0 дауыс
16.4k көрілді
30 Тамыз - Конституция күніне мектепте өтетін жиынға сценарий?

5 жауап

0 дауыс

30 Тамыз - Конституция күні (Заңды білу заман)

Ашық сабақтың тақырыбы: Заңды білу заман талабы.
Ашық сабақтың мақсаты: Оқушыларды құқықтық саналылыққа тәрбиелеу, құқықты, заңды білуге, сыйлауға,құрметтеуге, орындауға дағдыландыру.
Ашық сабақтың әдісі: Талдау, пікірсайыс, сұрақ – жауап.
Ашық сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясы.
Ашық сабақтың түрі: топпен жұмыс.
Ашық сабақтың барысы: 
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II. Сайыстың барысы.
І-бөлім. «Бәйге»
Шарты: Әр топқа 5 сұрақтан қойылады.
ІІ-бөлім. «Тапқырлық»
Шарты: Топпен жұмыс істеу, сұраққа жауап беру
ІІІ-бөлім. «Көкпар»
Шарты:Термин сөздердің анықтамасын айту.
ІV-бөлім.«Жорға»
Шарты:Оқушыларға жағдаяттық сұрақтар қою.

І-бөлім. «Бәйге»
І-топтың сұрақтары.
1.ҚР Конституциясына анықтама бер?
2.Заң дегеніміз не?
3.Қазақстан тарихы нешеге бөлінеді?
4.Жеке адамның құқықтық мәртебесі деген не?
5.Үкімет қандай билікті жүзеге асырады?
ІІ-топтың сұрақтары:
1.Референдум деген не?
2.Азаматтар сайлауға қандай мақсатпен қатысады?
3.Қазақстанда туылған шетел азаматтарының балаларына азаматтық беріле ме?
4.Конституциялық кеңесте қандай мәселелер қаралады?
5.Сайлау еркіндігі ұғымын қалай түсінесіңдер?
ІІІ-топтың сұрақтары:
1.ҚР Президентінің биылғы жолдауы қалай аталады?
2.Азаматық құқық қандай қатнастарды реттейді?
3.Заңды тұлға деген кім?
4.Азаматтық құқық қабілеттігі қай кезде пайда болады?
5.Шарт дегеніміз не?

ІІ-бөлім. «Тапқырлық»
І-топ
Қанша жастан бастап азамат азаматтық құқықтарды иеленіп, міндеттер атқара алады?
ІІ-топ
Зейнетақы реформасы, әлеуметтік жәрдемақылар туралы әңгімелеңдер.
ІІІ-топ
«Екі жақты да тыңдамай, үкім шығарма» дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІІ-бөлім. «Көкпар»
І-топ Референдум, кодекс,конфессия
ІІ-топ Индивит,федерация,оппазиция
ІІІ-топ Демократия, диктатура,вето
ІV-бөлім. «Жорға» әр топтың оқушыларына жағдаяттық сұрақтар беріледі (кеспе қағаздары арқылы).
3-топқа ортақ сұрақтар қойылады.
1.Заңдарды шығарғандағы мақсат не?
2. «Қасым ханның қасқа жолы» неше бөлімнен тұрады?
3.Ата заңымыз не үшін қызмет етеді?

Сайыскерлер дайындалғанша сөз жұмбақ ойыны жүргізіледі.

Сөзжұмбақты дұрыс шешкенде, қалың сызықтың ішінде отбасы құқығына қатысты ұғым шығады.

1.ҚР-ның елордасы. 2.Азаматтық шарттардың бір түрі.3.Мемлекеттің аумақтық құрылымы.4.Адам үшін ең басты құндылық.5,Қазақстан аумағында қолданылатын ақша бірлігі.6.Жауапкершіліктің негізі.7.Ең ауыр жаза.

Сабақ эпиграфын талдау.Оқушылардың сабақ туралы пікірлері.

Үйірме сабағы
Сыныбы 9а,ә
«Жас құқықтанушылар» сайысы.
Пән мұғалімі: Р.Қуаңбаева.
«Жас құқықтанушылар» сайысына 9а,ә сынып оқушылары қатысады.
Олар екі топқа бөлінеді. Сайыс бес кезеңнен тұрады.

1.Топпен таныстыру
2. Білім сайысы
3. Жылдар сөйлейді
4. Викторина сұрақтары
5. Терминмен жұмыс
6. Қорытынды

1.Топпен таныстыру. Оқушылар сайысты өздерін таныстырудан бастайды. Бұл кезеңде оқушылар топтың аты мен топ мүшелерімен таныстырады.
2. Білім сайысы. «Әділет »тобына қойылатын сұрақтар.
1.Философия нені зерттейтін ғылым?
2.Мемлекет деп нені айтамыз?
3.Қоғамдық өмір аяларын атаңдар.
4.Азаматтық құқық қандай қатынастарды реттейді?
5.Меншіктің қандай түрлері бар?
6.Сенат төрағасын кім тағайындайды?
7.Судья сот төрелігін іске асыру кезінде кімге бағынады?
8. «Жеті жарғы» заңдарын айтып беріңдер.
9.Азаматтық құқық дегеніміз не?
10.Қылмыс деген не?

«Ақиқат » тобына қойылатын сұрақтар
1.Қоғам дегеніміз не?
2.Автохтонды ұлт дегенді қалай түсінесің?
3.Отбасының атқаратын функциясы қандай?
4.Саясат дегеніміз не?
5. «Қасым ханның қасқа жолы» неше бөлімнен тұрады?
6.Саяси партиялардың атқаратын міндеті қандай?
7.Құқықтық мемлекет дегеніміз не?
8.Құқық дегеніміз не?
9.Заңды тұлға деген кім?
10.Шетелдік азаматтар жеке тұлға бола ала ма?

ІІ. «Жылдар сөйлейді» Бұл бөлімде топ басшыларына сұрақ қойылады.
«Әділет» тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар.

1.ҚР Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
2.ҚР Азаматтық кодексі қашан қабылданды?
3.Бала құқықтары туралы заң қашан қабылданды?
4.ҚР Туы мен Елтаңбасы қашан қабылданды?
5.Білім туралы заң қашан қабылданды?

«Ақиқат» тобының топ басшысына қойылатын сұрақтар.

1.Неке және Отбасы туралы заң қашан қабылданды?
2.ҚР Қылмыстық кодексі қашан қабылданды?
3.Бала құқықтарының Конвенциясы қашан қабылданды?
4.Қазақстан үкіметі қай жылы ақша реформасын іске асырды?
5.Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды?

ІІІ.Викторина сұрақтарына жауап беру.
«Әділет» тобының сұрақтары
1. «Жеті жарғыны» жазған жеті бидің құрамында кімдер болған?
2.Азаматтық құқықтар жинағын жасаған кім?
3.Аристотельдің ұстазы кім?
4.Қазақ тілінде алғашқы құқықтық құжат жобасын жасап, халық арасына таратқан к»м?

«Ақиқат» тобының сұрақтары
1.Құқық тақырыбына бағалы еңбектер жазған Семейде,Омбыда заң қызметкері, «Алаш» партиясының мүшесі болған кім?
2.Ежелгі Римнің саяси қайраткері, атақты сот шешені кім?
3.Y ғасырда өмір сүрген Афинаның саяси қайраткері кім?
4.1905 жылы жер туралы заңның жобасын жасаған.белгілі заңгер кім?

ІY.Терминдермен жұмыс. (ауызша жауап беру)
«Әділет» тобының сұрақтары
1.Демократия
2.Ратификация
3.Конвенция
4.Фракция
5.Экология

«Ақиқат» тобының сұрақтары
1.Конфессия
2 Кодекс
3.Реформа
4.Диктатура
5.Референдум

Ү.Қорытынды. Қазылар алқасы сайыскерлер жинаған ұпай сандары бойынша жеңімпаз топты анықтайды.Жеңімпаз топқа сыйлықтар беріледі.

Сабақтың тақырыбы: Қылмыстық құқық
Сыныбы: 9
Пән мұғалімі: Рысгул Қуаңбаева.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қылмыстық құқық, оның құрылымы,ұстанымдары,функциялары туралы кеңінен түсіндіру.Оқушылардың ойлау қабілетін қабілеттерін дамыту,Конституцияны,құқықтық нормативтік актілердіорындай, құрметтей білуге үйрету.

Сабақтың әдісі: баяндау,түсіндіру
Сабақтың түрі: лекция
Сабақтың көрнекілігі: ҚР Қылмыстық кодексі
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ.Үй жұмысын сұрау,бекіту
Үй жұмысына байланысты қойылатын сұрақтар
1.Еңбек құқығы дегенді қалай түсінесің?
2.Жұмысшының міндеттері қандай?
3.16 жастағы бала түнгі жұмысқа қабылдана ала ма?
4.Еңбек кодексі қашан қабылданды?
5.Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1997 жылы 16 шілдеде қабылданып, 1998 жылы 1қаңтарында күшіне енді. Қылмыстық кодекс Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады.Жалпы бөлімінде қылмыс пен жаза туралы ұғым,жазаның түсінігі,жазадан босату жағдайлары қарастырылады.Ерекше бөлімінде нақты қылмысы үшін жәнесол үшін белгіленетін жаза түрлері көрсетіледі.Қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет деп қылмыскердің адамға жасаған зиянды әрекеті.Әрекетсіздік деп белгілі бір тұлғаның қылмысқа дайындалып жатқанын біле тұра әрекет жасамауы.Ал қылмыстық құқық дегеніміз адамның құқықтары мен бостандықтарын,қоғамды және мемлекетті қылмыстық қолсұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.Қылмыстық құқық құқық жүйесінің негізгі саласы.Себебі:қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатуды белгілейтін нормалардың жиынтығы.Қылмыстық құқықтың негізгі заңдылық базасы- ҚР Конституциясы.
Қылмыс көбінесе жеке адамға жасалады.Қоғамның өзі жеке адамдардан құралғандықтан, нақты бір адамға жасалған қылмыс, қоғамға да қарсы жасалған қылмыс деп саналады.Егер 14- 16 жасқа толған азаматтар қылмыс жасаған жағдайда. қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қылмыс әдейі, қасақана, байқаусызда жасалуы мүмкін. Мысалы: қылмыскер адамды атарда,оның өмірі мен қиылатынын біле тұрып, оны өлтіру үшін атады.Бұл тікелей жасалған қылмыс.Ал жанама түрде жасалған қылмыс, егер қылмыскер өзінің әрекетінің қоғамға қауіпті екенін сезе тұрып, оның артындағы зардабын біле тұрып, бұлай жасағысы келмей тұрсада қасақана қылмысқа барады.Мысалы:Болат ішіп алған жағдайында өзен жағасында демалып жатқандарға тиіседі де, бұзақылық жасап, Саматты суға итеріп жібереді. Бұл адам малту білмегендіктен, суға кетіп өледі.Бұл жерде қасақана өлтіру ниеті болмасада, адамды өлтіріп алады.
Қылмыстық құқықтың: қорғаушылық, сақтандырушылық, тәрбиелік функциялары болады.Қылмыстық құқықтың негізгі функцияларына: қоғамдық тәртіпті қорғау, қоршаған ортаны бүлінуінен сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау жатады.

ІY. Сабақты бекіту сұрақтары
1.Қылмыс дегеніміз не?
2.Қылмыстың жасалу себебі неде?
3.Қылмыстық құқықтың функцияларын атаңдар
4.Құқық жүйесіне қандай салалар жатады?
5.ҚР Қылмыстық кодексі қашан қабылданды?

Y. Оқушыларды бағалау
YІ.Үйге тапсырма:Қылмыстық құқық, қылмыс қайдан шығады тақырыбында реферат жазып келу.

Ақбөпе, тәрбие сағатына емес. Мектептегі салтанатты жиында жүргізуші едім соған сценарий іздегенмін. Рахмет!
Белгісіз
0 дауыс

30 Тамыз - Конституция күні (Ата - заңым қастерлім!)

Ақ ары-сенер мияты ,
Басынан нелер өтпеген.
Ұлт едік уыз-ұяты,
Уыстан шығып кетпеген .

Жуаны сөзге жығылып,
Дуалы сөзге тоқтаған .
Даланың заңын ұғынып
Бетімен кеткен жок бабам

Ел едік кеше тәу етер.
Даланың ғана занына,
Тәукелер еткен тәуекел,
Алаң боп елдің қамына.

Айналып заңға көшелі,
Кеңіді бүгін арнасы.
Әз Тәуке жазған кешегі,
«Жеті жарғының» жалғасы.

Арайлы күнге жол аштың,
Аманат болып атадан.
Айбыны сенсің -Алаштың,
Арымдай асқақ Ата-заң!

Шаттықтың күйін шертейік,
Елміз ғой жұртпен тең күші.
Елбасы сүйген еңкейіп,
Елдіктің ерен белгісі.

Раббысын ғана растайтын,
Басымды ием мың рет.
Тура бір жолға бастайтын,
Құраннан соңғы құдірет!

0 дауыс

30 Тамыз - Конституция күні

Ашық сабақтың мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.

Ашық сабақтың көрнекілігі: Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың суреті,мемлекеттік рәміздер, әнұранның фонограммасы, слайд .

Ашық сабақтың Әдіс-тәсілі: Түсіндіру ,сұрақ-жауап, өлен, би, сергіту.

Шаттық шеңбер:

Амансын ба, көк аспан!
Амансын ба, жер-ана!
Амансын ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
-Арайлаған танды сүйетін кім?
-Мен.
-Алтын сәулені сүйетін кім?
-Мен.
- Жарқын даланы сүйетін кім?
- Мен.
- Туған жерді сүйетін кім?
- Мен.
- Ата-ананы сүйетін кім?
- Мен.
- Досын сүйетін кім?
- Мен.
- Еліміздің болашағы кімдер?
- Біздер.

- Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30-тамызда 1995жылы өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз –мемлекеттік мереке Конституция күні деп аталды. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар.

Мемлекеттің барлық азаматтары-үлкендерде, балалар да-мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.Өз еліңнің Туын, Елтанбасын және Әнұранның құрметтеу-өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.

-Балалар, біз қай елде, Республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- Қазақстанның елордасы қай қала?
- Астана.
- Елбасымыз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
- Иә. Олар: Әнұран ,Ту, Елтанба.

-Дұрыс, балалар сендер рәміздер туралы тақпақтар білесіндер ме?

Айгерім: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай үстінде Қазақ үй.
Қалықтаған жас сұнқар.
Шарықтаған таза күй.
Бұл танбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі. 

Ирина: Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп,
Туған жердің туына.

Лаура: Әнұраным-жан ұраным,
Айтар әнім,сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады,
Республика әнұраны.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны орындалады.

Cергіту сәті: 
Көтеріліп шанырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Cлайд көрсету.

Би: «Қара жорға»

Тәрбиеші: Конституция күні баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып «Конституция күні» атты тақырыптық сабақты аяқтау.

0 дауыс

30 Тамыз - Конституция күні (Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны)

Пәні: Адам. Қоғам. Құқық. 
Сынып: 9
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымы мен мазмұны туралы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Қоғамдық заңдар мен нормаларын орындауға құрметтеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін нығайту
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек схемалар 
Пайдаланған әдебиеттер: Қ.Р.Конституциясы 1995ж 30 тамыз
Адам.Қоғам Құқық 9 класс оқулық әдісі: ой қозғау, тарихқа саяхат
Түрі: пікірталас
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгелдеп олардың зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау. Құқықтық мемлекет
Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Құқық дегеніміз не?
2. Құқықтық мемлекеттің ең басты және айқын белгісін атаңдар.
3. Құқықтық мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі.
4. Билік неше тармақтан тұрады?
5. Соттардың тәуелсіздігі.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің “Құқықтық жаппай оқытуды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы”Жарлығы қашан шықты?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Жоспар:
1. Конституция - мемлекеттің Негізгі заңы.
2. 1993жылғы Конституция
3. 1995жылғы Конституция
4. Құрылымы мен мазмұны
5. Конституцияның жоғарғы заңдық күші
Конституция –қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, 
мемлекеттік органдар жүйесін, 
олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндетін айқындайтын мемлекеттің Негізгі заңы
1991жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі”Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы “Конституциялық заң қабылдады
1993жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі –заңы –Конституциясы қабылданды
1995 жылы 30тамызда бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 тарау 98 баптан тұрады
1. Жалпы ережелер
2. Адам және азамат
3. Президент
4. Парламент
5. Үкімет
6. Конституциялық Кеңес
7. Соттар мен сот төрелігі
8. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
9. Қорытынды және өтпелі ережелер
Жаңа сабақты бекіту:
сұрақтар мен тапсырмалар
1 тапсырма Сөйлемді толықтырыңыз
Қазақстан Республикасы өзін .........., ......., ........, ........, мемлекет ретінде орнықтырады, және оның ең қымбат қазынасы -........, 
......................, ............. мен ..........
2 тапсырма Сызбаны толтыр
Конституция тараулары

3 тапсырма Тарихқа саяхат
1. “Қасым ханның қасқа” жолы неше бөлімнен тұрды?
2. Қасым ханнан кейін құқықтық жүйені дамытуға үлес қосқан хан.
3. Тәуке ханның “Жеті жарғысында”қандай жаңа құқықтық ережелер болды?

4 тапсырма
Мәліметтерді сәйкестендіріңіз 1995жыл Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды

2007жыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы заңы қабылданды

1991 жыл Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар
Енгізілді

Қорытынды: Сабақтың қорытындысы бойынша оқушыларды бағалау, алған бағаларын күнделік дәптерлеріне қойып беремін

Үй тапсырмасын беру: Қазақстан Республикасының құрылымы
мен мазмұны (түсінік айту, конституцияның қандай бөлімдерден
тұратынын дәптерге жазу).

0 дауыс

30 тамыз - Конституция күні


Жоспар
Кіріспе 
1. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
2. Қазақтың ата-заңы
2.1. Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы
2.2. Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі
2.3. Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді ҚазақстанРеспубликасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.

1. Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы

Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру – қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.
Бұл орайда демократияны дамыту – меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат – жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт – қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық байлыққа қол жеткізудің алғышарты – бүкіл қоғамдық өмірді демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады.
Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті.
Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек.
Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.

2. Қазақтың ата-заңы
2.1. Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы
Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы – Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады.
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.
Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.
Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады. "Демократия” деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген. "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық” нақты жазылған.
Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билікКонституция бойынша үш тармаққа – заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді.
Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар Конституцияшеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым жасалмайды.
Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы – меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады.
Неігзі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады.
Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы "Адам және азамат” атты екінші бөлімінде айқын көрініс тапқан.

2.2. Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі

Мемлекеттің саяси жүйесі Конституцияда нақты көрініс тапқан. Саяси жүйенің негізгі тұғыры – президенттік басқару жүйесі Конституцияда алғаш рет заңдастырылған. ҚазақстанРеспубликасы президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып жарияланған. Президентке елдің ішкі және сыртқы саясаттарын анықтау міндеті жүктелген. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және олардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент заң шығарушы, атқарушы, сот жүйелерінің бәріне бірдей қатынаста болады. Бәрінің жұмысын үйлестіріп, мемлекеттік биліктің дұрыс жүргізілуіінің кепілі болып танылады.
Біздің президентіміздің Негізгі Заңда көрсетілген конституциялық ауқымда жемісті жұмыс істеп отырғанына бүкіл ел куә. Еліміздегі саяси тұрақтылық, орын алып отырған үлкен қиындықтарға қарамастан макроэкономикалық деңгейдегі ілгерілеу, отандық өнеркәсіпті жандандыруға шетел инвестицияларын көптеп тарту, шикізат көздерін игеріп, жер асты байлықтарын экономиканы аяққа тұрғызуға пайдалану, алыс-жақын шетелдермен оңды қатынастар орнату, ұлттардың татулығын қамтамасыз ету, еліміздің руханиятын, қорғанысын дамытуға күш салу және басқа сан-салалы қызметтерді құптауға әбден тұрарлық.
Президент ел халқына "Қазақстан-2003” атты Жолдауын жариялады. Алда тұрған дамуымыздың басты бағыттарын көрсетті.
Жаңа Конституция елімізде екі палаталы тұрақты жұмыс істейтін Парламентті заңдастырды. Ол республиканың заң шығарушы ең жоғарғы өкілетті органы болып табылады. Парламентіміздің жаңа демократиялық сипатта дамуына конституциялық негіз қаланды. Парламент өз жұмысын саясаттандыруға бейімдемей, экономикалық және саяси реформаны елімізде жеделдетуге қажетті заңдарды қабылдауды алдына негізгі мақсат етіп қойды.
Конституцияда Парламент депутаттарының құқықтары мен міндеттері нақтылап көрсетілген.Конституциялық шеңберде әрбір депутаттың жемісті жұмыс толық негіз бар.
Парламент Елбасының ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, республикалық бюджетті бекітіп, оның орындауын қолдайды, бұл туралы Есеп комитетінің есептерін бекітеді. Үкімет басшысының бағдарламасын тыңдап, оны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды. Соғыс және бітім мәселелелерін шешеді. Республиканың халықаралық шарттарын қадап бекітеді және олардың күшін жояды. 
Республика Үкіметі Конституция белгілеп берген өкілеттіліктерінің негізінде экономикалық-әлеуметтік дамудың барысына басшылық жасап, ұйымдастыруға, ең алдымен жауапты.
Парламент депутаттары да атқарушы органға шексіз билік берілген деген пікірден құралақан емес. Шындығына келгенде, Үкімет те Конституцияда көрсетілген мөлшерде ғана өкілеттікке ие. Президенттің алдында есеп береді, оның үнемі бақылау-назарында болады. Бюджет жүйесі жөнінде Парламентке тікелей тәуелді.
Жаңа Конституцияда биліктің үшінші тармағы – сот жүйесіне ерекше маңыз берілген. Елімізде құқықтық реформа жүзеге асырылуда. Бұл салада жаңа Конституцияға негізделіп қайта жасалған "Азаматтық кодекс” пен "Қылмысты істер кодексінің” қабылдануын ерекше атап өтуге болады.
Мемлекеттің республика деңгейінде ғана емес, жергілікті жерлердегі басқаруы мен өзін-өзі басқару тәртіптері де Конституцияда айрықша дараланған.
Облыс пен аудандарда, қала мен селода мемлекеттік басқаруды өкілді дегендер – мәслихаттар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

2.3. Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары

Республика азаматының негізгі құқықтарымен қатар міндеттері де 1995 жылдың 30 тамызындағы бүкілхалықтық талқылаудан өтіп қабылданған Конституцияда анық тұжырымдалған.
Адам тумасынан өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтарға ие. Ал ол өз мемлекетінің азаматтығын алғаннан кейін азаматтық құқықтарға ие болып, тиісті міндеттерді қоса атқаруға тиіс. Конституцияда адамды қастерлеу, құрметтеу, адамгершілік сезімдеріне үлкен маңыз берілген. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығы заң жүзінде қорғалған. Заң бойынша адамның жеке басының қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
Конституцияның 19-бабында "Әркімнің өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы” деп жазылған. Адамдардың ар-ождан бостандығына заң жүзінде толық кепілдік берілген.
Республика азаматтарының заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстауында, оны мұраға қалдыруына конституциялық кепілдік жасалған.
Конституцияның 39–бабында адамдардың құқықтары мен бостандықтарына қоғамдық тәртіпті, адамның құқығы мен бостандығын, халықтың денсаулығын қорғау мақсатында ғана шектеу қойылуы мүмкін екендігі көрсетілген.
39 баптың 3 пунктінде азаматтардың құқықтарын, яғни азаматтық құқығы, өмір сүру құқығы, жеке өміріне, өзінің және жанұясының құпиясына қол сұғылмауына, мемлекет органдары мен лауазым иелерінің кінәсінен шеккен зиянды қайтарып алуына т.б құқықтарын тіпті ең төтенше жағдайлардың өзінде де шектеуге рұқсат бермейтіні айтылған.
Конституцияда жеке, азаматтық және саяси құқықтарға, осы құқықтардың кепілдігіне айтарлықтай көңіл бөлінеді.
Жеке меншік құқығы заңмен қорғалады (6 бап.). Жерді меншіктеу құқығы бекітіледі (21,25 бап.), сонымен қоса өзінің мүмкіндіктерін және мүліктерін кәсіпкерлік қызметте және заңмен тыйым салынбаған экономикалық қызметте еркін пайдалануына құқықтары бар. Бұл нарықтық экономиканың тұрақты дамуы, экономикалық реформаның алға жылжуы үшін сенімді конституциялық негіз жасауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 13 бабында әр адамның өзінің бостандығы мен құқығын сот арқылы қорғай алатыны көрсетілген. Әр адамның заң мамандарынан көмек алуға, үкімді Жоғары сотқа қайта қаратуға, жазаны жеңілдетуді сұрауға құқығы бар.
Азаматтардың медициналық көмек алуына, мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ал орта білім алу Конституция бойынша міндетті деп табылған.
Республика азаматтарының құқығы мен міндеттерін сөз еткенде, екі мәселені ерекше атап өтуге болады. Бірі – заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, екіншісі – Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті парызы және міндеті. Азаматтардың құқығы мен міндетін сөз еткенде бұл талаптардың адамдардың өз құқықтарын көбірек біліп, міндеттерін орындауға келгенде ұмытшақтық танытатыны жиі кездеседі.


Қорытынды

Халық өзі дауыс беріп қабылдаған заңын әрдайым әділ деп есептейді. Заңға құрмет болмайынша, оны қастерлеу ішкі қажеттілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Конституция мәртебелі болуы үшін, оның принциптері, қағидалары қоғам, мемлекет, халық өкіметінің туы, қазығы, мәні болуға тиіс.
Заң жақсы жұмыс істеуі үшін, оны бұлжытпай орындау азаматтардың күнделікті дағдысына, үйреншікті әдетіне айналуға тиіс. Әртүрлі амал-айламен заңды айналып өтуге тырысушылық өркениетті елдің мәдениетіне жатпайды.
Бізде қылмыс, ұрлық-қарлық, жемқорлық көп. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң бекерден-бекерге шығып отырған жоқ. Бұл қылмыстың дәрежесі қоғамға, мемлекетімізге, едәуір қауіп төндіріп, алға басуымызғ бөгет бола бастады.
Заңды қабылдағаннан соң оны мүлтіксіз орындау қажет. Қалың көпшіліктің заңды жаппай мойындауын, іштей түйсініп сезінуін, өз өмірінің басты ережесіне айналдыруын қамтамасыз ету оңай шаруа емес.
Заң беделге, мансапқа, лауазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Біз де келешекте осыған жетуіміз керек.
Біздің Негізгі Заң дүние жүзіндегі ең жас Конституциялардың бірі. Нағыз сәби шағы. Оған өзгерістер енгізуге кейде ұсыныстар болады. Бұлай өзгерістер енгізе беру Конституцияның беделін көтермейді. Уақыты келгенде, пісуі жеткенде ғана өзгерістер енгізген жөн.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Казақстан республикасының Конституциясы. Алматы 1995 ж.
2. Нысанбаев Ә. "Жалпы ұлттық келісім және демократиялық даму”. Егеменді Қазақстангазеті. 1997 жыл. 25-26 наурыз.
3. Қалмырзаев Ә. Халықтың қуаты бірлікте. "Ата-заң арналары”. Егеменді Қазақстан газеті. 1998 жыл. 27-тамыз.

...