Сіздің қойып отырған сұрағыңыз бойынша толығырақ айтқанда:
Мемлекет басшысының Жолдауында жұмыссыздық деңгейін төмендету арқылы халықтың әләуқатын арттыру үшін тірек ауылдық елді мекендерін кешенді дамыту арқылы жүзеге асыру тапсырылған болатын.
Тіректі елді мекен – алдағы уақытта жаңғыртылған әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы бар, сонымен қатар алдыңғы қатардағы өндірістердің және тек ауыл тұрғындарғы ғана емес барлық жұмысқа орналасуды қажет ететін азаматтарды жұмысқа тартатын орталығы болып табылады.
Қазіргі таңда облысымызда барлығы 263 елді мекен бар. Осы елді мекендердің ішінен шикізаттық, инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік қуаты және басқа да негізгі факторлары есепке алынып, 43 елді мекеннің белгіленуі жоспарлануда, оның сегіз ауылы бойынша жұмыстар 2014 жылдан бастап іске асырылады.
Атап кетсек: Арал ауданында – Сексеуіл кенті, Қазалы ауданында – Жаңқожа батыр ауылы, Қармақшы ауданында – Төретам кенті, Жалағаш ауданында – Мәдениет ауылы, Сырдария ауданында – Ақжарма ауылы, Шиелі ауданында – Еңбекші ауылы, Жаңақорған ауданында – Түгіскен ауылы және Қызылорда қаласында – Тасбөгет кенті.
Нәтижесінде, осы елді мекендердің тұрғындарын жұмыспен қамту және әләуқатын жақсарту мақсатында инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асыру, сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту мақсатында өндіріс орындары ашылуы жоспарлануда. Қаржыландыру көздері республикалық, облыстық, аудандық бюджеттері және мемлекеттік-жеке әріптестік қаражаттары есебінен қарастырылады.