Сомали мемлекетінің әл-ауқаты туралы мағлұмат?

0 дауыс
1.3k қаралым
Сомали мемлекетінің экономикасы туралы айта кетсеңіздер!
Әлеуметтік тақырыптар

1 жауап

0 дауыс
Сомали – экономикасы нашар дамыған аграрлы ел. Экономикадағы аграрлы шаруашының үлесі – 65%, ал өнеркәсібі – 10%. Халқының 80%-дан астамы аграрлы шаруашында жұмыс істейді, оның 2/3 бөлігі көшпелі немесе жартылай көшпелі мал шаруашымен айналысады. Елде 50 млн-ға жуық мал басы бар. Негізінен қой мен ешкі, түйе және ірі қара өсіріледі, ел экспортының 80%-дан астамын мал саудасы құрайды. Егін шаруашылығы негізінен өзен аңғарлары мен тау бөктерлерінде кездеседі (жер аумағының 1,5%-ы). Банан, қант құрағы,мақта, жүгері, тары, күріш, маниок, батат өсірілді. Хош иісті смола (камеди, ладана, т.б.) көп жиналады. Елде балық аулау ісі біршама дамыған. Өнеркәсібі – аграрлы шаруашылық шикізатын өңдеумен айналысады: ет және балық консервілеу, сүт және май шайқау, тері-жүн, мақта-мата, тоқыма және тамақ өнеркәсібі салалары бар. Көбісі ұсақ әрі нашар дамыған қосалқы кәсіпшіліктер. Импортының негізін жанар май, тыңайтқыш, азық-түлік, құрал-жабдық, электроника құрайды. Басты теңіз порттары – Могадишо, Кисимайо, Бербера. Темір жолы жоқ, автомобиль жолдарының ұзындығы 20 мың км-ден астам. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. 550 АҚШдоллорна тең. Негізгі сауда серіктестері Сауд Арабиясы, АҚШ, Йемен, Кения, Еуроодақ елдері.

Ұқсас сұрақтар

127,728 сұрақ
322,322 жауап
153,203 пікір
72,717 қолданушы