасай алатын жұмыс орындарына жататын тізімге назар аударсақ, оларға прокурорлық қызмет, прокурордың көмекшісі, тергеушілер, судья, адвокаттар, юристконсульттар, нотариустар, ішкі істер органдарының жедел іздестірушілері, салық полицейлері, кеден органдарының, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органдардың, мемлекеттік басқару органдарының қызметкерлері, HR менеджерлер, меншіктің барлық нысанында құрылған кәсіпорындардың басшылары жатады. Заңгерлердің кәсіби мүмкіндіктері арнайы құрылымдарға таралады, яғни, олар: сот, құқық қорғау органдары, сонымен қатар, басқарушылық және шаруашылық секторлар. Тәжірибеде көбінесе, заңгерлер өз мамандығы бойынша банктерде, саудада, сақтандыруда, заңды тұлғалардың басшылығында жұмыс істейді. Жаңа жұмыстар жеке кәсіпкерлердің, тұтынушылардың, авторлардың құқықтарын қорғауда, заңсыз бәсекелестіктің алдын алуда, құрылыс пен риелторлық қызметте пайда болады. Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарында білікті мамандардың жетіспеушілігі орын алуда. Қылмыстың өсуі әсерінен тергеу аппаратын, соттар санын, прокурорлардың санын ұлғайту мәселесі туындауда. Ал өндіріс аясында жұмыс берушіге тиімді қызмет атқаратын заңгерлер қажет. Заңгерлердің болашақтағы мүмкіндіктері Қазіргі күнде, заңгерлер салық органдарына, ішкі істер органдарына, әкімдіктерге, прокуратура органдарына, сотта қажет болса, коммерциялық ұйымдарда шет тілін, компьютерді жетік меңгерген, экономикалық құбылыстардан хабары бар мамандар керек. Шет тілін және мемлекеттік тілдерді жетік меңгеру студенттерге шетелдік ұйымдарда жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, заңгер мамандығын таңдаған адамға мынадай қаражаттық мүмкіндіктер ашылады: Біріншісі: Мемлекеттік органдардағы еңбек ақысы мен әлеуметтік кепілдіктер. Құқық қорғау органдарында еңбек ақысын төлеу қалыпты және мемлекетімізде жыл сайын мемлекеттік орган қызметкерлерінің жалақысы көтерілуде, жоғары зейнетақы алу мүмкіндігі де бар. Екіншісі: Еркін қызмет істейтін заңгерлердің (адвокаттар, нотариустар, кеңесшілер) жалақысы. Аталған тұлғалардың жалақысы өздерінің біліктілігіне, әрекетіне байланысты. Үшіншісі: Коммерциялық фирмада жұмыс жасайтын заңгерлердің жалақысы. 5В030100 – Юриспруденция мамандығы бойынша талапкерлерді қабылдайтын ЖОО-лар: Ұлттық университеттер Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Мемлекеттік ЖОО-лар: Қазақ Мемлекеттік Заң Университеті О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған Университеті А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университеті М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік Университеті И.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті Қ.Жұбанов атындағы Ақтобе Мемлекеттік Университеті М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті Е.А.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технология және Инжиниринг Университеті Қазақ Гуманитарлық-Заң Университеті Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік Университеті С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті. М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті Қ.А. Яассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті
...