+4 дауыс
453 көрілді
Сұрақ-Жауап сайтында өз логинінді яғни сен туралы барлық ақпаратты жоюға бола ма?

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап

Сұрақ-Жауап сайтында өз логиніңді өшіру қарастырылмаған. Яғни қарапайым қолданушы өзінің логинін өшіре алмайды. Сайттың барлық ақпараты жинақталған деректер қорын бақылап, реттеп отырғандықтан мен базаға кіріп қолданушыны өшіріп тастай аламын.

Тек 1-2 жағдайда ғана өшірілетін болады:

- Егер сіздің жеке басыңызға қатысты кедергілер келтіретін болса онда сұраныс бойынша өшіріп тастай аламын;

- Сайттың ережесіне қайшы келетін әрекеттер жасаса ғана.

Қолданушы туралы ақпаратқа келетін болсақ. Барлық тіркелген қолданушылардың ақпараттары сайтта сақталады. Мейлі 2-3 жылдан кейін сайтқа қайта оралса да, барлық ақпараттар орында тұрады. Эл почтаңыз ешкімге бірілмейді, өзіңіз кейін сайтқа кіру үшін қолданылады. Тіпті сайт модераторлары да сіздің почтаңызды көре алмайды.

Сайтта жазылған жауап пен сұрақ іздеу сайттарының деректер қорына алынып кеткендіктен біз оларды өшіре алмаймыз. Себебі индексациядан өтіп кеткен ақпаратты кейін іздеу сайттары таба алмай 404 Бет табылмады қатесі шыға бертін болса, сайттың сенімділігіне нұқсан келеді. Сондықтан ақпараттарды өшірмеуге тырысамыз. 

Сайттан өшірілген қолданушының ақпараттары сайтта Белгісіз деген қолданушының атына автоматты ауысып кетеді.

Оны сұрагған себебім Атымды өзгерте алмадым Сіз Админсіз гой. атымды өзгертесіз ба.
Белгісіз
Сенікін өзгертіп берген соң, басқалары да өзгертеміз деп шығады ғой. :) Неге екендігін маған Кері байланыс арқылы жазып жіберсең, қарастырып көремін.
...