Саламатсыз ба?! Қазіргі таңда 2004 жылғы кезекте тұрған азаматтардың өтініштері қанағаттандырылып жатыр. Ал, 2007 жылға дейінгі кезекте тұрған азаматтардың саны 16 366. Заңға сәйкес, қандай да бір объектілерге берілетін жер учаскелері бекітілген қала құрылыстық құжаттарға, яғни бас жоспарларға, даму сызбаларына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкес табысталынады. Сонымен қатар, өтнімдер арнайы есепке алынып және жеке тұрғын үй құрылысы үшін табысталатын алаңдардың дайын болуына қарай берілетін болады.